400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ашық сабақ Сүйікті қалама қызықты саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу.Ересек топ. Кіріктірілген білім саласы:Таным, Әлеуметік орта, Шығармашылық
Материалдың қысқаша нұсқасы

Атырау Бизнес және құқық коледжі



Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Кіріктірілген білім беру салалары: «Танымдық»,«Әлеуметтік»,«Шығармашылық»


Ұйымдастырылған оқу қызметі:«Қарапайым матемтикалық түсініктерді қалыптастыру»,«Қоршаған ортамен таныстыру»,«Жапсыру»


Тақырыбы: «Сүйікті қалама қызықты саяхат»

(ересек топ)





Дайындаған: Ибрашева А.Н.









Атырау 2021ж.

Кіріктірілген білім саласы: «Танымдық»,«Әлеуметтік»,«Шығармашылық»

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қарапайым матемтикалық түсініктерді қалыптастыру»,«Қоршаған ортамен таныстыру»,«Жапсыру»

Тақырыбы: «Сүйікті қалама қызықты саяхат»

Мақсаты: Өздерінің туған өлкелері туралы әңгімелеп айтуға үйрету.Атырау қаласында тіршілік ететін дала құстарды таныстыру.Көрсетілген құстарды 6-ға дейін санату.Балаларға қағазды умаждау арқылы құстың бейнесін жасай білуге,ұқыпты жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Көрнекі құралдар: Слайд,түрлі түсті қағаздар,желім,бұтақтың суреті бар қағаздар.

 Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру (талпындыру)

-Салематсыңдарма балалар!Қанекей бәріміз шаттық шеңберге тұрайық.Бірге қайталаймыз.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты

Бізге шуақ таратты

Жарқырайды даламыз

Жайнай түсті қаламыз

Амандасып,

Шаттық шеңберін қимыл қозғалыспен жасайды.



Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру




-Енді сүйікті қаламызға қызықты саяхат жасайық

- Біздің республикамыз қалай аталады?

- Біздің бас қаламыз қай қалада?

-Жарайсыңдар


-Біздің туған өлкеміз-егеменді Қазақстан.Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел.Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу.Асқар тау,мөп-мөлдір көлдер,неше түрлі өсімдіктер өседі.Жан-жануарлардың алуан түрі тіршілік етеді.Міне осы жерде біздің ата-бабаларымыз,батырларымыз,ақындар туып өскен.


-Балалар біз тұрып жатқан қала қалай аталады

Атырау қаласын слайдпен көрсету



-балалар бұл суретте Атырау қаласында тіршілік ететін құстар бейнеленген

-бұлар су құстары: сұқсыр,гагар,бірқазан,шағала.

-Ал бұл дала құстары: дуадақ,көгершін,,торғай тәрізділер,қарлығаш,қарға


Балалар енді «не артық» ойынын ойнайық

«Не артық?» ойыны

Педагог ойын шартын түсіндіреді.Ойын шарты бойынша тақтаға үш баскиімнің,бір аяқ киімнің суреті ілінеді.Балалар Артық затты табу керек.Солай ойын жалғасады.

-Жарайсыңдар,біздің топтың балдары қандай ақылды.


-Енді мына суретке назар аударайық

-бұл суретте не бейнеленген

-Иә дұрыс,олар қайда отыр?

-Иә олар бұтақта отыр

-Неше құс отыр

-Қане бәріміз бірге санайық


-Балалар осындай құсты жасағыларың келеме,

-ендеше жасап көрейік


Балаларға бұтақтардың суреті салынған қағаздар таратылады,оған құсты қалай жасау керектігін педагог түсіндіреді:

-Қоңыр түсті немесе басқа баланың қалауы бойынша таңдап алған қағаздың үлкен бөлігін алып,оны алақан арасына алып умаждаймыз;

-Қағазды қайта жазып екі рет умаждаймыз,бұл-дайын болған құстың дене бөлігі,оны алдарыңдағы қағазға желімдейміз.

-Енді екінші қағазды алып,оны да умаждаймыз,бұл құстың басы.Оның бір шетінен саусақпен созып тұмсығын шығарып аламызда,дене бөлігіне біріктіріп желімдейміз.

-Артқы жақ бөлігінен созып құйрығын шығарамыз;

-Көзі,тұмсығын және қанатын,аяғын фломастермен сызып бейнелейміз,сонда бұтақта қонып отырған құс пайда болады.

Педагог балалардың шығармашылықпен және өздігінен дербес әрекет етуіне жағдай жасайды.

-Қағазды умаждауда сәтті шыққан жұмыстар мадақталады

-Жәрайсың,өте жақсы шыққан

-Ең жақсы жасалған құсты таңдап көрме тақтасына қойамын.


-Балалар бәріміз орнымыздан тұрып денемізді бір сергітіп алайық

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Қарлығаш боп ұшайық

Бір отырып,бір тұрып

Жақсы сергіп алайық



Билингвалды компонент: асқар тау-высокая гора,құс -птица,



- Қазақстан

- НұрСұлтан қаласы




Балалар педагогті мұқият тыңдайды.









-Атырау қаласы





Балалар педагогті мұқият тыңдайды.








Балалар аяқкиімнің артық екендігін табады.






-Торғай

-Бұтақта отыр

-6 құс отыр

-бірге санайды.





-Жасағылары келетінін айтады.


-Құстың дене бөлігін бөлек жасап,басын бір бөлек қағазды умаждау арқылы жасап алып,оларды белгіленген орындарға желімдейді.





















-Өлеңнің мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.



-









Рефлексия (орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)

- Балалар біз не туралы айттық?

- Балалар, сендерге жасаған құстарымыз ұнады ма?


Балаларды мадақтау.

-Бүгін топта белсенді қатысқан....

-Жарайсың!

- Атырау туралы.құстар туралы

- Иә!

.



  

Күтілетін нәтиже: 

Білді: Атырау қаласы туралы,6-ға дейін санауды,құсты жасаудың ерекшелігін.

Игерді: Құстардың түрлерін,

Меңгерді: Туған өлкенің табиғатын,қағазды умждау арқылы құстың бейнесін жасай білуді









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
856
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі