Материалдар / Ашық сабақ "Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама" 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға әдістемелік көмекші құрал.Бұл сабақта әртүрлі интербелсенді әдіс- тәсілдер қолданылды. Сүйекті балықтарға тән ерекшеліктерін,сыртқы және ішкі құрылысын,көбеюін,кәсіптік маңызын оқып үйрену
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
450
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ:

Мектеп: Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің есімі: А.Д.Рахымжанова

Сынып: 7

Қатысқандар саны

Қатыспапағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Сүйекті балықтарға тән ерекшеліктерін,сыртқы және ішкі құрылысын,көбеюін,кәсіптік маңызын оқып үйрену

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар:балықтарды класқа жіктей алады және өкілдерін біледі

Оқушылардың басым бөлігі: әр кластың өкілдеріне сипаттама бере отырып,ерекшеліктерін

атай алады

Кейбір оқушылар:Сүйекті,шеміршекті балықтардың ішкі және сыртқы құрылысын,атқаратын

қызметтерін айта алады


Тілдік мақсат

Оқушылар: балықтарды кластарға жіктеп,олардың тіршілік ету ерекшеліктерін,ішкі және сыртқы құрылысын,қызметін айта алады

Негізгі сөздер мен тіркестер: қуық,уылдырық,торсылдақ,өрістеу,

шоғал,сперматозоид

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік біліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Сүйекті балықтардың шеміршекті балықтардан айырмашылығы не?

Сүйекті балықтарға қандай балықтар жатады?

Сіз неліктен ...екенін айта аласыз ба?

Неліктен балықтар теңіз жағалауында 200 метрге дейінгі қабаттарында көбірек тараған?

Неліктен су түбінде тіршілік ететін балықтарды торсылдақ болмайды?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Сүйекті балықтарды дәптерге жазып алу

Алдыңғы оқу

§40. Шеміршекті балықтар класына сипаттама

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру

Балалар біз Сабындыкөлден бір алтын балық ұстап алдық.Осы алтын балықты бір-бірлеріңе бере отырып,тілек айтсаңдар,тілектерің орындалады.

(оқушылар балықты бір-біріне беру арқылы тілек айтып,аквариумға салады)

2.Оқушыларды топқа бөлу

Оқушыларды нақыл сөздер бойынша топқа бөлу

1-топ. «Балдырлы көлде балық көп»

2-топ. «Бекіренің басы тасқа тимей қайтпайды»

(оқушылардан осы сөздердің мағынасын ашып айтуды сұрау)

Бағалау парағын тарату

3.Үй тапсырмасын пысықтау «Балық аулау»әдісі


1.Балықтарды зерттейтін ғылым саласы

2.Балықтардың денесі қандай бөлімдерден тұрады?

3.Балықтар қалай тыныс алады?

4.Шеміршекті балықтардың сыртқы құрылысына

тән белгілерді атаңыз

5.Акуланың миы неше бөлімге бөлінген?

6.Балықтардың бүйір сызығы қандай қызмет атқарады?

7.Шеміршекті балықтардың терісі неше қабаттан тұрады?

8.Акуланың асқорыту мүшелерін ретімен атаңыз

9.Шеміршекті балықтар қайда тіршілік етеді?

10.Шеміршекті балықтарға қандай балықтар жатады?



Балықтың қиындысы

Аквариум




Нақыл сөздер жазылған қағаз қиындылары


Бағалау парағы




Мұхиттың суреті

Балықтардың қиындысы












Ватман

Маркер

Стикер



















Слайд арқылы




















Карточка


















Тест парақшасы





Бағалау парағы

Ортасы

4.Топтық жұмыс

1-топ.«Фишбоун»стратегиясы

Балықтың басы:Балықтар неше класқа жіктеледі.Әр кластың өкілдерін жазу

Балықтың тұлғасы:Сүйекті балықтарға байланысты әртүрлі дәйектер жазылаы

Балықтың құйрығы:Балықтың адам өміріндегі маңызын жазады

2-топ: «Уақыт желісі» стратегиясы

5.Дара жұмыс:«Суретпен жұмыс»

Оқушылар берілген сандарға сәйкес балықтардың дене құрылысының атауларын жазады.

Жауабы:1-ауыз.2-сүйекті желбезек қақпағы.3-құрсақ жүзбеқанаты.

4-көкірек жүзбеқанаты.5-аналь жүзбеқанаты.6-арқа жүзбеқанаты.7-бүйір сызығы.8-құйрық жүзбеқанаты.

И/Т арқылы көршілерімен алмасып тексеру


6.Жұптық жұмыс «Семантикалық карта»


Белгілері

Шеміршекті

балықтар

Сүйекті балықтар

Скат,акула



Уылдырығының саны көп



Торсылдағы болады



Іштей ұрықтанады



Бахтах,латимерия



Терісі ірі жалпақ қабыршақтармен қапталған



Клоакасы бар бар



Желбезегінің сыртында сүйекті қақпағы бар



Уылдырығының саны аз





Жұппен ақылдасып толтырады.Жауабын И\Т арқылы тексеру


Аяқталуы


7.Дара жұмыс «Білім кілті»

Қорытынды тест алып тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу,саралау


1.Сүйекті балықтардың қазір қанша түрі белгілі?

А)22000 Б)30000 В)20000

2.Балықтардың денесі қандай бөлімдерге бөлінген?

А)Баскөкірек,тұлға,құйрық

Б)Бас,тұлға,құйрық

В)Көкірек,тұлға,құйрық

3.Сүйекті балықтардағы ерекше мүше

А)Бүйір сызығы Б)Шоғал В)Торсылдақ



4.Сүйекті балықтарда алғаш рет пайда болған мүше

А)Желбезек Б)Қуық В)Бүйрек

5.Аталық безден бөлінген сұйықтық

А)Шоғал Б)Уылдырық В)Нәруыз

6.Өрістейтін балықты ата

А)Бекіре,албырт,өзен жыланбалығы

Б)Акула,скат

В)Табан,сазан



8.Формативті,суммативті бағалау

Оқушылардың бағалау парақтарына өз-өздерін формативті бағалау қорытындысын жариялату,талдау жасап суммативті бағалау.

9.Рефлекси «Балық» әдісі.Стикер жабыстыру


Келесі оқуға арналған тапсырмалар (үй тапсырмасы)

§41.Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама

«Балық сұлтаны-бекіре»тақырыбында реферат жазып келу



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!