Материалдар / Ашық сабақ "Су – тіршілік көзі Ә. Тәжібаев «Сырдария» өлеңі." 5-сынып

Ашық сабақ "Су – тіршілік көзі Ә. Тәжібаев «Сырдария» өлеңі." 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
5-сыныпқа сабақ беретін әріптестеріме көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2018
887
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: 5-бөлім. Су – тіршілік көзіӘ. Тәжібаев «Сырдария» өлеңі.3-бөлімше. 1- сабақ. Судың маңызыМектеп: «№ 5 мектеп-гимназия»

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенова Гульназ Солтангазыновна

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттарыТ5. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтауА4. Мәтіннің мазмұнына жоспар құрып, соған сүйеніп баяндайды;ТБ1.3. Сан есім атауларын білу, орынды қолдану;Ж2. Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу;
Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:Тақырыпты тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтайды.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Мәтіннің мазмұнын түсінеді, жоспар құрады, сан есімдерді қолдана отырып, баяндайды.


Кейбір оқушылар орындай алады:Эссе құрылымын сақтай отырып, берілген тірек сөздер мен сөз тіркестері арқылы «Судың маңызы» тақырыбына эссе жазады.
Тілдік мақсатОқушылар орындай алады: Су - тіршіліктің көзі екендігін, сусыз өмірдің болмайтындығын түсінеді.Меңгерген мәліметтер бойынша сұрақтар қойып, жауап береді. Шынайы өмірде суды қалай қолдану керектігін, судың құрамын, жалпы адам ағзасына пайдалы екенін біледі.


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:тамшы, қоры, тіршілік көзі, маңызы, қырау, үнемдеу, қорғау


Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: жаңбырдың тамшысы, судың қоры, су-тіршілік көзі, маңызы, оюланған қырау


Талқылауға арналған сұрақтар:Судың маңызы неде?Табиғатта су қандай түрлерде кездеседі? Суды қалай үнемдеуге болады?Мемлекет көлемінде су қорғалады деп ойлайсыңдар ма?


Не себепті ... деп ойлайсың? Неліктен суды «тіршілік көзі» деп атаймыз?


Ишара: теңіз толқыны, тербеліс, құстың ұшуы
Құндылыққа баулуЗайырлы қоғам және жоғары руханият.
Пәнаралық байланысЖаратылыстану, математика
Алдыңғы оқуСу, судың табиғатта кездесетін күйлері туралы айта алады, суды күнделікті өмірде қалай және қандай мақсатта қолданатынын біледі.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Жоспар-ланған уақытЖоспарланған жаттығу түрлеріҚалыптас-тырушы бағалауРесурстар
САБАҚТЫҢ БАСЫ
13мин1-әрекет.Ұжымдық жұмыс. Психологиялық ахуал қалыптастыру «Тілек құмырасы» әдісі. Оқушылар құмырадағы суды өздеріне тиесілі нөмірленген стақандарға құйып тұрып, осы сабақта жете аламын деген мақсаттарын айтып, суды ішеді. 2-әрекет. Топқа бөлу: Стақандарының нөмірлері бойынша топқа бөлінеді.











Қорапша, нөмірленген стақандар, суы бар құмыра


3-әрекет.Ширату жаттығулары.Бағалау критерийлері:Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау;Тапсырма. «Бейнені таны» әдісі арқылы суретке сәйкес сөздерді тап, сұрақтарға жауап бер.Берілген суретте не бейнеленген?Суды қандай жағдайда пайдаланамыз?Су тіршілік көзі деп не үшін айтамыз?Дескрипторлар:Оқушылар тірек сөздердің мағынасын ұғады;Суреттің мағынасын ұға отырып, соған қатысты сөздерді дұрыс сәйкестендіреді;Негізгі тақырыпты анықтап, сабақтың тақырыбын ашады;4-әрекет.Сізге сурет бойынша тақырыпты болжау оңай болды ма?Себебі?Неден қиналдыңыз?Себебі?ҚБ: өзін- өзіИнтерактивті тақта, сөздер жазылған үлестірме қағаздар



Сабақ мақсатымен таныстыру.Тақырыпты тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтаймыз.Мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, жоспар құрамыз.Сан есімдерді қолдана отырып, баяндаймыз.Эссе құрылымын сақтай отырып, берілген тірек сөздер мен сөз тіркестері арқылы «Судың маңызы» тақырыбына эссе жазамыз.

А3 форматта оқу мақсаттары жазылып, тақтада ілінеді.

САБАҚТЫҢ ОРТАСЫ
23 мин5-әрекет. Топтық жұмыс.Бағалау критерийлері:Мәтіннің мазмұнын түсінеді, жоспар құрады; Тапсырма. «Оқиға картасы» әдісі арқылы мәтінді тыңдап, тыңдаған мәтін бойынша жоспар құрастыр;Дескрипторлар: Мәтінді тыңдайды; Мәтіннің мазмұнын түсінеді; Мәтінніңм мазмұны бойынша жоспар құрады; 6-әрекет.Кері байланыс«Әткеншек»әдісі арқылы әр топ «Екі жұлдыз, бір тілек» жазадыҚБ: топтық

Оқулық 99-бет, 4-тапсырма, флипчарт, түрлі қағаздар,маркерлер,стикерлер



7-әрекет. Жұптық жұмыс.Бағалау критерийлері: Жоспар бойынша, сан есімдерді қолдана отырып, баяндайды. Тапсырма. «Ой жалғастыру» әдісі арқылы жұптасып, сан есімдерді пайдалана отырып, мәтінді жоспар бойынша баяндайды, «Ең үлкен мұздықтар мен айсбергтер» туралы қосымша ақпарат қарастырады; Дескрипторлар: Жоспармен танысады; Жоспар бойынша сан есімдерді пайдалана отырып, Мәтінді баяндайды;







8-әрекет.Кері байланыс. «Үш ақпарат» әдісі арқылы бір маңызды, бір таң қалдырған, бір ойландыратынҚБ:жұптық









Сергіту сәті (іс-қимылмен көрсетеді) Теңіз толқиды-бір, Теңіз толқиды-екі, Теңіз толқиды-үш, Құстай болып, ұш!
САБАҚТЫҢ СОҢЫ
9 мин9-әрекет. Топтық және жеке жұмыс.Бағалау критерийлері:Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу;Тапсырма. «Графикалық органайзер» әдісі бойынша эссе құрылымын талдап, «Судың маңызы» тақырыбында эссе жазыңыз;Дескрипторлар: «Графикалық органайзер» әдісі арқылы эссе құрылымын топта талдайды; кіріспе бөлімде суға жалпы сипаттама береді; негізгі бөлімде судың адам үшін маңыздылығын жазады;қорытынды бөлімде суды үнемді қолдануға ұсыныс білдіреді;10-әрекет.Топта ең үздік эссені таңдап, ұжымға оқидыҚБ:топтық





11-әрекет. Рефлексия «Кофе таяқшалары» әдісі арқылы оқушылар сабақ бойынша сұрақтарға жауап береді;Дескрипторы:Таяқшаларды таңдайды;Таяқшаларда жазылған сұрақтарға жауап береді:Өз ойларын дәлелдейді:12-әрекет.«Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы ойларын стикерге жазып, іледі:Бүгін сабақта не білдің?Ақпараттың қай түріне қызығушылық таныттың?Алынған ақпаратты өмірде қалай қолданасың?Кофе стақаны мен таяқшаларыБаспалдақтың суреті, стикерлер




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ