400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. С.Сейфуллин «Наурыз» 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдерімен тәжірибе бөлісу үшін салынды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 11.03.2016

Сыныбы: 4

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Наурыз»

Сабақтың мақсаты:

1. Өлеңнің мазмұнын ашып түсіндіру, мәнерлеп оқуға үйрету. С. Сейфулиннің өмірімен таныстыру.
2. Өлеңдегі ойды жеткізе білу қабілеттерін дамыту, танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
3. Табиғат өзгерістерін түсіне білуге, қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: тірек - сызба, С.Сейфуллин суреті, Наурыз көрінісі,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері

- Сәлем досым! (қолын алады)

- Қалайсың? (арқасынан қағады)

- Сен қайда болдың? (құлағынан тартады)

- Келдің бе? (құшағын ашады)

- Жарайсың! (құшақтасады)


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
М. Дулатовтың «Наурыз» өлеңін жатқа сұрау.

«Қалам жинау» әдісі арқылы

Өлең не жайында екен?
Наурызда қандай өзгерістер болады екен?
Жыл басы, Жан - жануарлар ұйқысынан оянады,
Ұлыстың ұлы күні,
Көктемнің алғашқы айы, Күн мен түн теңеледі

ІІІ. Жаңа тақырыпты игеруге дайындық
- Балалар жаңа сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық. Ол үшін жасырынған суреттерді таңдау арқылы бөлінеміз. Енді алған суреттерімізді қарайық. Қай ақынның суреті түсті.

Ендеше сендер де екі ауыл балалары болып топқа бөлініп, наурыз мейрамына қатысасыңдар.
І. Міржақып ауылы
ІІ. Сәкен ауылы.

Ендеше сабағымызды әнмен бастайық.
«Наурыз» туралы ән
Балалар бүгін біз «Наурыз» туралы алған білімімізді одан әрі кеңейте түспекшіміз.

IV. Жаңа сабақ

Бүгін біз С. Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңімен танысамыз.

С. Сейфуллин – қазақтың көрнекті ақыны, драматург және қоғам қайраткері. Мен сендерге Сәкен Сейфуллин туралы алдын ала мәлімет жинауға берген болатынмын. Ендеше сол мәліметтерінді түйіндеп, Сәкен туралы алған білімімізді топтастырайық.

Ассоция құру

Өлеңді мәнерлеп оқып беремін

Өлеңде қандай мейрам жайлы айтылған?



Біз Міржақып Дулатов және Сәкен Сейфуллиннің Наурыз өлеңімен таныстық. Ендеше осы өлеңді салыстырайық:

М. Дулатов. Наурыз

С.Сейфуллин. Наурыз

Адамда да, мал да жадырап жүр

Мал мен жан қуанып жүр















Өлеңдегі адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын кеіптеу.

Жаз ---------құшақтайды, бетінен сүйеді

Су --------- ағады, сылдырлайды

Құстар -------шаттанады, сұңқылдайды

Мал --------жадырап жүр далала


V. Сергіту сәті

Тренинг

«Жунглидағы жаңбыр» ойыны
-Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз) .
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.


VI. Көрініс (сахналау)

Күн мен Түн шығады ортаға.
Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең, күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек бірақ.


VІІІ. Сабақты бекіту

Балалар мен сендерге өткен сабағымызда наурыз туралы қосымша мәлімет жинақтауға берген болатынмын. Ендеше сол наурыз туралы жобамызды топ болып қорғайық

2 топ қорғайды.

1.Наурыз туралы мәлімет

2. Наурыз туралы өлеңдер

3. Наурыз –жыл басы (эссе)

4.Ұлттық салт-дәстүрлер

5. Ұлттық киімдер

IX. Қорытынды. Сөзжұмбақ

X. Бағалау

XI.Рефлекция


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі