жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Сүйіспеншілік өмір негізі"
Бекітемін_______________
Бастауыш сыныптар
жөніндегі орынбасар Ж.Бекпенбетов
Тақырып: «Сүйіспеншілік-өмір негізі»
Құндылық : Сүйіспеншілік.
Қасиеттер :Мейірімділік,Татулық,Қамқорлық,Түсіністік
Мұғалім: Н.Базарбаева Сынып: 4 «А» Бала саны: 12
|
Сабақтың мақсаты :үйлесімді байланыс арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:1.Отбасының адам үшін маңыздылығын жан-жақты ашу; 2.Отбасындағы жарастықты,сыйластықты қарым-қатынасының дамуына ықпал ету; 3.Отбасындағы сүйіспеншілікке тәрбиелеу |
Ресурстар:(құралдар,мәліметтер) Плакат,гуашь,түрлі-түсті маркер,стикерлер,слайд,үнтаспа |
1 |
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті . «Нұрға бөлену» әдісімен тыныштық сәтін өткізу. ( Баяу музыка ойналады) Мұғалім:Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыздар.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздіңғ орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын да таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түседі.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы ,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,Көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен тек жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқындап жіне шұғылалана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге,барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен нұрмын». Осындай нұр,махаббат,Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Енді жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет! Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың сүйіспеншілік жөніндегі түсініктерін тереңдете түсу мақсатында берілген «Патшаның қызы неге бақытсыз? атты шығармасын оқу ұсынылады. Ғибратты әңгіме Ертеде патшаның екі қызы болыпты.Патша екі қызын да жақсы көріп,қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай,қалағандарын жасап,айтқандарын екі етпеуге тырысады екен.Дегенмен де,екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты.Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті.Патшаның қайғылы түрін көріп,себебін сұрапты.Патша : «Е-е-е... сұрама,күлмейтін бір қызым бар,дертін ешкім білмейді»-дейді. «Патшам,рұқсат етсең,сарайыңызға қонақ болайын.Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын»,- дейді жолаушы.Патшақуана рұқсат етіпті. Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты.Қараса екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып,бір нәрселер жазып,таңертең жазғандарын оқып,орындарынан тұрады екен.Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса,кіші қызы өзіне жасалған жақсылықтарды,ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты. Ертеңіне саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып,оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды.Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты.Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты.Өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап,қуанғаннан ән сала бастапты. Патша үлкен қызының қауанғанын көріп,өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті.Бірден саяхатшыны шақырып,бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты.Саяхатшы : «Патшам,өмір айна сияқты.Оның жақсы жақтарын ойласақ,бізге әдемі көрінер.Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған»,- деп жауап береді. Патша үлкен қызын шақырып,оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті. Сол күннен бастап,патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті. Талдау сұрақтары: 1.Патша қыздарына деген сүйіспеншілігін қалай білдірді? 2.Патша қыздарының бойында қандай өзгеріс болды? 3.Патшаның қайғысын кім және қандай жолмен шешті? 4.Саяхатшы патшаға не деп жауап берді? 5.Патша қызына қандай кеңес берді? 6. Сендер қандай кеңес берер едіңдер? қуана рұқсат етіпті. |
Ескерту :5Т- ережесін сақтау керектігін айту
музыка
үлестірмелі қағаздар
|
2 |
Дәйексөз. «Отбасында өзара сүйіспеншілік болғанда ғана жанұялық тұрмыс зор бақытқа кенеледі» Н.К.Крупская Сұрақ:Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер ? (оқушылардың жауаптары тыңдалады) Қорытынды:Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса,қоғамның діңгегі де берік болады.Отбасында әуелі сенім мен сзім,сүйіспеншілік пен сыйластық болса,олардың жарастығы жарасып,бақытқа жете алады. |
плакаттар |
3 |
Әңгімелеу.Оқушыларға сыйлық ретінде аңыз әңгіме. Сүйіспеншілік. Базарға барайын деп сыртқа шыққан Алтынай есіктің сыртында отырған үш қарияны көріп,тұрыңқырап қалады да,бар ниетімен үйіне шақырады.Сонда қариялардың біреуі: «Біз шақырған жерге үшеуміз бірге бармаймыз», - дейді.Оң жақтағы досым – байлық,сол жақтағы досым – сәттілік.Менің атым - Сүйіспеншілік.Өзін,жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қояды :
Біз Байлықты шақырайық ,үйіміз бірден молшылыққа кенелсін.Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйелі : «Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың ?» - дейді.Екеуі ортақтасып,мынадай шешімге келеді : «Негізінде,ең асылы,Сүіспеншілік қой деймін.Ол бар жерде біз бақытты боламыз».Есікті ашқан әйел үш ақсақалға : «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз ? Төрлетіңіз !Сізді шақыруды ұйғардық», - дейді.Сүйіспеншілік орнына тұрып,үйге беттеді.Жолдастары да орындарынан тұрып,оның артынан үйге қарай жүрді.Аң-таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке : «Тек біреуіміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер» - деді.Қариялар : «Егер тек қана байлық пен Сәттілікті шақырсаңыз,басқа екеуміз далада отырар едік.Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар.Сол үшін үшеуіміз бірге баруымыз керек», - дейді.Алтынайдың «Неге?» деп сұрауын күтпестен олар сөзін сабақтай түсті: - «Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз Байлық пен Сәттілік қашанда қасында боламыз»,-дейді...
|
|
4 |
Шығармашылық және топтық іс-әрекет. Сүйіспеншіліктің негізгі түрлерін анықтау мақсатында «Ана қадірі» бейнебаянын көрсету |
Бейнетаспа(Ата-ана қадірі) |
5 |
Тапсырмалар : 1-топ - қызыл түсті конверт «Риясыз сүйіспеншілік» Сурет салу 2-топ – көк түсті конверт «Өзімшіл сүйіспеншілік» Сурет салу 3-топ – жасыл түсті конверт «Өзара сүйіспеншілік» Сурет салу |
үлестірмелі қағаздар конверттер
|
6 |
Топпен ән айту. Сөзі :Ғ.Қайырбековтікі;Әні :Ш.Қалдаяқовтікі «Ана туралы жыр» 1.Әлемнің жарығын сыйладың сен маған, Даланың әр гүлін сыйладың сен маған. Сен бердің құстардың қанатын самғаған, Балалық құштарым өзіңе арнаған. Қ-сы: Әлдилеп аялап,өсірген жемісің, Самал жел ,сая бақ,құшағың мен үшін. Есейіп кетсем де мен саған сәбимін, Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
2. Өтеуге борышың,анашым,жан сырым, Іздедім сен үшін әлемнің асылын. Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені, Сыйлар ем ай ,күнін,қолыма түспеді. Қ-сы : 3.Ете гөр қанағат,әзірге берерім, Балалық махаббат,балалық жүрегім. Бол риза,анашым,қолдағы осы бар, Өзіңе арнаған әнімді қосып ал. |
|
7 |
Үй тапсырмасы. 1.Оқушылардың өзіндік қызығушылықтарын арттырып,іскерліктерін бекіту үшін «Отбасы – ұлт рухының айнасы» атты тақырыпта эссе жазып келу ұсынылады. |
|
8 |
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларлы мадақтау |
|
9 |
Соңғы тыныштық сәті. Тыныштық сәтін ұйымдастыру. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп,жүрегімізге сақтайық. Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік бар жерде. Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік бүкіл әлемде. Әр күндеріңіз Сүйіспеншілікке толы ,нұрлы болсын! |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген