жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Су -табиғаттың құбылысы 6сынып
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
Аманкулова Айман |
||||
Пәні |
Қазақ тілі |
|
||||
Сынып: 6 «Ә» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: |
Су – тіршілік көзі |
|||||
Сабақтың тақырыбы: |
Су – табиғат құбылысы |
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.3.3.1-ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру; 6.4.4.1-сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану. |
|||||
Сабақтың мақсаты |
Оқушылардың барлығы: тақырып бойынша деректер жинақтайды, есімдіктердің құрамын, жасалу жолын меңгереді. |
|||||
Оқушылардың басым бөлігі: графиктік мәтін (диаграмма) құрастырады, жіктеу есімдіктерін ажырата алады. |
||||||
Кейбір оқушылар: сөйлемнен есімдікті анықтап, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданады. |
||||||
Бағалау критерийлері |
- деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастырады; - сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсінеді, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданады. |
|||||
Тілдік мақсат: |
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: дара және күрделі есімдік, жіктеу есімдігі, су қоры |
|||||
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: |
||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: «Су» ұғымымен қандай сөздерді байланыстырасың? |
||||||
Алдыңғы оқу |
Қазақтың үш биі туралы деректерді еске түсіреді. Кемшіліктерді түзейді, бағалайды. |
|||||
Құндылықтарға баулу |
Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу |
|||||
АКТ қолдану дағдылары |
Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтаны қолданады. |
|||||
Пәнаралық байланыс |
жаратылыстану |
|||||
Жоспар |
||||||
Жоспар ланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы 3 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында «Мен саған ұқсаймын» тренингін өткізу. Оқушылар 1-топ 2-топта тұрғандарға: «Мен саған ұқсаймын, өйткені...» деп ұқсас тұстарын айтады, 2-топ өз кезегінде: «Мен саған ұқсамаймын, өйткені...» деп ұқсас емес жақтарын айтады. Осылайша топтағы оқушылар келесі топтағы оқушылардың бәріне айтып шыққанша ойын жалғасады. Қызығушылықты ояту. Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ойтүрткі сауалдар қою: -«Су» ұғымымен қандай сөздерді байланыстырасың? Судың адам, жан-жануарлар, өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы қандай? Оқушылар өз ойларымен тірек сөздерді кластерге жазу арқылы жинақтайды, ой бөліседі, пікір алмасады. |
|
||||
Сабақтың ортасы
|
Оқылым Оқушылар 6-тапсырманы оқиды. Әр топ өзіне берілген мәтін мазмұнымен берілген диаграмманы пайдалана отырып танысады. Су – адамзат баласының өмірі мен экожүйені сақтаудағы негізгі табиғи компонент. Су қоры тапшы өңірлердің экономикасы құлдырайтыны белгілі. Ал еліміздің жалпы су ресурстарына, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қолданыстағы су қорлары ықпал етеді. Еліміздің қалпына қайта келетін су қоры жылына орташа есеппен 100,5 км3-ді құрайды. Соның тек 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасады. Қалған 44,0 км3 – шегаралас мемлекеттерден келетін су қоры. Мысалы, Қытайдан – 3,0 км3,Өзбекстаннан – 14,6 км3, Қырғызстаннан – 3,0км3, Ресейден – 7,5 км3. Сондықтан Қазақстан көрші елдердің трансшегаралық өзендерінен келетін ағын суға өте тәуелді. Табиғатты қорғау мақсатында өзендер мен көлдердің (экологиялық ағынды) экожүйелерін қорғау үшін жалпы 100,5 км3су қоры қалыптасуы қажет болса, бізге әр жыл сайын 38,6 км3 қажет. Арналар мен өзендерде қажетті инфра құрылымның жоқтығынан, булану, сүзгілеу және Қытай, Ресей сияқты шегаралас мемлекеттерден судың міндетті түрде келіп түсуі тиіс көлемінің жеткіліксіздігінен жылына 29 км3 су жетпей отыр. Оның үстіне су қорының 12,8 км3-і өзеннің ағын суының табиғи өзгергіштігі себебінен толықпай қалуда. Сонымен Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта су қорының қолжетімді, тұрақты және сенімді көлемі жылына 23,2 км3құрайды. Тапсырма. Оқушылар оқылым мәтіні бойынша деректерді сызбаға түсіріп, графиктік мәтін жазады. Әр топ бір-біріне мәтін үзіндісінің мазмұны бойынша 1 жуан, 1 жіңішке сұрақ қояды. Топтар мәтін мазмұнымен толық танысады. Дескриптор: Білім алушы -мәтінді мұқият оқиды, - мәтіннен негізгі мәліметті анықтайды; -ақпаратты графиктік мәтін түрінде жеткізе алады. ҚБ: дескрипторға сүйене отырып, сыныптасы тиімді кері байланыс береді.
Тілдік бағдарды болжау. Тілдік бағдарды болжату мақсатында «Суретті сөйлем» әдісін қолдану. Оқушылар су тамшылары арқылы мен, сен, ол және біз, сіз, олар сөздерінің жекеше және көптік мағына білдіретіндігін анықтайды. Сабақтың есімдіктерге қатысты болатындығын болжайды. Тілдік бағдар. Есімдік туралы мағлұмат беру. Жіктеу есімдігінің қызметімен таныстыру. Тілдік бағдарды бекіту. Тапсырманы орындату. Мен, біз, сол, қандай, әрқашан, әлдебіреу, қайсыбіреу, кейбір есімдіктерін құрамына және жасалу жолына қарай талдайды. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындайды. «Сен» жіктеу есімдігінің септелу үлгісін талдайды, сұрақтарға жауап береді. Дескриптор: Білім алушы - жіктеу есімдігін құрамына қарай талдайды; -жіктеу есімдігін жасалу жолына қарай талдайды; -жіктеу есімдігінің түрленуін ажыратады; -есімдіктің зат есімнің орнына қолданылу ерекшелігін анықтайды. ҚБ: дескрипторға сүйене отырып, сыныптасы тиімді кері байланыс береді. |
Оқу лық, постер |
||||
Сабақтың соңы 5 мин |
Кері байланыс Оқушылар «Инсерт» тәсілі арқылы өз ойың қорытындылап жазады. Үйге тапсырма. Оқулықтағы 109-беттегі 10-тапсырма. |
|||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||
Жұппен орындаған тапсырмада қабілеті әр түрлі оқушыларды жұптастырамын, сол арқылы бір-біріне қолдау көрсетеді. |
Тапсырмаларды оқушылар жұптасып орындап, жұптар біріне тиімді кері байланыс береді. Тиімді кері байланыс беру арқылы оқушылардың өзгелердің жұмысын бағалау арқылы өздерінің де тапсырмаларды қалай меңгергендерін байқатады әрі әділ бағалауға, ойын жүйелі жеткізуге дағдыланады. |
|
||||
Сабақ бойынша рефлексия
|
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауапберіңіз. |
|||||
|
||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген