Пән мұғалімі Г.Б.
Ажимкина
Сабақ тақырыбы:
Спортзал.
Мақсаты: оқушыларды мектептегі
спортзалдың жабдықтарымен таныстыру, сөздік қорын байыту,қазақ
тілінде спортзалдың жабдықтарын дұрыс атай білуге
үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: спортзал тақырыбына жаңа
сөздермен оқушыларды таныстыру,жұптық жұмыс,жеке жұмыс арқылы
меңгерту.
Дамытушылық: лексикалық тақырып бойынша
ауызекі сөйлеу тілін дамыту.Сөздік қорын пайдалана отырып,өзара
қарым-қатынас жасату.
Тәрбиелік: спортпен айналысу керектігін
ұғындыру, «Дені саудың-жаны сау»салауатты өмір салтын
насихаттау.
Сабақтың
түрі: жаңа
сабақ.
Сабақтың
әдіс-тәсілі: тренинг, «ой
шақыру»,сұрақ-жауап, «Оқы.Біл.Бөліс»,слайд, «Білім
банкі»қорапшасы.
Көрнекілік: интербелсенді тақта, оқулық ,
стикер, спотрзал суреттері.
Сабақтың барысы:
1.
Ұйымдастыру. Амандасу. Тренинг «1,2,3,4» »
Оқушылар көңіл-күйлерін білдіреді. (Бармақ
көрсету)
2. Өткен тақырыпты еске
түсіру: Мұғалім: Өткен тақырып бойынша
білімдерімізді еске түсірейік: (слайд-1 ) Қуанышты сәтті –көрсету.
Жақсылық –туралы өз ойларын жеткізу. Денсаулық туралы өз ойларын
айтқызу, «Дені сау адамды» көрсету. Қане, кім көрсетеді? Қуанышты
сәтті – көрсету. Жақсылық – туралы өз ойларын жеткізу. Денсаулық
туралы өз ойларын айтқызу, «Дені сау адамды»
көрсету. Жетонмен
бағалау.
3. «Ой
шақыру» әдісі. Мұғалім: Олай болса,
адам үшін денсаулықтың маңызы өте зор. Денсаулығымызды қалай күтуге
болады? Денсаулықты сақтау үшін қалай тамақтану керек, немен
айналысу керек? Қандай спорт түрлерімен айналысады? Қандай спорт
түрлерін білесіздер? Спорт түрлерімен айналысу үшін адамдар қайда
барады? Оқушылар жаңа тақырыпты ашады
Жетонмен бағалау.
4. Жаңа тақырып «Спортзал»
тақырыбы ашылады. Мұғалім: Спортзал – арнайы спортпен
шұғылданатын орын. Адамдар бос уақытында немесе арнайы өз
денсаулығына көңіл бөлетін адамдар спортзалдарға барып, дене
жаттығуларымен, түрлі спорт түрлерімен
айналысады. Енді қазіргі заманға сай
жабдықталған спортзал түрлеріне назар аударамыз. (слайд 2) Спортзал
түрлері, спорт құрал-жабдықтар аудармасымен
көрсетеді.
5.
Құрал-жабдықтарға сөздік
жұмыс. (слайд 3)
Мұғалім: Қазір дәптермен жұмыс
орындаймыз. Доп-мяч, шеңбер, құрсау –обруч, секірітпе- скакалька,
гимнастикалық бөрене - гимнастическая бревна, белтемір- турник,
гимнастикалық қабырға – гимнастическая
стенка.
6.
Сұрақ-жауап: Мұғалім: Енді өзіміздің
спортзалымыз туралы не білеміз? 1. Біздің мектепте спортзал бар
ма?
2. Спортзал қандай? 3. Қандай
құрал-жабдықтар бар?
7. «Сәйкестендіру»
әдісі бойынша оқулықтағы 4- тапсырма
суреттегі спортзалдағы оқушылардың іс-әрекеттін сәйкестендіреді.
Жетонмен бағаланады.
8. «Оқы. Біл. Бөліс»
әдісі бойынша оқушылар 5-тапсырма
мәтінмен жұмыстанады. Мәтінді оқып, тыңдайды.
«Сен маған-мен
саған» әдісі арқылы оқушылар мәтін
бойынша өзара сұрақ қойып, жауап алады. Жетонмен
бағаланады.
9. Тақта мен дәптермен
жұмыс. «Спортшы» сөзі беріледі,
оқушылар фонетикалық талдау жасайды.
10.
Қорытынды. Бекіту сұрақтары: 1.
Спортзалдың қандай түрлерін білдіңіздер?
2. Қандай құрал-жабдықтармен
таныстыңыздар?
3.
«Білім банкі»
қорапшасы - сөздікпен
жұмыс.
11. Бағалау
–жетон.
12. Үйге тапсырма «Біздің спортзал» эссе
жазу
13.
Рефлексия « Сабақтан соң менің көңіл
–күйім...» -стикер жапсыру