Материалдар / Ашық сабақ Сүйіспеншілік- таным жолы ретінде 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Сүйіспеншілік- таным жолы ретінде 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Құндылығы: Сүйіспеншілік Қасиеттер: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық. Сабақтың мақсаты Адам бойындағы махаббат сезімін, өзіне, өзгеге деген сүйіспеншілігін танып білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2021
774
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары


Бөлім:

І бөлім – Таным қуанышы

Педагогтің аты-жөні

Толегенова Гульдем Жуматаевна

Күні:

18 қыркүйек 2021 жыл

Сынып: 8

Қатысушылардың саны: 10

Қатыспағандардың саны: 0

8 сабақтың тақырыбы

8 сабақ: «Сүйіспеншілік – таным жолы ретінде»

Құндылығы:

Сүйіспеншілік

Қасиеттер:

Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық.


Сабақтың мақсаты

Адам бойындағы махаббат сезімін, өзіне, өзгеге деген сүйіспеншілігін танып білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік



Оқушыларды айналасындағы адамдарға риясыз қызмет жасауға үйрету.

Оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

Оқушыларды шынайылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (4 мин)


1.Жағымды көңіл-күй



Амандасу, оқушылар мен оқу құралдарын түгендеу;

5 «Т»

1. Тәртіп;

2. Талап;

3. Тыныштық;

4. Тазалық;

5. Татулық

ережесін қолдану арқылы ұйымдастыру;

Сыныптағы оқушыларды 4 топқа «Суреттер» тәсілі арқылы бөліп, орналастыру:

1-топ. «Жанашырлық»

2-топ. «Мейірімділік»

Тыныштық сәтi: «Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рақмет.

Оқушылар амандасады. Ережені еске түсіреді.

Топтарға бөлінеді.

Тыныштық сәтін орындап, өз сезімдерімен бөліседі.



Нұрға бөлену. Композиция _Хрустальная грусть_.mp4



Әуен ақырын ойналып тұрады.






2. Алдыңғы үй тапсырмасын тексеру (әңгіме)

(5 мин)

«Балапан торғай»

Талқыланатын сұрақтар:

1. Қожа торғайға неліктен қамқорлық көрсетті деп ойлайсыңдар?

2. Қамқорлық көрсету, жанашырлық таныту, басқаның қамын ойлау қайсы құндылықтың көрінісі болып табылады?

3. Басқаларға сүйіспеншілік танытқанда қандай әсерде боласыңдар?

Оқушылар Бердібек Соқпақбаевтың туралы мәтінге өз ойларын білдіріп, сұрақтарды талдау арқылы, өзіне сенімділік, өзін жетілдіру сынды қасиеттер ашылады.

Оқулықтың 32-34 бетінде




3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме (3 мин)


Адамның шынайы сүйіспеншілігі – тек қана бір – бірінің адамшылық қасиеттерін өзара қастерлеуге негізделуі тиіс.

В.Г.Белинский

Виссарион Григорьевич Белинский (11.6.1811, қазіргі Финляндия, Свеаборг қаласы — 7.6.1848, Санкт-Петербург) — орыс әдебиетшісі.

Мәскеу университетінде оқыған (1829 — 32).

Сұрақтар:
1. Сүйіспеншілік сезімі қандай қасиеттер арқылы орын алды?
2. Сүйіспеншілікті күнге теңестірудің сыры неде?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

1 оқушы оқиды да, барлық оқушы 2 рет хормен қайталайды. Дәптерлеріне жазып алады.

Дәйексөз слайдта жазылып тұрады

4. Оқиға айту (әңгіме)

Мұғалім сыйы

(10 мин)

Ана қиялы

Аңыз

Баяғы өткен заманда, бір елді мекендегі сұрықсыз, жұпыны үйде екі баласымен жалғыз ана тіршілік етіпті. Ана өте өнерлі ісмер болыпты. Ол үнемі кестелеп орамал тоқып, соны ас-суға айырбастап, күндерін көріпті. Аналарының алып келген тамағына мәз болған балалар да уайымсыз өмір кешіпті.

Балалар да ер жетеді. Ана қартаяды, кестелеуге қолдары илікпей, көзжанары да тайып, қалжырай бастаған болатын. Күндегі әдетінше кестелеп тіккен орамалын алып базарға келеді. Бұйымын қажетті заттарға айырбастамақ болып, базар аралап жүріп, бір кісінің сурет салып отырғанын көреді. Суреттегі әдемі бау-бақшалы, шатырлы әсем үйлер, ғимараттар жанында ерекше сымбатты киініп, қолдарына кітап ұстаған адамдар анаға үлкен әсер қалдырады. Суретке әлсін-әлсін қарап таңданады. Суретшінің қиялына дән риза болады. Өмірде де осы суреттегідей әлемнің болатынына сеніммен қарап, оны өзінің бұйымына айырбастап алады. Жолда келе жатып, осындай зәулім үйде өзінің үлкен шеберханасы болуын, онда әдемі, асыл бұйымдарды әрі көп, әрі жылдам дайындауды, балаларының да суреттегі адамдардай оқымысты болып, ұқыпты да әдемі киініп, көліктермен жүруін қиялдайды. Ана қиялын ұлдарынан жасырмайды.

  • Біз де сондай күнге жетер ме екенбіз?- деп балаларына күрсіне қарады.

  • Егер бәріміз бірлесіп, жұмыс істеп, тіршілік жасасақ, ол күнге де жету қиын болмас – деп балалары аналарын жұбатқандай болды. Анасының қиялын шындық өмірге айналдыруға екі ұлы бар күштерін жұмсайды. Ертемен тұрып, жер жыртып, астық егіп, қаржы жинайды. Оқып, білім алады. Жұпыны үйдің орнына әсем де биік үй тұрғызады. Оның жанынан анасының қиялындағыдай шеберхана салады. Шеберханадағы станоктарда көздің жауын алатындай тұрмыстық бұйымдар дайындалады.

Ана балаларына, өмірге риза болып, көзіне қуаныштан жас алады. Қиялының арманға ұласып, арманының орындалғаны үшін өмірге алғыс айтады. Ел оларға қызыға да, қызғана да қарайды.

Сұрақтар:

  • Ана қиялының астарында қандай ақиқат жатыр еді?

  • Қандай қасиеттер арқылы балалары анасының қиялын іске асырды?

  • «Бірлік түбі - тірлік» дегенді қалай түсінесіңдер?

Бірлігі жарасқан адамдардың бойынан қандай құндылықтар мен қасиеттер көрінеді?

Бейне түсірілімді мұқият көреді. Сұрақтарға жауап беру арқылы әр адамның тағдыры өз қолында екендігі туралы айтылып, жауапкершілік қасиеті ашылады.




https://www.youtube.com/watch?v=KD_fvoys4XY


Казақстандық Ник.mp4

5. Шығармашылық жұмыс


(12 мин)

1-топ. «Жанашырлық»

Отанға деген сүйіспеншіліктерін  шағын ой-толғау арқылы жеткізу.


2-топ. «Мейірімділік»

«Сүйікті менің мектебім» тақырыбына ой-толғау жазу.




Оқулықтың 25-26 беттері

6. Жобалау қызметі




7.Топпен ән айту

(3 мин)


             Аяулы анашым.            

Мейрамбек  Беспаев

 

     Жүректің  жалынысың

     Мәңгілік сағынышым.

     Қарызым  өтелер ме?

    Ұйқысыз таңың үшін?

      Қайырмасы:
Аяулы айбыным,

Арайлы ай-күнім

Бақытым, байлығым

Анашым....

 

     Өмірдің сынақтарын

     Әлдиің құлақта әлі

     Қабыл ал арман әнін

     Балаңның  жырақтағы

     Аяулы, Анашым

Оқушылар әнді барлығы қосылып айтады.

Әннің әдемі әуені мен терең мағынасына көңіл аудару арқылы, өзінің жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенім артады.


8. Үй тапсырмасы


(1 мин)

Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қазықұрттың баурайында» мәтінін оқып келу.

Оқушылар тапсырманы жазып алады

Оқулықтың 40-43 беттері

9. Сабақтың қортынды сәті

(2 мин)

Мұғалімнің сөзі:

- Оқушылар, сабақ аяқталуға жақын қалды. Енді 1 минут тыныштықта отырып, бүгінгі сабаққа ойша қорытынды жасайық. Сабақтың өздеріңе ұнаған кезеңдерді жүректеріңде сақтаңдар.

- Осымен сабақ аяқталды. Рақмет. Сау болыңыздар!


Оқушылар тыныштық сәтінде, сабақтағы жағымды сәттерді есіне түсіреі.

Нұрға бөлену. Композиция _Хрустальная грусть_.mp4








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!