400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Ашық сабақ Сұйытылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі. 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сұйытылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі тақырыбын меңгертуге қажетті әдіс- тәсілдер түрлерін сабақ процесінде пайдалануға ұсынылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді сабақ жоспар бөлімі: 7.3А Мектеп: Ә.Жанкелдин атындағы орта мектеп

Химиялық реакциялар Мұғалімнің аты-жөні: К.Кошимова

Сынып 7 Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен реакциясы

№ 3 Практикалық жұмыс: «Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.4. Сұйытылған қышқылдардың карбонаттармен реакцияларын зерттеу.

7.2.2.5.Көмірқышқыл газының сапалық реакциясын білу және жүзеге асыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы: Сұйылтылған қышқылдар және карбонаттар өнімдерін  анықтай алады. Газдың бөлінгенін бақылайды.

Көпшілік оқушы:Сұйытылған қышқылдардың карбонаттармен реакцияларын жүргізіп, зерттейді, көмірқышқыл газына сапалық реакциясын жүргізе алады.

Жеке оқушы: Көмірқышқыл газының сапалық реакциясына талдау жүргізіп, ізбес суының лайлану себебін талдайды.

Бағалау критерийі

Сұйытылған қышқылдардың карбонаттармен реакцияларын зерттейді.

Сұйытылған қышқылдардың карбонаттармен реакциясын сөзбен жаза алады. Көмірқышқыл газының бөлінетінін болжай алады. Көмірқышқыл газына сапалық реакция жүзеге асыра алады. Көмірқышқыл газының сапалық реакциясын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология

Қышқыл, фенолфталейн, тұрғы, доломит, әктас, мәрмәр, ангидрид, карбонат, әк суы, қауіпсіздік ережесі

Көмірқышқыл газын ізбес суы арқылы өткізгенде алдымен  ерітінді лайланады,

себебі........

Қышқылдар … күйдіреді.

Қышқылдарды …индикатор көмегімен анықтаймыз.

Құндылықтарға

баулу

Денсаулық, достық

Шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау,қарым қатынас жасау  қабілеті

Жаhандық азаматтық жер қыртысындағы карбонаттардың шайылуы

Пәнаралақ байланыс

Биология,география,физика

Алдыңғы білім

Жер атмосферасы (Жаратылыстану 5 сынып )

Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған нәтижелері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 мин

- Сәлемдесу

-Оқушылар, бүгінгі көңіл күйлерің қалай? ( оқушылар алдарында тұрған смайликтер арқылы көңіл-күйлерін білдіреді)

Нөмірленген капсулалар арқылы екі топқа бөлінеді.

«Миға шабуыл» Жеке жұмыс.

Тірек сөздер: металл, сутек, қышқыл, су,тұз, «пах» , жанған шырақ, төңкеру

Оқушылар дәптерге жауаптарын жазады /интерактивті тақтадан тексереді. Дұрыс жауап бергендер жетон алады./

«Ортадағы қаламсап»

Үйге берілген тапсырма тексеріледі. /жетон беріледі/


Смайликтер, капсулалар





презентация

Сабақтың ортасы

3 мин





4 мин



2 мин



4 мин


2 мин









10 мин
















2 мин






6 мин

Топқа бөліну / капсуланы ашып, сөз тіркестерінен сөйлем құрап, термин сөзді табады, сол арқылы топқа бөліну/

«Қышқылдар», «Сілтілер» тобы

Жаңа тақырыпты көп нүктенің орнына әріптерді қою арқылы табу. Оқушылар алдарымызда түрлі сусындар (кока-кола, фанта, спрайт) тұр. Осы сусындардың қақпағын ашайық. Не бақыладық? /газ бөлінді/

Бүгінгі сабағымызбен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

«Білімленд» ресурстық порталынан «карбонаттар» жайлы видеоматериалдар қарау

№ 1-жаттығу Құрамында кальций карбонаты бар тау жыныстарын көрсет. /жеке жұмыс/

Тәжірибелік тур. Топтарға әртүрлі минералдар таратылып беріледі. Қышқыл тамызайық. Не байқадық?

/минерал бетінде газ бөлінсе, карбонаттарға жататынын анықтайды/

Сергіту сәті /химияны неге оқу керек?

«Сұйытылған қышқылдармен карбонаттармен әрекеттесуі» практикалық жұмысын орындайды. топтық жұмыс

1-топ

Алгоритм бойынша жұмысты орындау

1. Сынауыққа бордың бірнеше кесегін салып, үстіне 2 мл тұз қышқылының ерітіндісін құйыңдар.

2. Газ жүретін түтігі бар тығынмен жауып, түтіктің екінші ұшын стақанға батырып газдың жиналғанын жанған шырамен анықтаңдар.

Не байқадыңдар?

3. Көмірқышқыл газы бар стақанға әк суы құйып, ерітіндіні шайқаңдар. Не байқалды?

4. Жұмыс бойынша қорытынды шығару. Реакция теңдеулерін сөзбен жазыңдар.

2-топ

Алгоритм бойынша жұмысты орындау

1. Сынауыққа натрий карбонатының ұнтағын салып, үстіне 2 мл тұз қышқылының ерітіндісін құйыңдар.

2. Газ жүретін түтігі бар тығынмен жауып, түтіктің екінші ұшын фенолфталейн тамызылған натрий гидроксиді ерітіндісінен өткізіңдер. Не байқадың?

3.Жұмыс бойынша қорытынды шығару. Реакция теңдеулерін сөзбен жазыңдар.

№2 тапсырма. Топта талқылау

1.Карбонатқа қышқыл қосқанда не болды? Не байқадың?

2.Неліктен көмірқышқыл газын әкті су арқылы өткізгенде ерітінді алдымен лайланады, сосын мөлдір ерітіндіге айналады?

3. Көмірқышқыл газын натрий гидроксиді арқылы өткізгенде неліктен фенолфталейн түсін жояды?

4. Көмір қышқыл газын қалай жинауға болады?Оны жинау қандай қасиетіне негізделген?

5. Сіріңкені деммен өшіргенде неге өшіп қалады?

Бағалау /дескриптор арқылы/

№ 4 жаттығу «Білімленд» ресурстық порталынан

«Білімленд» ресурстық порталынан тест тапсырмасы




Газды сусындар

Оқушылар өз ойларын айтады.

«Білімленд» ресурстық порталынан

Доломит, әктас, жұмыртқа қабығы,

ангидрит минералдары







Сұйытылған қышқылдар (тұз қышқылы)

Карбонаттар (кальций карбонаты)

әк суы, фенолфталейн тамызылған натрий гидроксиді,

сынауық,

тығыны бар газ жүретін түтік,

Колба,

стакан,

сіріңке


«Білімленд» ресурстық порталынан

Сабақтың соңы

2 мин

Кері байланыс

Таңдау

Мен сабақта ..... жұмыс істедім. (белсенді, құлықсыз)

Мен сабақтағы жұмысыма .... (ризамын, риза емеспін)

Сабақ маған ..... болды. ( ұзақ, қысқа)

Мен сабақта ..... (шарщадым, шаршамадым)

Менің көңіл-күйім .... (түсіп кетті, көтеріңкі)

Мен үшін сабақ материалы ... (пайдалы, пайдасыз, қызықты, қызықты емес, түсінікті, түсініксіз)

Бағалау

-Оқушылар, сабақ соңында көңіл күйлерің қалай? ( оқушылар алдарында тұрған смайликтер арқылы көңіл-күйлерін білдіреді)

Презентация










Түрлі смайликтер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барлық оқушылар бақылау жүргізіп реакцияны зерттейді?(кальций карбонаты мен тұз қышқылы арасындағы химиялық реакция)



Оқушылар түзілген газға сапалық талдау жүргізіп, көмірқышқыл газы екеніне көз жеткізеді. Карбонаттардың сұйытылған қышқыл реакциясы кезінде көмірқышқыл газы түзілетіні туралы қорытынды жасайды.

Жоғары қысым әсерінен тығынның атылып кетпеуін ескертіп отыру

Қышқылдармен жұмыс жасаудың қауіпсіздік техникасы ережелері



Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1057
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі