400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сұраулы сөйлем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, жан-жақты ойлауға үйрету.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактив тақта, суреттер,

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық

Жадырап күн ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Біз көңілді баламыз,

Сәлемдесіп аламыз.

Үй тапсырмасын тексеру

Үйге қандай тапсырма берілді?(Оқушыларға оқыту)

Үй тапсырмасын бекіту

«Мен бастаймын, сен жалғастыр»

1.Сөйлем аяқталған нені білдіреді? (ойды)

2.Сөйлем нелерден құралады?(сөзден)

3.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? (бөлек)

4.Сөйлем қандай әріппен басталып жазылады? (бас әріп)

5.Сөйлем нешеге бөлінеді?

6.Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (сөйлем)

7.Сөйлем дегеніміз не?

Жаңа сабақ: Бүгінгі сабақта өте жақсы қатысқан оқушыларды геометриялық фигуралармен бағалаймын. Сары төртбұрыш 5, көк үшбұрыш 4, қызыл дөңгелек 3, деген баға.Ол үшін сабаққа белсене қатысамыз.

-Балалар мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.

-Табиғат дегеніміз не?

-Бүгінгі сабақта «Табиғат әлеміне» саяхат жасаймыз.

-Балалар, мына суреттен қай жыл мезгілін көріп тұрмыз? (төрт мезгіл)

-Суреттен тағы кімді көріп тұрсыңдар?(Ауыл көрінісі)

-Балалар мен бағанадан бері не істедім? (сұрақ қойдыңыз)

-Сұрақты не үшін қоямыз? (жауап алу үшін)

Олай болса, бүгінгі өтетін тақырып:Сұраулы сөйлем

Мақсатымыз:Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту. Сауатты жазуға үйрету.

Ереже: Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?)қойылады. Мысалы: Сенің атың кім?

Оқушыларға ережені хормен оқыту.


-Балалар енді «Құстар әлеміне» саяхатқа шығамыз.Оқулық пен жұмыс

175-жаттығу Өлең шумақтарын мәнерлеп оқы және салыстыр.

Көлге келіп қонады, -Сені өсірген баптап кім?

Көлдің көркі болады. -Аққу неткен аппақсың?

Аңшы бірақ атпайды, -Таза ауада жүремін,

Аққудың бар обалы. -Тұнық суға жүземін.

(Аманқос Ершуов)суреті (Құрманбай Толыбаев )суреті

Автормен таныстыру

-Сөйлемнің соңына қараңдаршы, қандай тыныс белгісі бар?

-Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?

-Балалар екі өлеңді салыстырайықшы. Екеуі не туралы айтылған.Аққу құсы қазақ ежелден қастерлеп,

бақыттың бастамасы, сұлулықтың белгісі деп есептеген. Аққу жұптасып жүреді.

Веен диаграммасы

Әдемі аппақ

Сұлу Аққу таза

Киелі

Пәк


-Аққу туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

1.Аққу құстың төресі

2.Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тидірмес.

3.Өлеңге енсе сөз сұлу, аққу жүзсе көл сұлу.

4.Аққумен дос болсаң, жүрген жерің пәк болар.

5.Аққуды атпа, досыңды сатпа.

Енді балалар, «Жәндіктер әлеміне» саяхатқа шығамыз.

176- жаттығу Мәтінді түсініп оқып, сұраулы сөйлемдерді көшіріп жаз.

Мәтін не туралы айтылған. Құмырсқа қандай жәндік.

Мәтіннің авторы кім? (Мәдіхат Төрежанов)


Сергіту сәті

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш .

Қолға қалам аламыз,

Әдемі етіп жазамыз.

Дәптермен жұмыс Табиғат тәрбиесі

-Көке, мынау не төбешік?

-Илеу деген не?

-Бүкіл құмырсқа бір-ақ үйде тұра ма?

-Олар тату тұра ма?

«Кім жылдам» ойыны. Математикалық логикалық есптер шығару.

1.Беспайда бар 5 іні,

Естайда бар 2 іні.

Қоссақ 5 пен 2-ні,

Қанша болар шешуі? (7)

2.Тауықта 2 аяқ,

Қоянда 4 аяқ.

Барлығын қосқанда болады неше аяқ? (6)

3.Қазып жүр құмды 7 мысық,

3- уі жатыр күн ыстық .

Нешеу болды сен сана? (4)

4.Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналғанда 5-есек.

3-уі ұйықтап отырды,

Қалды сонда неше есек? (2)


-Олай болса, балалар «Су әлеміне» саяхатқа шығамыз. оқулықтағы 178-жаттығуға қараймыз. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемнің оқылу ырғағын салыстыр.

-Бұлттар қайда қонады?

-Бұлттар -таудың қонағы.

-Құстар қайда қонады?

-Құстар- талдың қонағы.

-Қаңбақ қайда қонады?

-Қаңбақ- сайдың қонағы.

-Қармақ қайда қонады?

-Қармақ –судың қонағы.

(Несіпбек Айтов) туралы түсінік беру.

Қандай сөйлемдерді оқыдыңдар?


Балалар «Аспан әлеміне» саяхатқа шығамыз. Топтық жұмыс 179- жаттығу

1-топ Сурет бойынша әңгіме құрап жаз.

2-топ Дыбыстық талдау жасау (Алма, банан, қағаз, қарындаш)

3-топ Сұраулы сөйлем құра.


Қорытынды:

Бүгінгі сабақта қайда саяхат жасадық?

Сөйлем деген не?

Сөйлем нешеге бөлінеді?

Сұраулы сөйлем деген не?

Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады?

Сұраулы сөйлем туралы білдіңдер ма?

Үй тапсырма 177- жаттығу

Бағалау





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі