400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ашық сабақ "Сүйіспеншілік бастауы - туған жерді сүю"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мәңгілік ел» идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығы бойынша оқушыларды патриотизмге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ тілі


Сынып: 7


Сабақтың

тақырыбы:

Сүйіспеншілік бастауы – туған жерді сүю.

Күні:.

Мұғалімнің аты-жөні: Қантаева Марал Жақсыбайқызы


Қатысқандар саны: 17 Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

7. Т/А6. Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, өз пікірін білдіру.

Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар:

тыңдалым мәтінін түсінеді, диалогке қатысады, өз пікірін білдіреді.

Оқушылардың басым бөлігі:

коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысып, өз пікірін білдіреді.

Кейбір оқушылар:

тақырыпқа байланысты шығармашылық жұмыстарда креативтілік танытады.


Күтілетін нәтиже:

Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады.

Диалогке қатысады, өз пікірін білдіреді.


Бағалау критерийлері:

Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысады, өз пікірін білдіреді.


Тілдік мақсат:

Сүйіспеншілік, туған жер, «Туған жер» бағдарламасы, рухани жаңғыру.



Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану, тарих.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» идеясының «Зайырлы қоғам және жоғары руханият» құндылығы бойынша оқушыларды патриотизмге баулу.

Алдыңғы тақырып:

Туған жер, сүйіспеншілік туралы біледі

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар мен көрнекіліктер

Сабақтың басы

3 минут

Білу және түсіну – 3 минут

Тыңдалымалды тапсырма

Миға шабуыл

  • Бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?

  • Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

«Сүйіспеншілік бастауы – туған жерді сүю» деп аталады.

Оқу мақсатын түсіну, соған байланысты өздерінің бүгінгі сабақтағы мақсаттарын айтқызу.







Сабақтың презентациясы


















Сабақтың ортасы

34 минут






















































Сабақтың аяғы

3минут

Тыңдалым. «Туған жер » бейнематериал (2мин.)

Қолдану. 8минут

Тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар.

Жұппен жұмыс.

Бейнематериалдан түсінгендерін

Бір-біріне жұпта түсіндіру. 1минут

Жеке жұмыс

5/5/1 әдісімен ойларын түйіндейді.

  • 5 сөйлеммен ойларын түйіндеу 5мин.

  • 5 маңызды сөзді таңдау 2 мин.

  • 1 түйінді сөз


Талдау, жинақтау, бағалау – 20 минут

Топпен жұмыс

(Дайындалуға 6 минут, 16 минут)


1-топқа тапсырма:

Шағын жоба құрастыру

Талаптары:

  1. Туған жеріңнің атауы

  2. Туған жерінің тарихына қысқаша шолу

  3. Туған жеріңнің ерекшелігін ескере отыра басқа атау беру

  4. Болашаққа болжау жасау


2-топқа тапсырма:

«Туған елдей ел болмас» тақырыбында бағдарлама .

Талаптары:

  1. Бағдарламаның атын ойлап табу

  2. Бағдарлама негізінде қойылым қою

  3. Тапсырманың тақырыпқа сай болуы


3-топқа тапсырма:

«Елімнің көрікті жерлері» тақырыбында хабарлама жасау.

Талаптары:

1. Қаласының көрікті жерлері туралы айту

2. Олар туралы қысқаша мәліметтер айту

3. Эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолдану


4-топқа тапсырма:

Еліміздің қасиетті жерлеріне нені жатқызар едіңдер?

Талаптары:

  1. Қасиетті жерлерді дұрыс таңдай білу

  2. Оларды таңдау себебін түсіндіру, ойын дәлелдеу.

Қалыптастырушы бағалау – 4минут

Бағалау

критерийі

Дескрипторлар

Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, өз пікірін білдіру.


-Шығармашылық жұмыстарды талаптарға сай орындайды.

- Шығармашылық жұмыстарды орындауда көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады.

- Пікірлерін білдіре алады.


Рефлексия «Бес саусақ» әдісі – 2минут


Бас бармақ – не үйрендім? Маған не ұнады?

Балан үйрек – Бүгін мен не жасадым және неге қол жеткіздім?

Ортан терек – менің көңіл күйім?

Шылдыр шүмек – Бүгін кімге көмектесе алдым?

Кішкене бөбек – Қандай қиындық болды, оны жеңе алдым ба?




















Шығармашылық жұмысқа қойылатын талаптар





































Қалыптастырушы бағалауға арналған кесте












«Бес саусақ» әдісі














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
2232
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі