Тақырып бойынша 24 материал табылды

Ашық сабақ Ш.Уәлиханов- алғашқы қазақ ғалымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ш.Уәлиханов- алғашқы қазақ ғалымы ашық сабағы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы

Қазақстанның мәдениеті

Зерттеу сұрағы: Неге С.Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын «Аққан жұлдыз» деп атады?

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.1 – Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау

Сабақ мақсаттары

Ш.Уәлихановтың қазақ ғылымындағы ролін зерттейді

Бағалау критерийлері


Білу және түсіну: Ш.Уәлихановтың өмірі мен қызметін сипаттайды;

Сыни ойлау мен талдау: Ш.Уәлихановтың ғылыми зерттеулерін талдайды;

Синтез: Ш.Уәлихановтың қазақ халқына сіңірген еңбегі мен әлемдік ғылымға қосқан үлесін бағалайды

Тілдік мақсаттары

Бейнематериалды көріп, оның мәнін талқылау (тыңдалым және айтылым дағдылары);

Тыңдаған бейнематериалды жазбаша мазмұндау (жазылым дағдылары);

Тарихи дерекпен жұмыс(оқылым, жазылым және айтылым дағдылары)


Пәнге қатысты лексика мен терминология

Экспедиция, ғылым жолы, «Манас», карта, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»


Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығы, мынада ... ... ...

Біріншіден, ... ... ...

Екіншіден, ... ... ...

Үшіншіден, ... ... ...

Шоқан Уәлиханов мынадай ........ істерімен халық есінде сақталды

Құндылықтарды

дарыту

Құндылықтар:

- патриотизм, көшбасшылық


Пәнаралық байланыстар

«Дүние жүзі тарихы» пәнінен алған білімдерін жаңа білімді бекітуде қолданады. «География» пәнінен алған білімдерін картамен жұмыс жасау барысында пайдаланады.

Бастапқы білім

Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары мен себептерін біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин


(Б) БЫМ. Академик Н.И.Веселовскийдың цитатасын ұсынып, оқушылармен диалог құрыңыз.

«Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың шығысты зерттеуші ғалымдары оны таңғажайып құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті». академик Н.И.Веселовский.

Жетелеуші сұрақтар:

  • Цитатада кім туралы айтылған?

  • Цитатада берілген мәтін мазмұны арқылы нені аңғаруға болады?

  • Тұлғаның қандай еңбектерімен таныссыздар?


(М) Оқушылар жауаптары тыңдалып болған соң, жаңа сабақ тақырыбы анықталады. Оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.


Тарихи концепт (фокус): маңыздылық және дәлел


Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. 4 том. Атамұра, 2010


Бейнематериал



Сабақтың ортасы

11-30 мин

















































30-38 мин

Зерттеу және талдау


Зерттеу сұрағы: Неге С.Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын «Аққан жұлдыз» деп атады?


1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс

1-топ. Шоқан Уалихановтың балалық және жастық шағы

2-топ. Шоқанның білім алған оқу ордалары және орыс-демократ до

Дескрипторы:

  1. Шоқанның шыққан тегі мен тәлім-тәрбиесі туралы ақпаратты сипаттайды, кемінде 4 факті келтіреді;

  2. Шоқан білім алған ордалары мен орыс-демократ достары туралы талдайды, кемінде 4 факті келтіреді;


Кері байланыс. Топтардың бірін-бірі бағалауы


2-тапсырма. Дәйексөздермен жұмыс


«Халықтың  қалыпты дамып, өсуі үшін, ең алдымен бостандық пен білім керек»

Ш. Уалиханов


«Ш.Уалиханов құйрықты жұлдыз сияқты біздің әлемімізге қысқа ғана уақытта пайда болып, жарқ етіп, жоқ болып кететін ерекше тұлғаларға жатады. Ол өзінің қайталанбас қасиетімен өзімен араласқан біршама адамадардың өмірін жарқын түске бояп кетуі үшін келді… Оның жүрегі нәзік, ақылы өткір болатын»

Г. Потанин


«Әрбір адамға қызмет етуге міндетті ең басты мақсат, бүгін және келешекте қарапайым барлық адамдарға бақыт әкелу үшін өз жолыңызбен жүріңіз»

Ф. Достоевский


Сұрақ: Дәйексөздер мазмұнынан қандай ортақ ойды байқауға болады?

Дескрипторы:

-Дәйексөздер мазмұнындағы авторлардың негізгі ойын біледі;

- Әр дәйексөз мазмұнындағы ортақ ойды анықтайды



Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы.



Т "Ғаламшар - Шоқан Уәлиханов" бейне материалын көрсетіңіз.

Бейне материалды көріп отырып Ш.Уәлихановтың жеке тұлға ретінде қандай адам болғаны, белгілі ғалым ретінде нені зерттегені, қандай рухани мұра қалдырғаны туралы негізгі мәліметтерді жазады. Шоқанның ғалым болып қалыптасуына алғышарт болған қабілеттеріне нақты мәліметтер жинақтайды.

Зеректігі, дарындылығы


Бірнеше тілдерді білуі


Терең тарихи білімділігі

Шешендігі





Дескриптор:

-Шоқанның зеректігі мен дарындылығына



Ш.Уәлихановтың еңбектерінен, мақалалары мен хаттарынан үзінділерді беріп, зерттеу тапсырмасы беріледі.

1)«Ұлы жүз қазақтарын басқару туралы»

2) «Даладағы мұсылмандық»

3) «Жоңғария очерктері»

4) «Сот реформасы туралы жазбалар»



Зерттеу сұрақтары:

  • Қандай ғылым салаларын зерттегенін анықтау;

  • Ш.Уалихановтың ғылымға деген көзқарасы мен мақсатын анықтау;

  • Саясатқа араласу себебін анықтау;

  • Ш.Уәлихановтың білім мен ғылымға қосқан еңбектерінің құндылығы неде?

Әр топ өзінің зерттеу нәтижесімен сынып алдында ой бөліседі.



Интерпретация

(Т) «Неге С.Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын «Аққан жұлдыз» деп атады? деген сұраққа кері оралып, сұрақ төңірегінде талқылау ұйымдастырыңыз. Оқушылардың сабақта алған білімдері мен дағдыларын жинақтап, тиянақтау үшін төмендегі «ПТМС» талдау кестесімен жұмыс жүргізу жүзеге асырылады.

«ПОПС» формуласы бойынша төрт сөйлеммен сабақты қорытындылайды.

  • Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

  • Екінші сөйлем «Мен оның себебін былай түсіндіремін … »

  • Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

  • Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .... »

Дескриптор:

-Жауап құрылымын сауатты құрайды;

-Дәйекпен дәлелденген жауапты береді

Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы.

(М) Оқушылар дәлелдемелері толықтырылып, сабақ қорытындыланады.


Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы


Интерпретация

Т Ш.Уәлиханов туралы естеліктер жазған ғалымдар образын сомдап, Шоқанның тұлғалық және ғалым ретіндегі қасиеттерін ашуға тапсырма беріледі.

Орыс ғалымдары:

Г.Н. Потаниннің, Н.Н. Ядринцев, П.П. Семенов Тянь-Шанский, Ф.М. Достоевский.

Әрбір топ бір ғалымның образын шығарады.

Б/Ж Оқушыларға Ш. Уәлихановқа «Болашақтан хат» тақырыбында хат жазады.

Т Ш.Уәлихановтың қоғамдағы орны мен рөліне байланысты презентация дайындауды тапсырыңыз.

Ш.Уәлиханов – көрнекті ғалым

Ш.Уәлиханов – реформатор

Ш.Уәлиханов – ағартушы

Ш.Уәлиханов – суретші



Критерийлері:

Мазмұнының тақырыпқа сәйкестігі.

Эстетикалық көркем рәсімделуі.

Қызықты деректі материалдар, суреттердің қамтылуы.

«Ш.Ш. Уәлиханов мұрасы әлемдік тарих контекстінде» халықаралық ғылыми форум материалдары www.semgu.kz





www.nci.kz Ақпараттық білім ресурстары орталығы.

8 сынып. Қазақстан тарихы.



С.Мұханов. «Аққан жұлдыз» романы

http://kitap.kz/reader/aqqan_zhuldyz_2#

«Ғаламшар – Шоқан Уәлиханов»

https://www.youtube.com/watch?v=QxiNH_3qVZk

http://www.nlrk.kz

(Қазақстан республикасының ұлттық кітапханасы).

Уәлиханов Шоқан. Көп томдық шығармалар жинағы.- Алматы, 2010 ж.



Сабақтың соңы



39-40 мин

Рефлексия:

«Бұл сабақты оқып, мен…»

Білмеймін .......

Білемін .....

Түсінемін .....

Түсінемін және қолдана аламын ....

Басқа біреуді үйрете аламын .....

Үйге тапсырма: Ой толғау: «Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана толық түсіне бастағандаймыз». Ғ.Мүсірепов





Саралау –оқушыларға қалай

көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабі леті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Сыныптық талқылау барысында оқушылардың сұрақтарды түсіну деңгейі анықталады, сын тұрғысынан ойлау, тарихи деректермен және белгілі бір фокусқа бағытталып жұмыс жасау дағдылары дами бастайды.

Оқушылар өзара критерийлер арқылы бағалайды.

Мұғалімнің кері байланысы.

Интерактивті тақтамен мөлшерлі жұмыс жасайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ барысында ОМ толығымен ашылды. Оқушылардың көпшілігі оқу мақсаттарына қол жеткізді. Оны оқушылардың мәтінді талдау барысында, өз пікірлерін дәлелдермен негіздеу барысынан байқауға болады. Кейбір оқушыларға көмек көрсетілді.

Әр топқа басқа оқушыларға қолдау көрсету мақсатында тілдік қабілеті жоғары оқушылар отырғызылды.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Жоспар бойынша барлық тапсырмалар орындалды.

Сабақ жоспарынан үлкен ауытқулар болған жоқ. Тек оқушылар білімдерін мәлімдеу барысында уақытты үнемдемейді. Сабақ уақытын тиімді пайдалануды арттыру керек.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Қазақ хандығы құрылғаннан кейінгі елдің ішкі жағдайындағы алған өзгерістерді салаларға жіктеу тапсырмасы жақсы нәтиже берді, бұл оқушылардың дәлелді сөйлеуінен байқалды.

2: Пікірталас сәтті шықты. Бұл оқушылардың қызығушылықтарынан және дәлелі мен дәйектерінен байқалды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: уақытты тиімді қолдану

2: бейнематериалды тыңдауға уақыт тапшылығы

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Жұптық және топтық жұмыстар оқушылардың бірлесіп жұмыс жасау (бірін бірі тыңдау, өз пікірін білдіру, дәлелдер келтіру) дағдыларын жетілдіруге әсерін тигізді. Берілген тапсырмаларды орындау барысында топтағы оқушылардың әрекетін бақылауды, қажет болған жағдайда көмек көрсетілу керектігіне көз жеткіздім. Келесі сабақтарға уақытты тиімді қолдануды ескердім.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі