400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ су - өмірдің нәрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:


Оқу ісінің меңгерушісі:

Күні: 08.01.2019 ж.

Білім беру саласы: Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Су – өмірдің нәрі.

Мақсаты:

Білімділігі: Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін судың маңызы туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Балалардың су туралы білетіндерін талқылау сұрақтарын беру арқылы дамыту.

Тәрбиелілігі: Балаларды ұйымшылдаққа, тазалыққа баулу.



Іс-әрекет бөлімдері

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Ынталандыру

Сезімді ояту

Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.

Айдай арайлап,

Күндей күлімдеп,

Судай таза көңілмен

Сабағымызды бастаймыз.

Сәлеметсіздерме, ұстаздар!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып орындайды

Ізденістер

Ұйымдастыру

1.Педагог жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін судың маңызы туралы мағлұмат береді.

Балаларға жұмбақ шешуді ұсынады.

Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,

Пайдаланбас кісі де жоқ. (су)

Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді. (су)


Су – жер бетінде ең көп таралған зат. Жер астында да су бар. Адам денесі де судан тұрады. Сусыз жануарлар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды.

«Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су».

Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеген.

«Судың да сұрауы бар» деп бағалай білген.


Балалар педагогтың айтқандарын мұқият тыңдайды




Түсінгендерін қайталап айтып береді

Тәжірибе

Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Су мен сүт қандай?

Қайсысы мөлдір, қайсысы мөлдір емес? Су мен сүтті пайдаланып көрсету арқылы түсінік беру.

Балалар тәжірибе арқылы су мен сүттің қаситеін ұғынып су мөлдір, сүт мөлдір емес деп түсіне алады.

Сергіту сәті.


Сергіту сәті.

Бала, бала, балапан

Балалар қимыл қозғалыс жаттығуын жасау

(бейнетаспа)

Әліппе-Дәптермен жұмыс

1.«Су – тіршілік көзі» тақырыбы бойынша әңгімеле. Суреттерге назарларын аударады, балалардың су туралы не білетіні, олардың пайдасы туралы айтылады.



2. Суы мол жермен сусыз жерді әңгімеле.

Су туралы мақал-мәтелдерді айту арқылы түсінік беріледі.

«Сулы жер – нулы жер».

«Бұлақ көрсең, көзін аш».



3.Судың күйлерін ата. Судың күйлерін жалдың, қай мезгілдерінде байқадың?

Судың үш күйі болады. Сұйық, қатты, бу. Қатты (мұз) – қыз мезгілінде, сұйық еріген күйі – көктемде, бу күйі – жаз мезгілінде болады.




4.Судың түрлері:

Судың бастауы – бұлақ, көл, өзен, теңіз, мұхит



Балалар сурет бойынша нақты жауап бере алады


Балалар мақал-мәтелдерді жатқа айтады.



Бейнетаспа

Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, судың 3 күйі болатынын түсінді.


Балалар судың түрлерімен танысады


Дәптермен жұмыс

Суды мекендеушілерді ата. Олардың суретін боя.

Тапсырманы орындайды

«Бес жол өлең» әдісі

«Бес жол өлең» әдісі:

  1. Су.

  2. Мөлдір, түссіз.

  3. Ағады, тасиды, пайдаланылады.

  4. Табиғаттың көркін ажарландырып тұрады.

  5. Бұлақ.

Балалар бес жол өлең құрастырады

Қорытындылау

Өзін-өзі бағалау.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған пысықталады.

  1. Судың қандай зат?

  2. Судың түсі қандай?

  3. Судың қандай күйлерін білесің?

  4. Суды қай жерлерден кездестіреміз?

Балалар сұрақтарға жауап береді

Кері байланыс

«Тілек ағашы»

Балалар стикерлердін ағашқа жабыстырады

Күтілетін нәтиже: Су – тіршілік көзі болып табылатынын білуі.

Білуі тиіс: Судың қасиетін, күйлерін ажырата білу.

Түсінігі: «Судың да сұрауы бар» деп қастерлеуді түсіну.

Көрсете білуі: Сабақ барысында тапсырмаларды орындай білуі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
646
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі