400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Су моншақтың шығу тарихы мен оның сапасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды бисердің шығу тарихымен ,шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге, онымен жұмыс барысында сапасын анықтауды үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың мақсаты:  Су моншақтың шығу тарихы мен оның сапасы


Білімділік мақсаты: Оқушыларды бисердің шығу тарихымен ,шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге, онымен жұмыс барысында сапасын анықтауды үйрету;
Дамытушылық мақсаты: өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндірмелі - иллюстрациялық.
Пәнаралық байланыс: тарих, биология, бейнелеу.

Сабақтың көрнекілігі: су моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері, сызбалар, кітаптар, су моншақ түрлері.

Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі су моншақтар, бисер, картон, сым темір, қайшы, бисер салатын ыдыс.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру)
2. Білімдерін тексеру

Техника қауіпсіздік ережелерін сұрау
3. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсаты мен міндеттерімен таныстыру
4. Жаңа тақырыппен таныстыру.


Бисердің шығу тарихы. Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау
мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен таз іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.
Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі.
Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.
Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға

тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.

Су моншақпен сәнді жұмыстар көне заманнан да басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген. Су моншақ ертеде тау хрустальі мен анық тастардан даярланған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жасқырауық тастап жатады. Шыны, моншақ жасайтын, шеберлерді, қатаң ұстап, оларды ешкіммен араластырмады. Басқа мемлекеттерде бәсекелестері болмауын қалады. Әйгілі саяхатшы Марко Полоның әкесі бисер жасау шебері болыпты. Марео Поло өзінің сапарынан оралғанда су моншақ жасау кәсібінен байыған мемлекетті көріп таңданған. Орта Азия мен қазақ халқының сәнді тұрмысында моншақ, маржандау әдісі ертеден белгілі болған. Өте әдемі, көздің жауын алатын, жылтыраған нәзік зат – моншақты барлық ұлттардың қолөнер іскер шеберлері тіккен. Онда маржандау әдісімен әйел баласының сырға, білезік, сақина, алқа, өңіржиек, сияқты заттарын толықтыру үшін, ұлттық киімдер, кимешек, жақтауы, қамзол, тақия, аяқкиімдерді, ат - әбзелдерін безендірген. Қазіргі сәнгерлерде су моншақтарды киімді және аксессуарларды әшекейлеу үшін қолданады. Валентин Юлдашкин көйлектерді тегіс аса керемет су моншақпен кестелейді. Эмануэль Унгаро және Бернара Перридің көптеген су моншақтық алқалары көйлекті су тасқыны және лаулаған от сияқты көрсетеді. Жан - Поль Готье сөмкелерді су моншақ және шыны моншақтармен әшекейлесе, Осимар Версалато белбеумен, жағаларды әшекейлейді. Кристиан Лакруа су моншақтардан жекеттер мен шалбарлардың жеке бөліктерін құрастырған, ал Пако Рабан – түгел көйлекті су моншақпен әшекейлеген.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Эмиль Галле және Тифанни секілді модерн стилінің суретшілері шынының су моншаққа көңіл бөлген болатын. Өткен ғасырдың 20 - жылдары су моншақ әйел адамдардың киімдерін әшекейлеуде сәнгерлерде үлкен қолданысқа ие болды. XX ғасыр бойы су моншақпен сауда тоқтаған жоқ. Жақында су моншаққа деген қызығушылық бүкіл әлемде болды. Су моншақпен тігу шығармашылықтың бір түріне айналды. Қазіргі күнде нағыз үлкен су моншақ шығаратын жер – Жапония, Тайвань, Чехия. Тайвандық су моншақ – сапасыз, өз түрін, түсін де тез жоғалтады да, тез сынады, тесігі инеге кірмейді.. Чехиялық су моншағы өте қажет, бағасы да, сапасы да көңілден шығады. Чех су моншағын әр түрлі нәрсеге қолданады. Өте сапалы саналатын су моншақ – Жапон су моншағы. Жапон су моншағы Чех су моншағынан үлкендеу, ортасының тесігі де үлкен, бағасы да, сапасы да адамдарға қажет.
Бисердің отаны - Ежелгі Египет. Міне солардан бисер деген атаумен жаңа ұғым пайда болды. Египеттен, Сириядан бисердің технологиясы Рим империясына дейін тарады. Бірте - бірте алғашқы біздің дәуірімізге дейін Италияда, Грецияда, Германияда, Испанияда, Францияда пайда болды. Уақыт өте келе Шығыс халқына Африка, Индия, Америкаға, Тынық мұхит аралдары мен Европаға, Азияға кенінен таралды. Су моншақтын атауы әр халықта әр қалай болған. Молдавияда - гарданы,
Ресейде - бисер, Қазақстан мен Қырғыстанда – моншақ, су моншақ деп аталады. Моншақпен сәнді жұмыстар жасау тарих өте ардан басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлігінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелденген. Моншақ ертеде тау хрусталі мен анық тастардан даярлаған. Бағалы тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан, жасқырауық тастары жатады. Мұсылман дінінде су моншақтарды тіл, көз, сұқ тимейтін сәнді зат ретінде қолданады. Ресей патшасы Екатеринаға Жәңгір хан бисерден және әсем асыл тастардан әшекейлеген керемет сәнді сәукелені сыйға тартқан екен. Осы кезге дейін сәукеле Ресейдегі мұражайда сақтаулы. Күннің көзінен сақтап, көрмеге көп шығарылмайды, өйткені күн сәулесінен тастар үгіліп қалуы



Бисерді неден жасайды?

Шыны Керамика


Хрусталь Металл



5. Сабақты бекіту:
Енді оқушылардың бисер туралы түсініктерін тұжырымдап алу үшін «Ғажайып қоржын» ойыны ойналады. Ойынның шарты: қоржыннан асық алу арқылы сұрақтарға жауап беру.
1. Су моншақ дегеніміз не?
2. Су моншақ алғаш қай елде пайда болды?
3. Су моншақпен сәнді жұмыстар жасау қай кезден қолданыла басталды?
4. Су моншақ атауы қандай сөзен шыққан?

5. Су моншақтардан қандай бұйым жасалынады?

6. Су моншақпен жұмыс істеу нені талапа етеді?


Қорыта келгенде, жұмыстың (композицияның) жасалуында біліктілікті, білімділікті, нәзіктілікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етілуін қадағалау

6. Үйге тапсырма.
Түсінік айту


7. Бағалау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
2135
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі