400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Спорт-денсаулық кепілі!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар ежелгі адамдардың өмірі , ежелгі артефактілер және қалалар , отырықшы және көшпелі өмір сүру салты туралы біледі. Отбасылық қарым-қатынас, мемлекеттік және ұлттық мерекелер, өз өңіріндегі көрнекі жерлер, қоғамдық орындар мен мектептегі әдептілік ережелерін біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы

Бесқарағай ауданы,

Глуховка ауылы,

«Глуховка орта мектебі»КММ

Байтугелова Жадра Кабылбековна

Бастауыш сынып мұғалімі, педагог –эксперт

тел: 87474078859, 87054045707

Эл.пошта: zhadra.baitugelova@mail.ru


«Мыңжылдықтың дана ғұламасы» Әбу Насыр әл – Фарабидің 1150 жылдығына арналған сыныптан тыс іс – шара


Мақсаты:Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл – Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беріп,ғұламаның жан – жақты ерекше тұлға болғандығын анықтау мақсатында ізденіс жүргізу.

Барысы:

Жоспар:

1.Әбу Насыр Әл – Фараби туралы мәлімет

2.Ғұлама туралы сұрақ –жауап (көрермендер арасында)

3.Әбу Насыр Әл Фараби поэзиясынан үзінді

4. «Ғұламаның арманы» туралы көрініс

5.Қорытындылау

  1. жүргізуші: Отырар қаласы тумасы

Шығыстың ғұлама тұлғасы

Қазақтың жарық жұлдызы

әл- Фараби бабамызға 1150 жылдық мерейлі күнінің мерекелік кешіне қош келдіңіздер!

  1. жүргізуші:

Жақындатып өткенге, кеткенге енді

Рухты жаңғыртып, әлемге көктен берді

Білім отын жандарап өткен екен,

Әл – Фараби бабамызкөптен бері

Осы еді ғой күткені көптен елдің – деп, әл-Фараби туралы қысқаша мағлұматты 3 сынып оқушысы Адылханова Дильназдың баяндауында қабыл алыңыздар!

Дильназ:

«Тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған,батыс пен шығысты білімімен бас идірген Әбу Насыр әл- Фараби қазақ жерінде, Отырарқаласында 870 жылы дүниеге келген.Фарабидің толық аты- жөні - Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед Ибн Тархан ұзлағ әл – Фараби ат Түрки.

Әл –Фараби түркі тайпасының әулетті отбасында дүниеге келген, әкесі әскербасы болған.Руы қаңлы – қыпшақ.Әкесі әскербасы болғандықтан, жас Мұхаммедтің де жауынгершілік, соғыс өнерінен хабары болған.

Бала Мұхаммед қал медреселерінің бірінен сауатын ашып,хат танып,Отырар кітапханасынан мол қорын сусындап өскен.Тіл үйренуге жастайынан көңіл қойған. Араб тарихшысы ибн Халликан «Әл – Фараби 70 – ке жуық тіл білген» деп жазып қалдырған. Әсіресе,түркі тілін, араб, парсы, грек тілдерін жетік меңгерген.

Әбу Насыр әл –Фараби 12 жасында ғылым – білім іздеп Бағдадқа аттанған. Бағдад шаһары ғылым мен өнерге ден қойған адамдарға қақпасын кең ашып, оларға ғылыммен айналысу үшін бар жағдай жасаған.

Әбу Насыр әл-Фараби өте кішіпейіл, барға қанағат қылатын, қарапайым киінген ер мінезді жан болған.

Ұлы ғалымның ұшан теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып,бүгінгі ұрпақтың қолына тигені 40-қа жуық шығарма деуге болады. Осы 40 шақты еңбегінің өзі-ақ әл –Фарабидің энциклопедист ғалым екенін дәлелдейді.

Әл –Фараби ең алдымен кезінде «Шығыстың Аристотельі» атанған есімі әлемге мәшһұр философ болды.

Ғұламаның әлеуметтік – қоғамдық және этикалық көз – қарастарын танытатын туындылары да аз емес.Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы», «Бақытқа жол сілтеу», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» деген сияқты еңбектерінң мән ерекше зор.»

1-жүргізуші:Иә,туған жерден шалғайда жүріп, бар өмірін ғылым – білімге сарп еткен әл- Фараби қартайған шағында өз елінің керуен – кіре тартып жүрген адамдарын кездестіріп қатты толқиды.Ел – жұртының хал -жағдайын тәптіштеп сұрап,көңіл орнықтырған соң, қоштасарда өзінің жан серігі – «қыпшақ» деп аталатын домбырасының бетіне:

«Айналайын, атам қыпшақ,

Туған жерім сағындым.

Өз атыңа, үрметіңе

Қайда жүрсем бағындым!! – деп жазып, туған жері мен еліне сәлемдеме белгі ретінде беріп жіберген екен.

2-жүргізуші:Туған жер қашанда ыстық қой.Ендеше әл –Фараби туралы бейнефильмге назар аударыңыздар!

1- жүргізуші:Бейнефильмді мұқият көрген болсақ , сіздерге біраз сұрақтар қойсақ. «Кім жылдам» деп аталатын бұл ойында ең көп сұраққа жауап берген білімгер жеңімпаз атанады.

1.Шығыстың Аристотелі кім?

2.Әл – Фарабидің толық аты – жөні?

3.Әбу –Насыр әл-Фараби қандай тілдерді меңгерген?

4.Әбу –насыр әл –фараби қай қалада дүниеге келген?

5. Әл –Фараби қай жылдары өміір сүрген?

2 – жүргізуші: Керемет!

1 – жүргізуші:

Барлық поэтикалық шығармалар бір нәрсені қиялмен жақсы бейнелеу ұшін ғана шығарылған.Келесі кезек,ғұламамыздың лирикалық сәлемін қабыл алыңыздар!

Оқитын: 3 сынып оқушысы Сайлаубекова Еркежан

Қашықтасың туған жер – қалың елім!

Небір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен, қанатым талды менің,

Шаңқыт жолға қарауменен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,

Қасіреттің жасына көз жуынар.

О,жаратқан, көп неткен ақымағың,

Құм сықылды тез ысып,тез суынар.

Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,

Әкімдіккекүллісі жүгіреді.

Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,

Жаным менің түршігіп, түнереді.

Тамылжып бал тыныштық айналамнан

Тылсым түнге құшағын жайған далам

Мен жатырмын ұйқысыз жапа – жалғыз,

Жанымды ой жарығы аймалаған.

Аққан жұлдыз құласа кейде егер,

Сенің нұрлы бейнең болып кеудеме енер.

Әлде қайда ғайыптан ынтызар ғып,

Өмірде бір ғажап сәуле берер.


Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзіңді

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті, кейде болса әзәзіл азғырған.

Өрге жүзген өнегелі ісімен

Таңда да ал дос, өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.


Қағаздаң түсіп бетіне,

Сызықтан бейне тартылған.

Сап болып жігер сарқылған,

Кездейсоқ өмір өтіне

Қайыспай тұрса нар тұлғаң.

Сонда беріп кетеміз молында,

Армандап аңсап өтеміз,

Біз ұлы мұрат жолында!

2-жүргізуші:

Сенен табам, асыл үлгі іздесем,

Сен деп білем, алтын бесік – ел көсем.

Өткен күннен белгіболар тарих бар,

Мекендеген бабалармен тілдесем.- дей отырып, «Арман» атты көрініске кезек берсек.(кейіпкерлері 3 сыны оқушылары: Автор – Кенесбаева Гулназ,қария – Тлебалдин Жангелді, Дойыл – Қызырбекова Мөлдір, Әбу – Нариманов Асанәли)

Автор:

Ерте,ерте,ертеде Отырарда,

Біздің іңкәр өлкеде,

Иық бұрмай тек білімнен басқаға

Қатар өсті екі бірдей жас бала.

Қатар жүріп, сан өнерге машықты,

Бірге оқыды,бірде ойнады асықты.

Екеуіне назар бұрды ел ерек,

Өйткені олар дарынды еді керемет.

«Таңдайымыз өрісті оймен татымақ»,

Деп қуана езу тартты атырап,

Ал дарындар медресені тауысты

О екіге жасы ілікпей жатып-ақ.

Сыбағасын тағдыр дара бөлгендей,

Өсе берді төске шауып, төрге өрлей,

Екеуіне қараған жұрт сүйсінді,

Отырардың болашағын көргендей

Отырарда жаныжайқын дария,

Ойы безбен бар еді бір қария.

Сол қария бір күні екі шәкіртті,

Құрметпенен өз үйіне шақыртты.

Қария:

-Балақайлар,балапандар, көк өрім,

Сендерге бір сауал қойсам деп едім,

Туған жан едп өнерімен,өртімен

Екеуіңді сөз етіп жүр ел түгел.

Мен де танып білсем деп ем, Кімсіңдер?

Қандай арман жетегінде жүрсіңдер,

Қандай бағыт ұстайсыңдар түбінде,

Сонша неге құштарсыңдар білімге?

Қане,Дойыл, сен айтшы?

Дойыл:

-Жалғыз арман бар менде,

Шектестін қулықпен де, ар мен де

Жалын иі ашса өнерімнің өрнегі

Сонау Йемен,Мысыр, Бағдад елдері

Түгел танып жыр ететін таңдана,

Саудагер деп шықсам деймін,жан баба.

Тірлігімде жабырқамай, жасымай,

Ата жолын қусам деймін осылай.

Бой шалдырмай бос мақтан мен өсекке

Өмірімді құрсам деймін есепке.

Ұтыласың ,жебемесе желекті ой,

Бұл өнердің табиғаты ерек қой.

Қаншама елмен сауда- саттық жасауға

Соншама елдің тілін білу керек қой

Табу үшін жұрт таппаған айланы,

Көру үшін жұрт көрмеген пайданы,

Шығу үшін жұрт шықпаған белеске,

Жұрттан асқан білім керек емеспе?

Тілін тапсаң кім созбайды қол ұшын,

Өнер қажет, білім қажет сол үшін.

(қарт күрсінді)

Қария:

Ұлым, желік қуыпсың!

Неге мұнша желтоқсандай суықсың?

Барымызға туған дарын болар деп

Қуанып ем,

Сорымызға туыпсың.

Сор боларсың одан ен мән табарсың,

Арманыңды,бәлкім, қайта қарарсың?

Автор:

Бірақ дойыл тұрып алды паңдана

Дойыл:

Арманымды өзгерте алман,жан баба!

Қария:

-Ал сен қалай бағыттадың нұрыңды,

Жасырмай айт,

Жасқанбай айт сырыңды-

Автор:

Деп қария Дойылмен бір отырған

Ұяң шәкірт жас Әбуге бұрылды.

Әбу:

Менде де бар бір арман,

Маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан

Ұлы баба, бірақ менің арманым

Парыз бенен махабаттан құралған.

Шамын жақсам ғылым мен өнердің,

Елімді зор мерекеге бөлермін.

Бұл сапарым азапты да шығар –ау,

Не де болса пешенемнен көрермін.

Мейлі мәңгі жарымайын киімге,

Мейлі түйір нан қалмасын үйімде,

Мейлі ұлының еңбек етіп арымен

Жүргендігін ұғынбасын қалың ел.

Қарлы боран қыран жолын бөгер ме?!

Өнеріммен тосып толам кемерге.

Мен өзіме риза емеспін, елімнің

Сүйеніші бола алмасам егер де.

(қарт жымиды)

Қария:

-Бәрекелді, жаз жайраң!

Көл болмаса тояттайды қаз қайдан?

Біреуңнің арманыңнан шошып ем,

Бірің, міне, еттің лезде мәз – мейрам.

Бірің үшін күрсінумен өтермін,

Бірің үшін сүйсінумен өтермін,

Сөйте - сөйте менде өмірден кетермін.

Беттеріңнен жарылқасын, тәңірім,

Ал, жарайды, батам осы, барыңдар,

Отырарда туған ұлы дарындар!

Автор:

Әжуасын әжіміне жасырып,

Жылдар ақты,

Жылдар ақты асығып,

Жалын еді- ау арманы айқын ,өр көңіл,

Екі досты екі арнаға бөлді өмір.

Дойыл солай өзгертпеді шешімін,

Дәулет оған жылдам ашты есігін.

Өнері асқан саудагердің көп өтпей

Бағдад, Мысыр түгел білді есмін.

«Есепсіздің несібесі озар ма?»

Әйелін де баулыды ол со заңға,

Қонаққа арнап асылатын етті де

Өзі салып беріп жүрді қазанға.

Тек байлыққа деген жұтаң сараңдық

Жіберді оның бар өнерін қараң ғып.

Міне осылай жазық дарын, жас тұлға

Ұшырады әбілетті тозғынға.

Саудагерді өзге түгіл өзінің

Ұрпақтары кетті ұмытып аз жылда.

Ал Әбу ше?

Кеңге жайды ол қанатын,

Әбуіміз -әрі ғалым, әрі ақын,

Әбуіміз –біздің ұлы бабамыз

Әбу Насыр Әл – Фараби болатын.

1 –жүргізуші:

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

2-жүргізуші:

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда

1-жүргізуші:

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Екі жүргізуші бірге: Үлкен арман керек екен адамға.

1 – жүргізуші: Әл – Фараби бабамыздың аты 1150 жыл болса да өшкен жоқ.Себебі,оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар.Адамның байлығы да, бақыты да, атақ – даңқы да, ол – білім.Білім – таусылмайтын байлық.

2- жүргізуші:«Мыңжылдықтың дана ғұламасы» Әбу Насыр әл – Фарабидің 1150 жылдығына арналған сыныптан тыс іс – шарамыз соңына жетті.Назар қойып тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі