Ашық
сабақ
«Су асты
әлемі»
Өткізген: логопед
А.С.Бисембаева
Тақырыбы: «Су асты
әлемі»
Мақсаты:
-
Түзету-оқыту мақсаты:
Оқушыға су асты әлемі, онда тіршілік ететін жануарлар мен
жәндіктер туралы түсінік бере отырып, олардың атауларын қайталау.
Дидактикалық тапсырмаларды орындату арқылы балықтарды ажырату.
Тапсырмалардың шарттарын дұрыс және өз бетімен орындау, қағаз
бетінде бағыттау. Сөздерің әріп санын анықтауға, буын туралы
түсінігін дамытуға және сөйлем құрау дағдысын дамыту. Сөздік қорын
молайту, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
-
Түзету-дамыту мақсаты:
Оқушының ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын
молайту. Танымдық процестерін, ойлау, есте сақтау, қабылдауын
дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін және қолдың ұсақ моторикасын
дамыту. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Фонематикалық есту
қабілетін арттыру.
-
Түзету-тәрбие мақсаты:
Табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қоршаған ортаны таза
ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын
сабақ
Көрнекілігі: айна, пазл,
сурет, компьютер, үнтаспа, карточкалар, жануарлардың макеті,
қағаздан жасалған қайық, ыдыспен су,
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру бөлімі
-
Сәлеметсіңбе Арнұр?
-
Бүгін бізде ерекше сабақ, ал сен сабаққа
дайынсыңба?
-
Жақсы олай болса, орнымыздан тұрып өлең жолдарын менің
соңымнан қайталашы.
-
Психологиялық дайындық.
Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын,
Бүгінгі күніміз
Сәттілікке толсын.
-
- Өте жақсы, енді дайын болсақ күндегіше сабақ бастамас
бұрын артикуляциялық жаттығулар жасайық: (Карточкаларды пайдаланып,
айна алдында)
-
«Ине»,
-
«Саңырауқұлақ»,
-
«Құймақ»,
-
«Жаңғақтар»,
-
«Тәтті тосап»,
-
«Сағат»,
-
«Әткеншек»,
-
«Аттар».
-
Өте жақсы, енді «Кайық» тыныс алу жаттығуларын
орындаймыз:
-
Енді қане дұрыс сөйлеу ережесін еске
түсірейікші:
Дыбыстарды дұрыстап,
Сөйлейміз біз анықтап.
Жұрнақ-жалғау жалғаймыз
Сөзден сөйлем құраймыз.
2. Жаңа сабақ.
-
Ал енді, мына әуенді тыңдап көрші.(Судың дыбысы бар
үнтаспа) Сен ненің дыбысын естіп тұрсың?
-
Ия, бұл судың дыбысы.
-
Олай болса, біз бүгінгі сабақта су туралы
айтамыз.
-
Сен қалай ойлайсың, суда тіршілік иесі бар ма?
-
Жақсы, ендеше сен тыңда, мен саған су туралы әңгімелеп
беремін.
-
Жер бетінде көлдер, өзендер, теңіз, мұхиттар көп.Суда да
тіршілік иелері бар. Атап айтсақ, медуза, теңіз
жұлдызы, атбасты балық, сегізаяқ, тасбақа,
кит және түрлі балықтар
негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар.
Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі.
Балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Желбезек
арқылы балықтар суда араласқан оттегі түседі. Жануарлар мен
жәндіктер жерде және суда тіршілік етіп көбейсе, ал балықтар тек
қана суда ғана тіршілік етіп көбейеді. Олар су астындағы шөптермен,
жәндіктермен қоректенеді. Түсінікті ме? Олай болса мына суреттермен
танысайық.
(Суда мекендейтін жәндіктердің суретін көрсету,
атау)
3. Тапсырмалар
Ал
қазір біз тапсырмалар орындаймыз, сен дайынсыңба?
1.
Айтылған сөздердің әріптер санын анықта;
-
Қазір мен сөздер айтамын, ал сен сол сөзде канша әріп болса, сонша
моншақты жіпке тізесің. Сөздер: су, көл, бақа, балық,
теңіз.
- Өте
жақсы, жарайсың! Енді біз мынадай тапсырманы орындаймыз.
2.
«Кезектеспек» ойыны;
Біз
қазір мынадай ойын ойнаймыз, сен мына буындарды дауыстап оқисың, ал
мен сол буынға ұйқас сөз айтамын. Содан кейін екеуміз ауысып
орындаймыз.
Ба-ба-ба------балық
Лу-лу-лу------ұлу
Те-те-те------теңіз
Қа-қа-қа------бақа
Бал-бал-бал------балдыр.
3.
Карточкадағы сөздердің жетіспейтін әріптерін тап;
Мынау
саған карточкалар, онда сурет және сол суреттің атауы жазылған.
Бірақ бір әріптен жетіспейді. Сол сөзді оқып, жетіспейтін әрпін
тауып жазуың керек.
Ба...ық (л), те...із (ң), с... (у), ө...ен (з), мұ...ит
(х), та..бақа (с), қай...қ (ы).
4. Сергіту сәті.
Сен
шаршаған боларсың, қазір біз біраз тынығып алайық.
Балық болып жүземіз,
Шынығамыз суда біз!
Шынықсақ біз бәріміз,
Шымыр болып өсеміз!
5. Суреттерді атап, сөйлем құра;
Міне, саған суреттер беріледі, сол суреттерді атап, сөзді
қатыстырып сөйлем құрастыр.
4. Қорытынды
- Жарайсың!
- Бүгін сабақта біз не
істедік?
- Сен қай тапсырманы ұнатып
орындадың?
- Жақсы, олай болса осымен сабағымыз аяқталды,
саған рахмет.
Үйге
тапсырма: Тақпақты жаттау:
Ақ балық-ау,ақ балық,
Үркек балық,сақ балық,
Суды үнемдеп тазалап,
Балықтарды
сақталық.