400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Су-өмір нәрі" мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне содай-ақ,мектепалды даярлық сыныптарда тәжірибе сабағында қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы:  Су – өмір нәрі.

Сабақтың мақсаты:  1.Балаларға су,оның қасиеті,маңызы,пайдасы туралы түсінік беру.

2.Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық,дәм сезу,иісін,түсін ажырата білу дағдыларын дамыту,жетілдіру.

3.Суды үнемдеуге,ластамауға,табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Белингвизм: Су-вода,мұз-лед,қар-снег.


Сабақтың әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ – жауап, мадақтау.

Сабақтың көрнекілігі: слайд – шоу, су,стақан, қант, тұз,топырақ, қасық, сүт, гуашь бояулары, әр түрлі суреттер және т.б

Сөздік жұмыс: судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз, мұз, сұйық, бу.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Балалар барлығымыз шаттық шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайықшы.

Шаттық шеңбері:

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз. Бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбын айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар:

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?

Жауабы: Су.

Дұрыс балалар, әрине су. Ал ендеше бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы – «Су – өмір нәрі» екен. Ойыма ақын Тұрсынзада Есімжановтың су туралы мынадай өлең жолдары есіме түседі.

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.

Судың біз біле тұра маңызын,

Көп болған соң ұмытамыз қадірін, - дейді.

-Балалар осы өлең жолдарында айтқандай су болмаса тіршілік болмайды.Сусыз жүгірген аң да,ұшқан құс та,жалпы тірі табиғат өмір сүре алмайды.

-Енді судың қандай зат екенін білу үшін тәжірибе жасап көрейік.

-Балалар су қандай зат? (балалардың жауаптары тыңдалады)

-Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші? (балалар суды иіскеп көреді)

-Судың пішіні бар ма?

-Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю)

Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.

Судың дәмі бар ма? Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды ішіп көріңдер. (балалар суды ішіп көреді)

Енді осы суға кейбіреулерің   қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен? (балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады)

Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.Сондай-ақ су еріткіш.Тұз,қант еріп кетті.Ал топырақты салайық,ол ерімеді.Суда барлық зат ери бермейді екен.Суда ерімейтін заттар да болады.

Судың түсі бар ма? Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжірибе арқылы дәлелдейік. Стақандағы суға гуашь бояуларын қосайық. (балалар суға гуашь бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін айтады)

Сонымен қатар су мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стақанға қасық салайық, қасық көрінеді ме? Иә көрінеді, ал сүт құйылған стақанға қасық салсақ ол көрінеді ме? Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.

Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс. Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжірибе жасап көрдік.Енді судың сылдырын естіп көрейік.

Сергіту сәті:

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жуынсаң сен әрдайым,

Таза бетің, маңдайың.

Тазалықтың досы,

Су дегенің осы.

-Балалар,су сонымен қатар тазалықтың кепілі.

-Енді бәріміз назарымызды слайдқа аударайық.Табиғаттағы судың айналымы.

(балалар слайдқа назар аударады.)



-Сонымен,судың үш күйі бар – сұйық күйі - су, қатты күйі -мұз,газ күйі - бу.

-Балалар,енді біраз ойын ойнайық.

Дамытушылық танымдық ойын.

Ойын шарты.

Суды қажет ететін нәрселерді табу.Оған судың не үшін қажет екенін айту.

(балалар көп суреттің ішінен суды қажет ететін затты тауып көрсетеді).

-Балалар,енді сендерге мынадай сұрақ.Судың қажеттілігі туралы не білеміз?

(Балалар өз ойларын ортаға салады.)

-Жарайсыңдар,енді су туралы мақал-мәтел кім біледі?

1.Су бергеннің сауабы бар,

Су төкеннің жауабы бар.

2.Ағын су жолын табады,

Ақ адам оңын табады.

3. Сумен ойнама – батарсың,

Отпен ойнама – жанарсың.

4.Су анасы – бұлақ,

Сөз анасы – құлақ.

Жарайсыңдар балалар су туралы мақал – мәтелдер біледі екенсіңдер.Енді мен сендерге бұл мақалдардың мағынасын түсіндіре кетейін.(Түсіндіру).

-Балалар,бізге тілшілер келді.Олардың сендерге қояр сұрақтары бар екен.

(тілші болып келген бала бүгінгі оқу іс-әрекетіне байланысты сұрақтар қояды,ал балалар оған жауап береді.)

Қорытынды: -Бүгін не туралы әңгімеледік?
-Судың неше күйі болады?
-Сендермен бірге қандай тәжірибе орындадық?
-Су түссіз,мөлдір.Бояу қосқанда түсі өзгереді.
-Су дәмсіз,қант ,тұз қосса дәмі өзгереді.Сонымен қатар су еріткіш,бірақ суда ерімейтін заттар да бар.
-Су иіссіз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
3214
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі