Материалдар / Ашық сабақ "Су қоймаларын қорғау"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "Су қоймаларын қорғау"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас ұстаздарға өз септігін тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
868
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №25 ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі Бишаева Асел Рамазановна
Пәні: дүниетануМектеп: №25 ЖОББМ
Күні: Мұғалімнің есімі: Бишаева А.Р
Сынып: 4 «Ә»Қатысқандар саны:18Қатыспағандар саны:Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)Суқоймаларын қорғау туралы толық мағұлматтар ала отырып, өмірмен ұштастыра отырып, елдегі ауыз су мәселесінің жұмыстарымен танысып, ойын жеткізе білуге үйренеді.
Сабақ мақсаттарыБарлық оқушылар:Оқушылардың өз ойын еркін жеткізе алады.


Оқушылардың басым бөлігі:


Коммуникативтілік құзыреттілігін қалыптастырады.


Кейбір оқушылар:


Ойлауын, өзіндік көзқарасын білдіреді.
Тілдік мақсатОқушылар:


Оқушылар берілген тапсырмаларды (істей) алады.


Топтарға берілген тапсырмаларды орындай алады.


Негізгі сөздер мен тіркестер:


суқойма


Сыныптағы диалог /жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:


Талқылауға арналған тармақтар:


Өз жеріңде қандай суқоймалары бар?


Сіз неліктен екенін айта аласыз ба?


Адамдар суды таза сақтауға байланысты қандай экологиялық ережелерді орындауы керек?


Жазылым бойынша ұсыныстар:


Дәптерге суды қорғауға байланысты рұқсат берілген және тыйым салатын белгілерді сал.
Алдыңғы тақырыпҚазақстанның өзендері мен көлдері
Жоспар
Жоспарланған уақытЖоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)Ресурстар
БасталуыПсихологиялық дайындық– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.Қайырлы күн досым ,Қайырлы күн болсын.Сейсенбіде сабақ,Сәттілікке толсын.Бүгін сенің алар баған,Тек ғана бестік болсын!Суреттер арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.I топ. «экологтар»IІ топ. «биологтар»III топ. «экономистер»Үй тапсырмасын тексеруҚазақстанның өзендер мен көлдері.«Кубизм» әдісі.Кәне, үй жұмысын куб әдісі арқылы тексерейік.  Ол үшін, балмұздақ таяқшаларын сурайық. Әр  кубтың қырында сан жазылған. Сол санның астында үй тапсырмасының сұрақтары берілген. Сұрақты оқи отырып үй жұмысына жауап алу. Бірден жауап қайтарған оқушыларды топ мүшелерін бағалап отырады. «Басбармақ» арқылы бағалау.
  • Қазақстан жерінде көлемі үлкен және шағын неше өзен бар?
  • Қазақстан жерінде көлемі үлкен және шағын 85 мың өзен бар. Олардың жетеуінің ұзындығы 1000 км-ден асады. Олар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Іле, Шу, Сырдария т.б.
  • Ертіс өзенінің ұзындығы неше км.
  • Ертістің ұзындығы 4 248 км.
  • Балқаш көліне құятын ең үлкен өзен?
  • Іле өзені-Балқаш көліне құятын ең үлкен өзен. Оның жалпы ұзындығы 1439 км, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 815 км Іле өзеніне Қапшағай су қоймасы салынған.
  • Орал тауларынан бастау алатын өзен?
  • Жайық өзені Орал тауларынан бастау алып, Каспий теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы 2428 км, ал біздің жерімізде-1082 км.
  • Сырдария өзені біздің жерімізден тыс қандай таулардан басталады?
  • Сырдария біздің жерімізден тыс Тянь-Шань тауларынан басталады. Жалпы ұзындығы 2219 км, біздің жерімізде -1400 км. 1974 жылдан бастап, ол Арал теңізіне жетпей құмғы сіңіп кетеді. 6.Көл дегеніміз не?Көл табиғи шұңқырға судың көп жиналуы. Су қайдан келеді? Көлге өзен суы құйылады, сондай-ақ жауын-шашын, еріген қар суы, жерасты сулары да қосылады. Көлдің бастауы да, сағасы да болмайды. Егер өзен ағып шығатын болса, ағынды көл, ал өзен ағып шықпайтын болса, ағынсыз көл деп аталады. 7.Каспий теңізінің жалпы ауданы шамамен неше мың шаршы метрге жуық?Каспий теңізінің жалпы ауданы шамамен 368 мың шаршы метрге жуық. Оған жайық өзені келіп құяды. 8.Ерекше көл деп қандай көлді айтамыз?Балқаш-ерекше көл. Оны жіңішке бұғаз екі бөлікке бөліп жатыр. Батыс бөлігінің суы тұщы, ал шығыс бөлік жағы ащы. Көлде балықтың 20 түрі, құстардың 120 түрі. 12-ден астам құстың түрі Қызыл кітапқа енгізілген. 9. Каспий теңізінен шығысқа қарай қандай теңіз орналасқан?Каспий теңізінен шығысқа қарай қандай Арал теңіз орналасқан. Оның ауданы 1960 жылы 66 000 шаршы километр болған. Су деңгейінің төмендеуіне байланысты ауданы 40 мың шаршы метрге кішірейді? Ол үлкен Арал және Кіші Арал болып екіге бөлінеді.BilimLand сайтынан өткен тақырыпты қортындылау. 9 бет Сөздерді суреттермен сәйкестендіріңіз.Қызығушылығын оятуСұрақ-жауап түрінде.Балалар су қандай зат? Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші? (балалар суды иіскеп көреді)Судың дәмі бар ма? Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды ішіп көріңдер. Енді осы суға «экологтар» тобы қант қосып көріңдер, «биологтар» тобы тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен?Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.Судың түсі бар ма? «экономистер» тобы суға сүт қосып көреміз. Су мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стақанға қасық салайық, қасық көрінеді ме? ал сүт құйылған стақанға қасық салсақ ол көрінеді ме? сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.Балалар судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. (үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету.)Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.Мен сендердің қолдарына мұз беремін, ұстап көріңдерші не болады екен? Мұзбен не болады? Иә дұрыс айтасыңдар ол ери бастайды, себебі біздің қолымыз жылы.
    Дүниетану кітабы.



















    Суреттер, желім.







    Балмұздақ таяқшалары











































    Маркер



































    ОртасыЖер бетінде тұщы сулар аз.Суқоймаларының ластануы бүкіл тіршілікке зиянды.Әр адам суды қорғауға өз үлесін қосу керек!Сенің отбасың ішетін және басқа да тұрмысқа қажетті суды қайдан алады?Қандай суды ішесің?Судың қажеттілігі.Жаңа тақырыпты үш топқа бөліп беру. Мәтінді оқып, әр топтан, бір оқушыға түсінігін айтады.Судың адам өміріндегі маңызы 5 бет BilimLandВидео көрсету. imektep.kz
  • Балық аулау ойын
  • 1.Фильм қандай тақырыпқа алынған?
  • Суқоймасы жануарлары мен өсімдіктері жайында2.Суқоймасы дегеніміз не? Өзен көл тоғандардың жалпылама атауы3.Суды тазартатын жануар. Шаян, ұлу4.Суқоймасында қандай өсімдіктер өседі. Сары тұңғиық гүлі, балдыр5.Суқоймасында қандай құстар мекендейді.Аққу, қаз6.Суқоймасы жағалауының өсемдіктері қандай?Қоға, қамыс7.Суқоймасын мекендейтін жануарлар.Құндыз, кәмшат8.Адалдығы жыр болған құсАққу9.Тамыры болмайтын суқоймасы өсімдік.Балдыр10.Бірқазан қандай жерлерде мекендейтінін көрсетСуқоймасын«От шашу» арқылы бағалауСергіту сәті: «Ақ бұлақ» биі
  • Суретті таңдаңыз және дұрыс бұрыс ойынын ойнату.
  • I топ. «экологтар» Суды қорғау үшін не істеу керек? Сол туралы жазу.IІ топ. «биологтар» Тірі ағза үшін судың маңызы қандай?III топ. «экономистер»Логикалық тапсырма: Есепте немесе ойлан;Егер сен тісіңді тазартып жатқанда құбырды жауып тұрсаң, 4 литр су үнемдейсің. Егер күніне 2 рет тазартатын болсаң неше литр су үнемдейсің? (8 литр)5 адам 1 күнде неше литр су үнемдейді? (40л)Дұрыс жабылмаған краннан 5 сағатта 5 литр су ағатын болса, 1 тәулікте қанша су ағып кетеді? Бұл көп пе, әлде аз ба? (120 л)«Бағдаршам» арқылы бағалауӘр топқа қима суреттер беріледі. Осы суреттер арқылы судың қорғаудың пайдалы және зиянды жақтарын екіге бөліп, жабыстыру.


    АяқталуыТыйым сөздер: 1.Шүмекті ашық қалдырма;2.Лас суды ішпе;3.Суды аз пайдалануға тырыс;4.Суды ластама;5.Суды ысырап қылма;6.Су ішкен құдыққа түкірме.7.Түнде суға барма.8.Түнде судың бетін ашық қалдырма.9.Өзен, көлдерді ластама. 10.Суды ылайлама.11.Өзенге өлген ит тастама.12.Суды сапырма 13.Кірдің суын үйдің айналасына төкпе14.Су шашып ойнама. 15.Суды төкпе.16. Қақтың суын ішпе. 17. Суға дәретке отырма18. Ақтың жуындысын ағып жатқан суға төкпе.19.  Бұлақты былғамаҮйге тапсырма: 51-53 бетті оқу.Бағалау:



    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!