жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Сүйіспеншілік - өмір негізі"
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: ____________________
Күні: _______________
№:
Мұғалімі: Зұлбұхар Ж. Д.
Сыныбы: 5
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Сүйіспеншілік - өмір негізі
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Сыйластық, мейірімділік, кішіпейілділік
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «сүйіспеншілік» жалпыадамзаттық құндылығы туралы түсініктерін «қоғамға қызмет етудің» мәні мен мағынасын ашу арқылы кеңейту. Сабақтың міндеттері: - «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның қоғамдық қызметін үлгі ету арқылы «қоғамға қызмет ету» түсінігінің мәні мен мағынасын ашу, оқушылардың қоғамға пайдалы қызметтерінің нәтижесін талдау; - қоғамға пайдалы қызмет ету дағдыларын дамыту; - адамдарға, табиғатқа көмек көрсетіп, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) интербелсенді тақта, презентация,
|
Сабақтың барысы:
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. |
5Т – ережесі:
«Тыныштық сәтінің» музыкасы |
2. Мұғалімнің сөзі -Балалар, менің қолымдағы қандай оқулық? -«Өзін-өзі тану» оқулығы. - Біз бұл оқулықты оқу арқылы өзімізге не аламыз, не үйренеміз? -«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы кім екенін білесіңдер ме? Біздің бүгінгі сабағымыз «Өзін өзі тану» пәнін еліміздің білім жүйесіне енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналмақ. Сара Алпысқызы - аяулы ана, еліне еңбегі сіңген қоғам қайраткері. 1992 жылғы ақпан айынан бастап – «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Ол «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен.
|
|
Мұғалім оқушыларға дәйексөз жазылған қима қағаздарды таратып, олардан берілген дәйексөзді құруды тапсырады. «Барлық тіршілік Сүйіспеншіліктен нәр алады. Сүйіспеншілік бар жерде нұр төгіледі» деген С.А.Назарбаеваның айтқан қанатты сөзін құрып, мағынасын түсіндіреді. Сұрақ:
|
|
Бейнебаян бойынша сұрақтар: 1. Балалар, көрген бейнебаян кім туралы болды? 2. Осы бейнебаяннан Сара Алпысқызы Назарбаева туралы қандай мағлұмат алдыңдар? 3. Сара апамыздың бойынан қандай адамгершілік қасиеттерді көрдіңдер? 4. Ол қасиеттерді қалай көре алдыңдар? Қандай іс-әрекеттерінен байқадыңдар? 5. Сендердің бойларыңда осы кісінің қандай қасиеттері бар? |
|
5. Мұғалімнің әңгімесі Отанға деген сүйіспеншілік (аңыз әңгіме) Ерте кезде жиі болатын шапқыншылықтардан әбден шаршаған қазақ елі бір күні жаудың күші ала алмайтындай бір қамал соғуға шешім қабылдайды. Бұл қамалды салу үшін тұрғындар ынтымақмен, бар күш жігерлерін салады. Алайда бұл қамалдың бір жақ қабырғасы еш нық тұрар емес, қайта-қайта құлай берді. Шаршаған жұрт, әбден қажыды. Сонда халық арасынан бір ақылгөй шығып, бұл қамалды нық тұрғызудың амалын білемін дейді. Ол үшін жалғыз ұлы бар ананы тауып, ол ұлын өз еркімен осы қабырғаға тірідей қалауы керек және жігіт те өз еркімен Отан үшін жанын пида ету керек деп айтады. Көп іздемей ақ, ондай ана мен бала табылды. Ер жігіт қамалға келіп: «Отан алдындағы парызым, елімді аман алып қалуға дайынмын»,- деп, қабырға тұсына келіп тұра кетеді. Анасы қайғыдан әрең шыдап тұрғанда ақылгөй одан: « Сен қалай ғана балаңды қидың»?- деп сұрапты, сонда ол: «Менің ұлымның екі анасы бар, бірі-мен болсам, екіншісі - Отан-анасы, бүгін оны екінші анасы шақырды, қалай жібермеймін»,- деп Отан үшін жалғыз ұлын қиюға әзір екенін көрсетіп, қайраттылық танытады. Сонда ақылгөй жасалғалы жатқан әрекетті тоқтатып, келесідей сөзді айтады: «Бізді жау алдындағы қорқыныш пен шарасыздық көзімізді жұмып қойғандай, алайда біздің жасағалы тұрған ісіміз дұрыс болмас, мен мына ана мен баланың әрекетін көріп, мұндай аналар мен балалары бар, бізді жеңу мүмкін емес, баланы жіберіңдер де, қамалды аяқтаңыздар», - деп бұйырады. Сол уақыттардан бері талай шапқыншылықтар болды, қиын замандар өтті және ол қамал он рет құлады, алайда халықтың күшімен оны он бірінші рет қайта тұрғызды! Рухани-адамгершілік мазмұны негізінде берілген материал бойынша әңгімелесу. Мұғалімнің айтып өткен аңыз әңгімесі бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы әңгімелесу. 1. Әңыз әңгімені қалай түсіндіңіздер? 2. Ақылгөй қойған шартының тағылымы неде? 3. Ананың бойынан қандай қасиеттер байқадыңыз? 4. Отан алдындағы парызын өтеуде қандай құндылықтарды атауға болады? 5. Осы аңыз әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?
|
|
Әр топ «Адамдармен қарым-қатынас жасауда қандай болуымыз керек?» тақырыбында ереже құрастырады. Ережеде мына тірек сөздер болуы керек. Олар: сүйіспеншілік, кешірімділік, татулық, сыйластық, жауапкершілік, әдептілік, сыпайылық.
|
Әр топ А4 параққа ережелерін жазып, қорғап береді. |
7. Топпен ән айту. Бала тілегі Бал-балалық,балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жарлған Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер, 2рет Гүлденсін деп атмекен-қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Қалықтаған көгершіні көгінде, Мүңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсін, 2рет Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.
|
97-бет Өлеңі: Сержан Молдасанұлы Әні: Фарида Жолдасова
|
Кері байланыс ретінде оқушыларға жүрек қиындылар беріледі және сабақтан алған әсерлерін жүрекшеге жазып тақтаға іледі. Мұғалім сөзі. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген