жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Сүйкімді мысық"
Әдіскер/Методист _____________________________
қолы/подпись
«Балапан» ортаңғы тобы үшін ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Өткізілетін күні, айы, жылы/Число, месяц, год проведения: «19» 01 2017ж./г.
Тәрбиеші/Воспитатель: Шабалова А.И.
Білім беру саласы/Оброзовательная область: «Таным».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/Раздел организованной учебной деятельности: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы/Тема: «Сүйкімді мысық».
Білімділік міндеті/Образовательная задача: Балаларды үй жануары мысықпен таныстыру.
Дамытушылық міндеті/Развивающая задача: Мысықтың қимыл іс-әрекеті, пайдасы жайында түсінік беру.
Тәрбиелік міндеті/Воспитательная задача: Үй жануарына мейірімді болуға, айналадағы қоршаған ортаны сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар/Используемый материал: Үй жануарларының, мысықтың суреттері, тоқыма жіп.
Сөздік жұмыс: Мейірімді, сүйкімді, марғау.
Тілдің үштұғырлығы/Полилингвальный компонент: Тышқан-мышь-mouse, мысық-кошка-cat.
|
Іс-әрекет қызметі/ Этапы деятельности |
Тәрбиешісінің іс-әрекеті/ Деятельность воспитателя |
Балалардың іс-әрекеті Деятельность детей |
|
Мотивациялық-қозғаушылық/ Мотивационно-побудительный |
Сәлемдесу. -Балалар бүгін күн ерекше, табиғаттың өзі сендерді алақанына алып, еркелеткелі тұр. «Тамаша табиғат» шаттық шеңбері: Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса. Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса. Сәлем саған жер Ана! Сәлем саған, Нұрлы күн! Аман-есен болайық. Бейбітшілік қалайық! |
Қонақтармен үш тілде сәлемдеседі. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. Орындарына отырады. |
|
Ұйымдастыру-іздестіру/ Организационно-поисковый |
-Балалар, бұлар нелер? -Иә, міне бүгінгі оқу іс-әрекетінде осы үй жануарларының бірімен жақын танысамыз. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын тауып көріңдер. Өз құйрығын өзі қуып ойнайды, Допты көрсе домалатып қоймайды. Беті-қолын қайта-қайта жуады, Тышқандарды үйімізден қуады. -Өте дұрыс, балалар. Бұл мысық екен. Ендеше біз тақтада мысықтың ғана суретін қалдырайық. Таң қалу сәті: Есіктен мысық кіреді. Сәлемдесеміз. -Ой, балалар қандай сүйкімді мысық? Мысыққа көңіл бөлдіремін. -Мысық балалармен ойнағысы келіпті, сендермен дос болуға келіпті. -Мысық қандай жануар? -Неге олай ойлайсыңдар? -Иә, ол адамдардың жанында жүреді екен. -Ал, мысықтың қандай пайдасы бар? -Иә, тағы қандай? -Сонымен бірге мысық адамдарды емдейді екен. -Әжелерің, апаларың ауырып қалса сол кісілердің жанында жатады. Қай жері ауырса, сол жерге жатып, емдейді екен. -Мысық немен қоректенеді? -Ненің етін жейді? -Тағы не ішеді? -Ол сүтті қалай ішеді? -Мысық қандай екен? -Мысықтың баласын біз қалай атаймыз? Бірнеше рет қайталатып айттырамын. -Тағы қандай? -Не істегенді жақсы көреді? Ойын: «Айырмашылығын тап». Суретке қарап табу. Енді «Бөспе мысық» деген ертегіні тамашалайық. Тәрбиеші: Іші әбден пысқан, Деді бірде тышқан:
Тәрбиеші: Тышқан солай бөсті, Соғып алып төсті. Мысық келді естіп, Оның үні өшті. Тәрбиеші: Сол үшін мысыққа не дейміз? Д/ойын: «Айырмашылығын тап». Суреттегі екі мысықтың айырмашылығын табу. Енді мына суреттегі мысуреттегі мысыққа қарайық, оған не жетіспейді? -Қай ертегіде мысық құйрығынан айырылып қалады? -Жарайсыңдар! Тақпақтар: Балалар, мысық тағы ойнағысы келіп отыр екен. Ойын: «Байқағыш». Мысықты ойлап, көз алдымызға елестетіп көрейік те, сұрақтарға жауап берейік. 1.Мысықта қанша құлақ бар? 2.Мысықта қанша құйрық бар? 3.Мысықта қанша аяқ бар? 4.Ал мысықтың құлағы ұзын ба, құйрығы ұзын ба? 5.Екі мысықта қанша құлақ бар? 6. Бес мысықта қанша құйрық? 7. Екі мысықта қанша аяқ бар? Сергіту сәті: Тікірейіп құлағы, Менен бұрын тұрады. Бойын жазып, керіліп, Бетін-қолын жуады. Қасымнан бір қалмайды, Көзді қысып алдайды. Ойнатсам да күнімен, Ойыны бір қанбайды. Мысық Тышқан Кошка Мышь Cat Mouse -Мысық қалай дыбыстайды? -Мысықты қалай шақырады? Құлақтары тікірейген, құйрығы ұзын. |
-Үй жануарлары Келіседі -Мысық Таңдана қарайды -Үй жануары -Үйде тұрады. Адамдармен бірге. -Тышқандарды үйден қуады. Балалардың жауаптары. Мұқият тыңдайды. -Ет жейді -Тышқанның -Сүт ішеді -Жалап, тілімен (көрсетеді) -Сүйкімді, мейірімді. -Марғау -Жалқау. -Ойнағанды, ұйықтағанды. Ойнайды. Екі мысықтың айырмашылығын анықтайды. Айшанұр (тышқан): Мысықтарды түнде, Қуып жүрем күнде. Қорыққаннан қазір, Жатыр шықпай інде. (екі бала жылап кіреді) 1.Нармина: Апай, шкафтағы етікті, Тышқан тесіп кетіпті. Аямастан ойыпты, Дәу тесік қып қойыпты. 2.Тамила: Ой, ой, ой! Пакетімді қиыпты, Шұлығыма тиіпті. Курткамды шайнап, Кетіпті ойнап. Ух! Айшанұр(тышқан): Не бопты соншалық, Бәтеңкеңнің бауын қидым. Шұлығыңды тестім, Серуенге өзім шықтым. Осы кезде мысық келеді. Ботакөз (мысық): Мяу! Ұстап аламын оны! Айшанұр (тышқан): Құтқарыңдар! Құтқарыңдар! (қашып кетеді) Ботакөз (мысық): Енді мысық келмейді, Шұлықтарды жемейді. Иісін сезіп мысықтың, Қорқып қашып жүр дейді. -Рахмет 1.Құйрығы төменде 2.Құйрығы жоғарыда 1мысықтың мойынындағы бантикте жасыл бұршақтар 2мысықтың мойынындағы бантикте қызыл бұршақтар -Құйрық -«Мақта қыз бен мысық» ертегісінде Тақпақтарын айтады. Балалар көздерін жұмып, ойланып отырады. -2 -1 -4 -Құйрығы -4 -5 -8 Өлең жолдарын айтып тұрып, қимылдар жасайды. -Мяу! -Кис-кис |
|
Рефлексивті-түзетушілік/ Рефлексивно-корригирующий |
-Балалар, тышқан қандай үй жануарынан қорқады екен? -Бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнады ма? -Несімен ұнады? -Мысық қандай жануар? Балаларды мадақтап, мысықпен қоштасып, қорытындылау. |
-Мысықтан Балардың жауаптары -Үй жануары |
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу/Знать: Үй жануары – мысықты. Мысықтың үй жануары екенін.
Түсінуге тиіс/Иметь: Мысықтың қорегі мен пайдасын.
Істей білу керек/Уметь: Мысықты сипаттауды, сахналауды, мейірімді болуды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген