400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Су- тіршілік көзі 7- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Су- тіршілік көзі 7- сынып жиі қолданатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну. Сөздік қорды толықтыру берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану Мәтінді түрлі формада ұсыну тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Су – тіршілік көзі»

Күні:9.12.19ж

Сынып: 5 «д»

12-сабақ

Мектеп: Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ


Мұғалімнің аты-жөні: Жақсыбаева Н.С.



Қатысқандар саны: 14

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2. Мәтіннің мазмұнын түсіну

3.3.2.1. жиі қолданатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.​2.​1.​1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.​4.​1.​1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша сөздерді қолдау арқылы қолданады

Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, тақырып бойынша сөздерді қолданады, сурет бойынша әңгіме құрап жазады

Оқушылардың кейбірі: Мәтін мазмұнына қатысты сұрақтар құрастырады, тақырып бойынша ойын сауатты жеткізеді

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің мазмұнын түсіну;

  • Сөздік қорды толықтыру

  • Мәтінді түрлі формада ұсыну

Лексикалық минимум

Үнемде , дәмді, тұщы

Грамматикалық минимум

Жалғау түрлері


Құндылықтарды дарыту

Суды бағалауға, үнемді қолдана білуге баулу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, музыка, қазақ әдебиеті


АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім


7-бөлім:Су –тіршілік көзі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин


Қызығушылықты ояту Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру




- Сәлем, достым!

- Қалің қалай(иықтарынан қағады)

- Қалай дем алдың?(құлақтарынан тартады)

- Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

- Қош келдің!(қолдарын жаяды)

- Күніміз сәтті болсын!(құшақтайды)


Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Тыңдалым дағдысы бойынша үнтаспадан

«Су – тіршілік көзі атты» мәтін тыңдалды Тыңдалған мәтіні бойынша оқушылар тест тапсырмаларына жауап берді.

(Т) «ШЫН» және «ЖАЛҒАН» ойыны.

Анимация желісінде сұрақтар шығып отырады.

  • Сусыз адам да, жануар да өмір сүре алады.

  • Су мөлдір, таза тұщы болады.

  • Балық суда өмір сүрмейді.

  • Көлшіктің суы буға айналады.

  • Суғы қоқыс тастаған пайдалы.

  • Суды үнемдей білуі керек.

  • Лас су денсаулыққа пайдалы.

  • Құдықтың суы жылы болады.

  • Су – тіршілік көзі.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Мәтіннің мазмұнын түсіну;

  • Сөздік қорды толықтыру

  • Мәтінді түрлі формада ұсыну







Таратпа материалдар





слайд

Сабақтың ортасы

28 мин


(ЖЖ) Мәтінді оқып, суды үнемдеудің ережесін дайындаңдар.

Мәтін.

Сусыз бақша, ағаштар, гүлдер қурайды. Су бізге өмір сыйлайды. Адамдар тұщы суды пайдаланады. Әлемде тұщы су аз, ащы су көп. Біз тұщы суды үнемдейміз. Суды босқа төкпейміз. Суға қоқысты тастамаймыз. Табиғатты ренжітуге болмайды!


Мысалы:1. Суды үнемде!

2. Суды қоқыстан сақта!

3. Суды бағалай біл! т.б.


Қысқа мадақтау айту арқылы бағалау(«Жарайсыздар!», «Тамаша!»)

(Т) «Кел,ақылдасайық!»

Оқушылар 4-5 оқушыдан топта жұмыс істейді. Әрбір топқа қима қағаздарда жазылған сөздер ортаға тасталады.

1-тапсырма: Оқушылар «Не?», «Қандай?», «Қайтеді?» деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді кестеге орналастырады. (желім беріледі)

Не?

Қандай?

Қайтеді?

өзен

терең

қопсытады

жер

тұщы

отырғызады

көл

дәмді

өседі

тамшы

лас

суарады

құдық


емдейді

теңіз


қайнатады

сусын


ренжиді

жағажай


үнемдейді


Кері байланыс: Не қиын болды? Неліктен?


2-тапсырма: Жіктік, көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қолдана отырып, 4 түрлі сөйлем жазу.

Үлгі: Біз балық аулаймыз.

Балалар жағажайда ойнап жүр.

Мараттың суы таусылды.

Менің әкем бақша суарды.


(Ө) А-тапсырмасы – сипаттап жазу

Ә-тапсырмасы – сипаттап айту

А-тапсырмасы:

Сурет бойынша «Дәмді», «тұщы», «терең» деген сөздерді пайдаланып, өзенді сипаттап 4-5 сөйлемнен тұратын әңгіме жазады.


Ә-тапсырмасы: Сурет бойынша «Лас», «арамшөп», «айнала» деген сөздерді пайдаланып, көлшікті сипаттап 4-5 сөйлеммен әңгімелеп айтады.




Дескриптор:

  • Сурет бойынша әңгіме жазады, әңгімелеп айтады (4-5 сөйлем).

  • Сөздерді дұрыс байланыстырады.

  • Тыныс белгілерді дұрыс қояды.

Кері байланыс: «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Shape2

Жеңіл болды

Shape3

Shape4 Ойландырды

Қиын болды


(ЖЖ) Тілдесім.

Оқушылар санамақ арқылы жұптасады.

Тапсырма. Сұрақтарды пайдаланып, сұхбат құрыңдар.

  • Үйде суды неге пайдаланасың?

  • Сен суды қалай үнемдейсің?

  • Үйде қандай суды пайдаланасың: тазартылған су ма әлде ағын су ма?

  • Сенда аквариум бар ма?

  • Сен үйде аквариумдағы балықты ұстағың келе ме?

«Сандар» әдісімен сыныптастарының жауаптарын бағалайды.

5 саны – «өте жақсы»

4 саны – «жақсы»

3 саны – «орташа»














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
1171
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі