Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Сүйіспеншілік жолындағы өмір 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің мәнін түсінуге мүмкіндік жасау және Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу мақсатында өткізілген сабақ өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне кішкене болсада көмек болады деп ойлаймын. Адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы риясыз сүйіспеншілік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: «Сартомар орта мектебі» КММ

Мерзiмі: 09.04.2018 ж

Тақырып: Сүйіспеншілік жолындағы өмір

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық

Мұғалiм: Г.Ж.Ажмагамбетова

Сынып 7

Оқушылар саны: 10

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің мәнін түсінуге мүмкіндік жасау және Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- Үй тапсырмасын сұрау, дәйексөздің мағынасын ашу арқылы Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу;

- сұрақ-жауап барысында мейірімділік, қамқорлық, аяушылық, қайырымдылық қасиеттерімен таныстыру;

- ойы, сөзі, іс-әрекеттерін ізгілікке бағыттай алу білігін дамыту;

- ризашылықпен риясыз қызмет етуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

АКТ

үнтаспа, суреттер, нақыл сөздер, оқулық, жұмыс дәптері, «Нұрға бөлену»релаксациялық әуені, «Өміріңе немқұрайлы қарама» әні, «Жақсылық жасау» туралы бейнебаян


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

Жағымды көңіл-күйге келу. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрі жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: "Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын"

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Сабақ барысын талқылау:

2.Үй тапсырмасын тексеру. № 31 сабақ 122 бет

«Жас дәурен хикаялары» атты Әзілхан Нұршайықовтың мәтінін сұрақтар қою арқылы сұрау.

Сұрақтар:

  • Мәтінде ана махаббаты қалай суреттелген?

  • Бала анасына махаббатын қалай білдірді?

  • Өздерің аналарыңа деген сүйіспеншіліктеріңді қалай білдіресіңдер?

  • Ата-ананың алдындағы перзенттік парызды қалай өтеуге болады?

Қорытынды: Сүйіспеншілік – тіршіліктің тірегі.Риясыз сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұр әрі ең басты қуат көзі. Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп, көре бастайды. Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Жарық дүниеде барша кедергі кесепатты жеңетін күш те осы риясыз сүйіспеншілік.

  • Атақты орыс жазушысы М.Горькийдің «Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған», — деуі шындықты айқындайды. Әрине сондықтан да дүние жүзінің барлық елдерінде Отанға опасыздық пен Ана сүтін ақтамау ең зор қылмыс саналады. Ата-ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, өмірдегі асыл қазынасы. «Қолда барда, алтынның қадірі жоқ» демекші, ата-ана ешқашан қайта келмес жандар. Ана мен әкенің бізге деген ыстық махаббаты шексіз. Ойлап қарасақ, саусақпен санарлық жандар анасына — құрмет, әкесіне — ізет білдіріп жатады. Бұған да шүкір! Бірақ біз қазақ деген бабаның киелі ұрпағымыз. Сол себепті әрқашанда ата-аналарыңды сыйлаңдар, өмір бақи аяулы алақандарыңда мәпелеп ұстаңдар.

  • Осы ойымды салмақтай келе мына бір жайтты айта кеткім келіп отыр. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәлел болса керек.

  • Ғалымдар адам аналарынан айырылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырау сүт шығатын денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесі жылы да жұмсақ етіп жасаған екен.

  • Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдапты. Міне, бұдан түйеріміз, кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.

Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау – ең алдымен әке-шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді. Оған ер жетіп, отбасының қамқоршысы болады деп сенім артады. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – жігіт болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күші қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Әрбір қиын істің шешімін ең алдымен ата-ана табады. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отырған орынды. Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың ісінен үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы. Ата-ана қандай жағдай болмасын, «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жандар. Олардың ешқашан жаманы болған емес.



3.Дәйексөз.

«... Махаббатсыз дүние бос.»

А.Құнанбаев

Дәйексөзді оқытқызу, бір оқушы оқиды. Іштей барлық оқушы қайталайды. Жанында отырған оқушы бір-біріне айтады, «данышпан» кейіпін танытып айтады.Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, қорытынды жасау. Дәйексөзді дәптерге жазғызу.

Сұрақтар:

  • Дәйексөзден қандай ой түюге болады?

  • Махаббат,сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіндер?

  • Қорытынды: Абай «Кейде есер көңіл құрғырың» өлеңінде

Махаббатсыз - дүние бос

Қайуанға оны қосыңдар.

Қызықтан өзге қалсаң бос,

Қатының, балаң, досың бар.

 деп келеді. Махаббаты тек сүйген жарына ғана емес, өз перзентіне дос-жарандарына махаббатпен қарауға шақырады. Жүрегінде махаббат жоқтарға хайуанға теңеп, махабатсыз бұл өмірдің мән-мағанасы жоқ екеніне көз жеткізіп тұр. Адамның жақсысы - адамдарға сүйіспеншілікпен қарағандар. Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп. Адамда екі қасиет болу тиіс, олар адалдық және махаббат. Махаббат пен құштарлық екі басқа. Құштарлық ол- соқыр сезім. Махаббат ол- Рухани Бастау.


4.Әңгiмелеу.

Мұғалім сыйы: «Сүйіспеншілік пен Уақыт» Ш.Амонашвили Аңыз-әңгіме

Бір кездері барлық сезімдер бір аралда тұрған екен: Қуаныш, Қайғы, Ақылдылық, Сүйіспеншілік т.б. Бір күні арал бата бастады да, барлық сезімдер кемелерге отырып аралдан алыстауға асықты. Тез арада бос кеме қалмай қалды. Сүйіспеншілік кемеге отырып үлгермеді де, кемесіз қалып қалды. Аралдың тез батып бара жатқаның көріп, Сүйіспеншілік басқа сезімдерден көмек сұрауға жөнелді.
Байлық өте үлкен кеме ішінде жалғыз отыр екен. Сүйіспеншілік:
– Байлық, мені қасына алшы, маған кеме жетпей қалды.
– Жоқ, ала алмаймын. Кемемде алтын мен күміс өте көп, саған орын жоқ! – деді Байлық.
Сүйіспеншілік өте әдемі кеме ішінде кетіп бара жатқан Тәкәппарлықты көріп оған:
– Тәкәппарлық, маған көмектесші, жалғыз қалып барамын!
– Саған көмектесе алмаймын,. Сүйіспеншілік үсті-басың су болып қалды, кемемді кірлетесін!
Қастарынан Қайғы өтіп бара жатыр екен Сүйіспеншілік, Қайғыға дауыстап:
– Қайғы, сенімен барайыншы..
– Уф, Сүйіспеншілік, сондай қайғылымын, жалғыз қалғым келеді – деді Қайғы.
Қуаныш та Сүйіспеншіліктің қасынан өткен екен, бірақ қуанышынан Сүйіспеншіліктің сөздерін естімей өте берген екен..
Бір кезде Сүйіспеншілік «Кел, Сүйіспеншілік , сені қасыма алайын» деген біреудің дауысын естиді.

Бұрылып қараса, жасы үлкен ақсақал екен оны қасына шақырған. Сүйіспеншілік қуанып оның кемесіне отырып алады. Жаңа аралға жеткен кезде Сүйіспеншілік ақсақалдың кім екенің сүрауды ұмытқанын түсінеді. Ақсақал болса баяғыдан-ақ кетіп қалған болады. Сүйіспеншілік Ақылдылықтың қасына барып сұрайды:
– Маған көмектескен ақсақал кім болды екен?
– А-а, ол ма.. ол – Уақыт!
– Уақыт? Маған неге көмектескенін білесің ба?
– Өйткені, 
тек қана уақыт Сүйіспеншіліктің қаншалықты үлкен екенін түсіне алады.


Cұрақтар:

  1. Не себепті сүйіспеншілік теңіз жағасында қалып қойды?

  2. Қандай себептен сүйіспеншілікті ешқайсысы өз кемесіне алғысы келмеді?

  3. Сүйіспеншілікке кім көмекке келді?

  4. Қалайша сүйіспеншіліктің маңыздылығын уақыт қана түсінеді?

  5. Сіз жақындарыңызға сүйіспеншілігіңізді қалай көрсетесіз?




5. Шығармашылық жұмыс.

1-тапсырма. Жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беру. 124 бет

2-тапсырма. «Жақсылық жасау» туралы бейнебаян тамашалау және ойларымен бөлісу.

  1. Бейнебаяннан қандай ой түйдіңіз?

  2. Азамат не себепті тасқа жазып қойды?


6. Топпен ән айту.

«Өміріңе немқұрайлы қарама»

Әні:Сәкен Дәрібаевтікі

Сөзі:Серік Сейітман


Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.


Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Шақша басың айналса да бақыттан.


Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.


Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тағдыр жолі қарсы алдыңнан соқса да.


Сын сағатта сақтау үшін өз басын

Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Айдын көлге айналса да көз жасың.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Қанша азап көрсең-дағы бауырым,

Өміріңе немқұрайлы қарама.



7.Үй тапсырмасы.

32 сабақ Ақселеу Сейдімбектің шығармасынан үзіндіні оқу, мазмұндау. 125 бет.


8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді бүгінгі сабағымызда Сүйіспеншілік туралы алған білімдерімізді, мейірімділік, қамқорлық, жақсылық жасау,риясыз сүйіспеншілік қасиеттерді үйрендік. Осының барлығын жүрегімізге салып, өмірде қолдана біліп, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңді ашуға болады. Сабағымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
10086
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11