400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ашық сабақ. Спорт жарысына қатысамын. Сөз құрамы. Түбір мен қосымша.2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажыратады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Спорт жарысына қатысамын.

Сөз құрамы. Түбір мен қосымша.

Мұғалімнің аты-жөні: Уалханова Б.А

Күні: 22.01.2019 ж

СЫНЫП: 2


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.4.1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырыпкөлбеу және таза жазу

2.4.2.1 – мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Ережелерді нақты айта алады. Мысал келтіте алады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады.

2. Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазады.

3. Мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажыратады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, постер, жариялау әдісі, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, информатика.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

«Өзі туралы кластер» әдісі.

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б

Жұпқа бөлу. Шаңғы, спорт, шаңғышы, спортшы. (түбір, қосымша болып жұпқа отырады) .

Үй тапсырмасын тексеру.

31- жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау.

«Постер» қорғау.

Shape2

«Өзі туралы кластер» әдісі.





сөздер


Бағалау.

Бокс қолбағы арқылы бағалау.





Жаңа білім

10 минут







Білу және түсіну.

Қызығушылығын ояту. Ребус шешу.

(Сөз құрамы. Түбір мен қосымша)

Бейнеролик. « Білгенге маржан»

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

32-жаттығу. Кестедегі сөздерді оқы.

Сөздер

Түбір

Қосымша

Шаңғышы

Шаңғы

-шы

Апталық

Апта

-лық

Күні

Күн

-і

Палуандар

Палуан

-дар

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі.

Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша ережемен жұмыс жүргізу.

Түбір сөздің мағынасы бар ма?

Қосымшада ше?





Оқулық,

мәтіндер.





Шаңғы арқылы бағалау.

Ортасы

10 минут






Қолдану.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

«Жариялау» әдісі.

Берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.(

33 – жаттығу.Тақырыбы бойынша мәтіннің не туралы екенін болжа. Мәтінді болжа.

  • Мәтінде не туралы айтылған?

  • Мәтінді өзің әрі қарай жалғастыр.

  • Тәукенің бұдан кейінгі әрекеті қандай болады деп ойлайсың?

Дәптермен жұмыс. «Әдемі, көркем жаза білейік» әдісі.

34- жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу.

«Кім тез?» ойыны.

35- жаттығу. Ресбусты шеш. Шешуіндегі сөзге әңгіме құра. «Намыс»


Оқулық,



Коньки арқылы бағалау

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті "Хоккей" ойыны. Екі топқа бөлініп, қай топ сөз көп кіргізеді, сол топ жеңіппаз болады. ( Түбір мен қосымша сөздер берілген)

Хоккей шайбалары

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез .

«Ойлан, тап» әдісі.

36 - жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Кімнің ұшқыр ойы?

Сайысатын кімдер, айт,

Мұзда үш кезең бойы? (Хоккейші)

Тақтамен жұмыс. Жеке жұмыс.

Шаңғы, спорт, футбол, бокс.

«Мен спортты ұнатамын» ойыны. Сұрақтарға жауап беру.

  1. Түбір сөз дегеніміз не? Мысал келтір.

  2. Қосымша дегеніміз не? Мысал келтір.

  3. Қосымшаның қандай түрі бар? Атап бер.

  4. Сөз құpaмына не жатады? Атап бер.

Топтық жұмыс




Ракетка арқылы бағалау



Кері байланыс

3 минут

«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

« Сәре, мәре» әдісі. Шаңғышылар мәреге жетті ме, әлде ортада немесе сәре де , оқушылар өздерінің бағалайды.

Рефлексиялық шеңбер


Үйге тапсырма: 37 – жаттығу, 19-бетте.

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер

енгіздім жəне неліктен?




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

















Майлин атындағы мектеп – балабақша кешені. КММ







Бекітемін:

Мектеп директоры: Б. Темирбеков

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі: Б. Ахметкалиева











Спорт жарысына қатысамын.

Сөз құрамы. Түбір мен қосымша..

Ашық сабақ.

2-сынып.













Өткізген: Уалханова Б

2018 – 2019 оқу жылы.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
2945
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі