Материалдар / Ашық сабақ: Статистикалық мәліметтерді кескіндеу: 9 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ: Статистикалық мәліметтерді кескіндеу: 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр түрлі формада берілген статистикалық материалдарды – газете, журналда, теледидарда және т.б. мәліметтердің қайнар көзінде үнемі кездестіріп отырамыз. Өмірде оқиғаларды сараптап, өз шешіміңді қабылдай білу үшін әр адамға ықтималдық интуиция қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2021
377
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің аты – жөні: Құрманғалиқызы Айгерім

Сыныбы: Пәні: алгебра


Сабақ тақырыбы:

Статистикалық мәліметтерді кескіндеу

Сабақ мақсаты:

Нүктелік, сызықтық және бағанды диаграммалар салу үшін қажетті білімдерін кеңейтіп, гистограмма дегеніміз не екенін біліп, оны салуды және кесте құруды үйрету.

Күтілетін нәтиже: (оқушылардың білім және біліктілігіне койылатын талаптар)

  1. Барлық оқушылар:

Кестені, бағанды, нүктелік және бағанды диаграмманы, гистограмманы біледі.

  1. Оқушылардың басым бөлігі:

Бағанды диаграмма мен нүктелік диаграмманы ажырата білуі керек.

  1. Кейбір оқушылар:

Статистикалық мәліметтерді кескіндей біледі.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

Бағыт - бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.

Сабақта туындаған негізгі идеялар:

Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру. Тапсырмаларды жұптасып орындау дағдысын жетілдіру.

Сабақтың құрылымы

1. Қызығушылықты ояту /5мин/
2. Ой қозғау /5мин/
3. Мағынаны тану /15мин/
4. Талдау /6мин/
5.Сергіту сәті /2мин/

6. Жинақтау /6мин/

7. Үйге тапсырма. Бағалау /1мин/
8. Кері байланыс /2мин/

Негізгі ұғымдар:

Кесте, бағанды диаграмма, нүктелі диаграмма, гистограмма

Қолданылатын әдіс - тәсілдер

«Миға шабуыл», «Постер» әдістері

Керекті жабдықтар

Оқулық: Алгебра 9 сынып А. Әбілқасымова, И. Бекбоев, А. Абдиев, З. Жұмағұлова Алматы «Мектеп» 2009

Интербелсенді тақта, плакат, маркер, сызғыш, кубик, тиын, өлшегіш, стикер, смайлик.

Уақыт


Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті


5 мин





Қызығушылықтарын ояту

Сәлемдесіп, оқушылардың көңіл-күйін сұраймын. Оқушыларды кубикті лақтырып жұп, тақ сандары арқылы жұптастырамын. Тиын мен кубик арқылы қызығушылықтарын оятамын.

Жұптасып отырғаннан кейін берілген тапсырманы орындайды.

5 мин

Ой қозғау

Статистика деген не, қалай түсінесіңдер? – деген сұрақ арқылы оқушылардың пікірін, өз ойларын білемін, толықтырамын.

Берілген тапсырманы уақытылы орындайды, сұраққа нақты жауап береді.Тапсырмаларын бір –біріне көрсету арқылы ой бөліседі.

15 мин

Мағынаны тану

Статистика:

-кесте

-диаграмма

-гистограмма

тірек сызбасы арқылы жұптарға тапсырма беремін.


Берілген тапсырманы уақытылы орындайды. Бір – біріне түсіндіріп, мысалдар келтіреді.

7 мин

Талдау

Оқулықтағы № № № есептеін беремін.

Есептерді шығарады, түсіндіреді.

3 мин

Сергіту сәті

Видеоролик

Оқушылар тынағады

7 мин

Жинақтау

Экранда көрсетілген мақалдың жалғасын тауып, астында жасырылған тапсырмаға постер құрау

Оқушылар тапсырманы орындайды, түсіндіреді.

1 мин

Үйге тапсырма Бағалау

Үйге тапсырма беремін, оқушыларды бағалаймын.

-

2 мин

Кері байланыс

Стикерлерді толтыру

1. Осы тақырыпты оқу барысында не білдім?
2. Статистикалық мәліметтерге арналған сабақ қызықты болды.
3. Бүгінгі сабақ пайдалы, пайдасыз, қызықты, қызықсыз өтті?

Ұсынылған стикерді толтырады.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!