Материалдар / Ашық сабақ "Су бетіндегі күзгі көрініс" Педагог-психолог
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Су бетіндегі күзгі көрініс" Педагог-психолог

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Су бетіндегі күзгі көрініс" сурет салу технологиясында Эбру әдісін қолдану арқылы мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. Педагог-психолог
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2021
979
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық оқу қызметінің тақырыбы: «Су бетіндегі күзгі көрініс»


57 «Салтанат» балабақшасы

Педагог-психологы: Ерденбекова Жанар Өмірзаққызы


Мақсаты: Дәстүрден тыс сурет салу технологиясында «Эбру» әдісін қолдану

Міндеті: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық сезімдерін ояту.

Жұмыстын түрі: Практикалық-зерттеушілік

Ұйымдастыру кезеңі:

Психолог: Сәлеметсіздер ме балалар! Көңіл-күйлерің қалай?

Балалардың жауабы:

Психолог: Олай болса балалар, көңіл-күйімізді көтеріп алайық!

Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық,

Жүректің жылуын салайық,

Жиналған бар жылуды,

Қонақтарға шашайық!

Психолог: Балалар, қараңдаршы мына жерде есік бар екен. Бұл есіктің арғы жағында не бар? Кім біледі? Қане өтіп көрейікші, онда бізге не бар екен? (Айнала түрлі-түсті табиғат көрінісімен безендірілген. музыка ойнап тұрады. Ортаға күз ханшайымы шығып балаларды қарсы алады).

Ғажайып сәт:

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме балалар!

Балалардың жауабы: Сәлеметсіз бе!

Күз ханшайымы: Сіздер менің кім екенімді білесіздер ме?

Балалардың жауабы: Ия, күз ханшайымысыз

Күз ханшайымы: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалардың жауабы: Күз айы

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар!

Балалар, мен сіздерге тапсырма бергім келіп тұр, Орындайсыздар ма?

Балалардын жауабы: Ия, орындаймыз.

Психолог: Олай болса берілген тапсырманы орындап көрейік.

Күз ханшайымы: Түрлі-түсті бояуларды пайдаланып, ыдыстағы суға күз көрінісінің суретін салыңыздар.

Психолог: Қызық екен, суға қалай сурет салуға болады? Қане зерттеп көрейікші.

Зерттеу жұмысы:

Психологтың әрекеті: Суға сурет салу барысында қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді, балаларды суға сурет салу ережесімен таныстырады.

Психолог: Берілген екі ыдыс судын айырмашылығына назар аударамыз, екі ыдыс судын бетіне бояуларды орналастырып көрейік. Бірінші ыдыстағы «сұйық» екінші ыдыстағы крахмал қоспасы бар су.

Балалардың әрекеті: Екі ыдыстағы судын бетіне бояуларды қылшық пен тамшылай отырып орналастырады.

Сұрақ жауап:

Сұйық судын бетінде бояу қалды ма?

Ал, крахмал қоспасы бар судын бетінде бояу қалды ма?

Қайсы ыдыстың суына сурет салуға болады?

Балалардың жауабы:

Психолог: Ал, ендеше осы екінші ыдыстағы суға күз көрінісінің суретін салып көрейік. Ол үшін таяқшаларды пайдаланып, ағаштар бейнесінің суретін саламыз.

Бояуларды су бетіне дұрыс орналастырып, бояудың суға жайылмауын қадағалаймыз.

Балалардың іс әрекеті: Балалар су бетіне түрлі-түсті бояуларды қылшықпен орналастырып, таяқшамен сызықтар жасау техникасын қолданады. Күз көрінісінің бейнесін қағаз бетіне түсіру үшін А4 қағазды су бетіне салып, зерттеу жұмысын аяқтайды.

Күз ханшайымы: Жарайсындар балалар! Менің берген тапсырмамды дұрыс орындап көрсеттіндер. Ал , енді екінші тапсырмамды орындап көріндер.

Психолог: Балалар, күз ханшайымының екінші тапсырмасын орындаймыз ба?

Балалардың жауабы:

Психолог: Жақсы, алдымен бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Саябаққа барамыз,

Жүзім теріп аламыз,

Жүзім теріп аламыз,

Себетке біз саламыз.

Психолог: Балалар, Күз ханшайымының екінші тапсырмасы «Күлгін орман» деп аталады екен. Мына тұрған кілемшеге орманның күз көрінісін бейнелеп көрейік. (Балалар тапсырманы орындайды)

Күз ханшайымы: Сіздер менің екі тапсырмамды да дұрыс орындай білдініздер. Сол үшін мен сіздерге орманның асыл тастарын сыйлағым келеді. (Күз ханшайымы сыйлықтарды психологқа тапсырып, қоштасып шығып кетеді).

Психолог: Балалар, күз ханшайымына алғысымызды айтайық.

Балалардың жауабы: Рахмет күз ханшайымы!

Психолог: Балалар, міне біздін де балабақшаға оралатын кезіміз жетті. Балабақшамызға оралайық.

Рефлексиялық сәт: Балалар, бүгінгі біздің экскурсиялық сабағымызда сіздер сурет салудын жаңа технологиясы «Эбру» әдісімен таныс болдыңыздар.

Сіздердің әр қайсыңыз, әр түрлі күз көрінісін су арқылы қағаз бетіне бейнеледіңіздер. Сіздер бүгіңгі зерттеу жұмысымызда үлкен жұмыс атқардыңыздар. Сіздерге көп рахмет!

Қорытындылау:

Сұрақ - жауап:

Балалар, бүгінгі сабағымызда сендер не үйрендіңдер?

Сендерге бүгінгі сабағымыз несімен қызықты болды?

Күзде жапырақтардың түсі қандай болады екен?

Балалардың жауабы:

Психолог: Ендеше, мен сіздерге Күз ханшайымының сыйлықтарын таратайын. (Сыйлықтар таратылады)


Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттерінің бірі сурет салу кезінде табиғат құбылыстары туралы түсінігі қалыптасып, көркем бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады. Бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу қызметі бір жағынан, эстетикалық өнеріне тән қасиетті қалыптастырса, екінші жағынан өзбеттілік, қиял, оймен жұмыс істеу сияқты шығармашылық іс әрекетті қалыптастырады.





















Нұр - Сұлтан қаласы Білім әкімдігінің №57 «Салтанат» балабақшасы МКҚК













Ашық оқу қызметінің тақырыбы:

«Су бетіндегі күзгі көрініс»










Дайындаған: №57 «Салтанат» бб

педагог - психологы Ерденбекова Ж.Ө














Нұр - Сұлтан қаласы 2021ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!