400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ашық сабақ Спорт жарысына қатысамын Сөз құрамы Түбір мен қосымша

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні:

Қазақ тілі

Мұғалімнің аты – жөні: Алмаханова Р Сынып: 2 «А»

Сабақтың тақырыбы

Спорт жарысына қатысамын Сөз құрамы Түбір мен қосымша

Оқу мақсаты

2.1.4.1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөл шерін сақтап, олар ды байланыстырып көлбеу таза жазу

2.4.2.1 – мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату

Сабақ мақсаттары

Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин






Шаттық шеңбері.

Алақанды ашайық,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп достарға,
Біз сабақты бастайық.



Топтарға бөлу. «Гүл күлтешелері» арқылы топқа бөлу.



Өткенді пысықтау.

Ой қозғау.

«Әріптерден сөз құрау»

Түймедақ күлтешелерінен әріптерді тауып,оларды құрастыру



ҚБ «Қол шапалақтау» әдісі


Футбол,Хоккей,Бокс,Шаңғы

-Бұлар қандай ойын түрлеріне жатады?

-Тағы қандай спорттық ойын түрлерін білесіңдер?

-Спорттық ойындардың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?


Шыққан спорт ойындары арқылы топқа ат беру

Осы ойындарды ойнайтын адамды кім дейміз?

Футболшы,Хоккейші,Боксшы,Шаңғышы

Балалар міне сөз құрамында өзгеріс пайда болды.Бүгінгі сабағымызда осы сөз құрамының жасалу жолдарын білетін боламыз.

Білу және түсіну

Бейнеролик көрсету «Түбір мен қосымша»

Өз топтарының түбірі мен қосымшасын ажыратады.


Суреттер


Гүл күлтешелері













Слайд


Сабақтың ортасы

30 минут
















Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

32. Кестедегі сөздерді оқы.

Сөздер

Түбір

Қосымша

Шаңғышы

Шаңғы

-шы

Апталық

Апта

-лық

Күні

Күн

-і

Палуандар

Палуан

-дар







Топтық жұмыс.

«Жариялау» әдісі

Түбір сөздің мағынасы бар ма? Қосымшада ше?


\Ереже:

Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір немесе түбір сөз дейді: күн, жыл, спорт, палуан.

Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейді: күні, жылдар, спортшы, палауандар.

Выгнутая вверх стрелка 1 Түбірдің белгісі- : күйші.

Дескриптор Білім алушы

  • оқулықтағы негізгі тапсырма мен танысады

Кестедегі негізгі сөздерді оқып, түбір мен қосымшаны ажыратады.


Қолдану Тыңдалым

33-жаттығу. Тақырыбы бойынша мәтіннің не туралы екенін болжа. Мәтінді тыңда. Топтық жұмыс.

Мәтінде не туралы айтылған?

  • Мәтінді өзің әрі қарай жалғастыр.

  • Тәукенің бұдан кейінгі әрекеті қандай болады деп ойлайсың?

  • Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді түбір мен қосымшаға ажырат.


Дәптермен жұмыс.


34-жаттығу

Зуылдайды зырқырап,

Маңдайдан тер бұрқырап.

Шаңғым асар шаршамай,

Бір қыраттан бір қырат.



Дескриптор Білім алушы:

-өлеңді көшіріп жазады

-әріптердің байланысын сақтайды;

-қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратады


35-жаттығу. Ребусты шешу. Шешуі: Намыс


Дескриптор:

-Ребусты шешеді

-Шешуіндегі сөзге әңгіме құрайды

«Кім жылдам»ойыны.

Берілген қосымшаға сәйкес келетін түбірді тап.

-шы, -ші -лар, -лер

оқу бала

қой көше

төре дәрі

сылақ дәрумен

би алма


-қа, -ке -ның, -нің

жас ақпан

күрес ана

бақ көгершін

көк түйе

арт ойын

ҚБ «Қол шапалақтау» әдісі


Оқулық












Слайд



























Слайд






Плакаттағы

тапсырмалар




Слайд




Сабақтың соңы

5 минут

Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

«Артығын тап» ойыны


Дескриптор:

-берілген сөздерден артық сөздерді табады

-неліктен артық екенін анықтайды

Бағалау парақшасы

«Аяқталмаған сөйлемдер»

Бүгін мен ...................білдім.

............. қызықты болды.

............. қиын болды.

......... менің қолымнан келді.

Менде бүгін ........ сәтті шықты.

Менде бүгін ......... сәтісз шықты.


Слайд

Плакат








Жекеленген оқушы

ларға көмек көрсету,

сұрақты қайталау, бағыт беру,жолдасы

ның көмегін ұсыну. Топтың жалпы ұпа

йын есептеу, топтық

жұмысты тексеру,

ойын барысында көршісіне қолдау

 көрсету, белсенділік таныту.

Бағалау –

Оқушылар топтасып жұмыс жасаған уақытта ұпай арқылы бағалау. Жеке жауап бергенде комментарий беру арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыс жасау барысын, іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: №36,19-бетте.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
445
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі