Ашық сабақ "Су. Ол қандай?" жаратылыстану 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Су. Ол қандай?" жаратылыстану 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген материал жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беретін 2 сынып бастауыш мұғалімдеріне арналған. Бұл жоспар арқылы жаратылыстану сабағында су тақырыбына арналған тәжірибелердің түрлері көрсетілген. Сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ құрылымын көруге болады. Топпен жұмыс жасаудың формалары және әдіс-тәсілдерін қарастыруға болады. Топпен жұмыс түрлерін бағалаудың түрлері тағы жинақталған.Жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс жасайтын ұстаздарға сабақ жоспарлауда көп септігін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: 80 мектеп-гимназия

Күні: 11.12.2017 ж

Мұғалімнің аты-жөні : Смагулова М.Е.

Сынып: 2 «Г»

Пән: Ғылымға кіріспе


Қатысқандар:

Қатыспағандарсаны:


Сабақ тақырыбы


4-бөлім

Заттар мен олардың қасиеттері


Су. Ол қандай екен?



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.2.4.5 Судың адам өміріндегі маңызды, оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру және олардың қызметтерін атау;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйренеді

Оқушылардың басым бөлігі: су туралы түсінік алады және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы біледі.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Күтілетін нәтиже

 Судың табиғатта баға жетпес сый екенін біледі, түсініктерін қалыптастырып дамытады. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттауға үйренеді


Бағалау критерилері

Судың адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат ала отырып, суды   қорғау керек екенін түсінеді

Тілдік мақсат

Оқушылар «су», «табиғат» сөздерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрайды.





Құндылықтарды дарыту

Судың маңыздылығы жайлы айта келе суды үнемдеуге тәрбиелеу.

Алдыңғы меңгерілген білім


Мөлдір денелер және материалдар


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі. Бір-біріне сәттілік тілеу(смайликтер қолдану)

Айналаңды қоршаған
Табиғатты сүйе біл
Қауіп-қатер төнсе оған
Қамқорға алып сүйе біл

Топқа бөлу (қызыл, сары, көк, жасыл қағаз қиындылары арқылы)

Өткенді қайталау. Шармен практикалық жұмыс

«Ауа туралы» ассосиация. Желпуіш әдісі арқылы бағалау



Смайликтер

Түрлі-түсті қима қағаздар

Желпуіштер

Сабақ ортасы


Миға шабуыл

«Судыңда сұрауы бар» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

Сабақтың мақсатымен таныстыру


-Су дегенде ойларыңа не келеді?
Су сөзіне топтастыру жұмысы:шық, мұз, бу, тұман, мұздақ, қар, жаңбыр, сел, көл, өзен, теңіз, мұхит.


Су туралы түсіндіру. Картамен жұмыс.
Картада су көк түспен белгіленге
н. Су жердің үштен екі бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар – судың қатты күйі.
Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді.
Бу – мөлдір, түссіз газ. Бу – судың газ түріндегі күйі. Судың өзіне тән қасиеттері болады. Оны тәжірибе жасау арқылы анықтауға болады.

Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. (үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету)

Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.

Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен? (балаларға мұз беру, ол ери бастайды.)

Мұзбен не болады? Иә дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы.

Тәжірибе жасау.

1. Судың нақты пішіні болмайды.

2. Су – мөлдір. Судың түсі жоқ. Ол түссіз.

3. Судың дәмі жоқ.

4. Судың иісі жоқ.


Тәжірбелер.

І.Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші?

«Судың иісі жоқ»

Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінгенше, тағы да қайталап иіскету керек. Ал екінші ыдыста түссіз тәтті суға ванилин араластырған суды құйып, балаларға иіскету керек. Балалар екі ыдыстағы судың айырмашылықтарын айтады.

(балалар суды иіскеп көреді)

ІІ.Судың пішіні бар ма? «Суда пішіні жоқ»

Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю)

Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.

ІІІ. Судың дәмі бар ма? «Суда дәм жоқ»

Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды түтікше арқылы ішіп көріңдер. (балалар суды ішіп көреді)

Енді осы суға кейбіреулерің   қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен? (балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады)

Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.

ІҮ. Судың түсі бар ма? «Су — мөлдір»

Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжирибе арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық. (балалар суға гуашь бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін айтады)д

Сонымен қатар суды мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стақанға қасық салайық, қасық көрінеді ме? Иә көрінеді, ал сүт құйылған стақанға қасық салсақ ол көрінеді ме? Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.

Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс. Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік.

Ойлан!

Табиғатта суды қайдан аламыз?



«Су -тіршілік көзі» бейнекөрінісі; аудиоматериал тыңдау

Карта, глобус

Кластер




















Тәжірибеге қажетті заттар: стакан, су, тұз, қант, гуашь

Сабақтың соңы


Сабақты бекіту.  Дананың кілттері

Топтық жұмыс
1-топ. «Әліпби» кілті — сөздерді ретімен орналастыр 
Мөлдір, түссіз, исі бар, көк түсті, исі жоқ, сүзіледі, пішінді, пішіні жоқ, тұнық, сұйық, отты жанғызады. 
2-топ. «Тағы қалай» кілті – суды тағы қалай пайдалануға болады? 
3-топ. «Егер де» кілті – егерде су болмаса ... 
4-топ. «Жөнсіздік» кілті – ырым-тыйымдар


«Бес саусақ» әдісі кері байланыс


Қорытынды.

«Ыстық доп» ойыны.

1-қадам. Жер бетінің неше бөлігін су алып жатыр?

2-қадам. Судың неше күйі бар?

3-қадам. Судың қасиеттерін ата

4-қадам. Табиғи су көздерін

Рефлексия:

Білгін мұны балалар

Сусыз құрғақ далалар

Сусыз қараң далалар

Ескертеміз бар ұлға

Ескертеміз бар қызға

Суды босқа ағызба.

Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды. Бағалаудың үш сатысына стикерлер жапсырады. Жетістік баспалдағы әдісі

1.Су туралы түсіндім дегендер жетістік баспалдағының ең жоғарғы бөлігін таңдайды

2. Атауларын білемін, бірақ шатасамын дегендер ортаңғы бөлігін таңдайды.

3. Қиналамын дегендер төменгі бөлігін таңдайды.



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
4576
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі