жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Су туралы не білеміз?"
\
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: «Су туралы не білеміз?»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өтетін күні:
Топ:
Тақырыбы: «Су туралы не білеміз?»
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімдері: Экология негіздері
Қолданылатын құралдар: Әр балаға төрт стақан су, езілген бояу түрлері, қант немесе тосап.
Білімділік: Балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі, түсі, иісі);судың тіршілік иесі үшін мәнін түсіндіру.
Дамытушылық: Қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту,дамыту.
Тәрбиелік: Суды үнемдей білуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Балалар барлығымыз шаттық шеңберге тұрып, қонақтармен амандасайықшы.
Біз
қандаймыз, қандаймыз
Шұғылалы
таңдаймыз
Күлімдеген
күндейміз
Ренжуді
білмейміз
Қуанамын
менде
Қуанасын
сенде
Қуанайық
достарым
Арайлап
атқан күнге
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:
-Балалар бүгін аптаның нешінші күні?
-Бүгін аптаның төртінші күні бейсенбі.
-Жылдың қай мезгілі?
-Күз
-Күздің қай айы?
-Қараша айы.
Ал енді балалар барлығымыз жайғасып отырайық, арқамызды тік ұстап, әдемі отырамыз. Бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбын айтпас бұрын, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, ал сендер мұқият тыңдаңдар:
Жұмбақ:
Дәмі де жоқ, түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не? Жауабы: Су.
Дұрыс балалар, әрине су. Ал ендеше бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы
«Су туралы не білеміз?» екен.
Кір қожалақ бала: Басым-ай, басым-ай. Сәлеметсіңдер ме балалар? Менің атым Самат болады.Менің басым тісім, ішім барлық жерім ауырып барады, не істесем екен? Менің достарым жоқ. Менімен ешкім ойнамайды.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы Самат қандай лас бала, шашы да, үсті-басы да кір-кір. Сондықтан да сен ауырасын және сен осылай болып жүрсен сенімен ешкім ойнағысы да, дос болғысы да келмейді.
-Балалар айтыңдаршы, тісіміз, басымыз ауырмау үшін не істеуіміз керек.
Балалар: Таза жүру керек.
Тәрбиеші: Міне түсіндін бе, балалар сумен жуынып, үнемі таза жүру керек екенін айтты.
Кір қожалақ бала: Менің де таза бала болғым келеді.
Тәрбиеші: Қазір біздің балалар қолдарын қалай жуу керек екенін саған көрсетеді. Қане балалар табақтағы суды қарайықшы қандай жып-жылы, енді қолымызды сабындап жуып, сүлгіге сүртуіміз керек.
Енді балалар қолдарына қараңдаршы қандай тап-таза болды.
Кір қожалақ бала: Басымда, тісім да барлығының ауырғаны қойды, енді мен үнемі осылай жуынып таза жүремін. Менің енді достарымда көп болатын болды. Сендерге көп-көп рахмет.
Тәрбиеші: Иә біздің балалар үнемі жуынып, тістерін тазалап, сүртініп, жаттығулар жасайды. Оны мына суреттерден көруге болады. (жуынып, сүртініп, жаттығу жасап жатқан балалардың суреттерін көрсетеді.)
Тәрбиеші:
-Балалар су қандай зат? (балалардың жауаптары тыңдалады)
-Ал судың иісі бар ма, иіскеп көріңдерші? (балалар суды иіскеп көреді)
-Судың пішіні бар ма?
-Біз қазір судың пішіні бар ма, жоқ па соны тексереміз. (тәрелкеге су құю)
Әрине жоқ, суды қай ыдысқа құйсаң ол сондай пішінді болады.
-Судың дәмі бар ма? Осыны да біз тексерейік, алдарында ыдысқа су құйылған. Сол суды ішіп көріңдер. (балалар суды ішіп көреді)
-Енді осы суға кейбіреулерің қант қосып көріңдер, ал басқаларың тұз қосып көріңдер. Суды ішіп көріңдер дәмі қандай болды екен? (балалардың жартысы суға қант қосады, ал басқалары тұз қосады, өздерінің сезімдері туралы айтады)
Дұрыс суға біз не қоссақ, сол заттың дәмін сеземіз, ал судың дәмі жоқ екен.
-Судың түсі бар ма? Егер де бояу қосып жіберсек, оның түсі өзгереді. Оны да тәжірбие арқылы дәлелдейік. Стакандағы суға гуашь бояуларын қосайық. (балалар суға гуашь бояуын қосып араластырады, судың түсі өзгергенін айтады)
-Сонымен қатар суды мен сүтті салыстырып көрейік, су бар стақанға қасық салайық, қасық көрінеді ме? Иә көрінеді, ал сүт құйылған стақанға қасық салсақ ол көрінеді ме? Жоқ көрінбейді, сондықтан судың түсі жоқ, ол – мөлдір екен.
-Балалар сонымен су – түссіз, дәмсіз, иіссіз, тұрақты пішіні жоқ табиғи ресурс. Осыны дәлелдеу үшін біз сумен тәжирибе жасап көрдік.
-Білесіңдер ме судың үш қасиеті бар – сұйық, қатты, бу. (үстел үстінде тұрған ыдыстағы су, мұз және қайнаған суды көрсету)
-Стақандағы суды тоңазытқышқа қойсақ, ол мұз болып қатып қалады. Ал мұзды жылы жерге қойсақ, ол еріп суға айналады. Суды шәйнекке құйып қайнатсақ, қақпағынан бу шығады, яғни бу болып ұшады.
Тәрбиеші: Ал олай болса Саматпен бірге сергіту жаттығуын жасап жіберейік
Сергіту сәті:
Күн батады
Таң атады
Жел соғады, гу-гу
Жаңбыр жауады тырс-тырс
Күн күркірейді
Жаңбыр басылады
Күн ашылады.
Балалар суға қоқысты тастауға болмайды, жазда өзенге, көлге түсуге барғанда, өзімізден кейін қалған нәрселердің барлығын жинап бірге алып кету керек. Осының бәрін суға тастауға болмайтынын білу керексіңдер.
Адамдар сусыз өмір сүре ала ма?
Ал, жануарлар мен өсімдіктер ше?
Жарайсыңдар балалар, сусыз адам да, жануар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды. Сондықтан «Су – тіршілік көзі» деп айтамыз.
Өзен мен көлдерде, теңіздер мен мұхитта нелер тіршілік етеді? (әртүрлі балықтар, өсімдіктер)
Олар сусыз өмір сүре ала ма?
Адамдарға су не үшін қажет?
Судың қажеттілігі туралы не білеміз? (суретпен жұмыс)
Суды ішеміз және жуынамыз.
Сумен өсімдіктерді, бау – бақшаны суарамыз.
Сумен ас әзірлейміз.
Сумен кір тазалаймыз.
Суға адамдар да, жануарлар да шомылады.
Ойын : «Күн мен түн»
Ойын : Ойынның шарты: «Суды қажет ететін заттарды табу.» Мысалы: гүл, балық, жануар, кітап, қалам, адам т. с. с.
Өте жақсы балалар, ал енді барлығымыз орнымызға отырайық, міне бүгін біз сендермен су туралы көп мәлімет алдық. Ал енді осы сұрақтарға жауап беріңдерші:Судың иісі, дәмі, түсі бар ма? Судың қандай қасиеттері бар?
Қандай тәжірибе жасадық? Сусыз өмір сүруге бола ма?
Суды күнделікті өмірде қалай пайдаланамыз? Қандай ойын ойнадық?
Суды үнемдеу керек пе?
Кір қожалақ бала: Жарайсыңдар балалар, менің сендерге айтар алғысым шексіз. Сендерге берер сыйлығым бар.
Сау болыңдар, балалар!
Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу іс – әрекетімізге белсене қатысқандарыңыз үшін сендерге алғысымды білдіремін. Ал енді келген қонақтармен қоштасайық!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген