400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керегі мол
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бөлім: 7.1.В. Геометрияның алғашқы мәліметтері

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


СЫНЫП:7

Қатысқандар :


Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты


7.1.1.10. сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800-қа тең екенін біледі.

  • Вертикаль бұрыштар өзара тең екендігін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Бұрыштардың түрлерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар:

  • Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеп, қолданады.

Бағалау критерийі

Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолданады.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Бұрыштардың түрлерін ажыратады.

  • Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін тұжырымдай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

  • Бұрыш, сыбайлас бұрыш , вертикаль бұрыш, сүйір, доғал, тік, 1800, толықтауыш сәулелер.

Диалогқа қажетті тіркестер:

Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ, ал өзге екі қабырғасы бір-біріне толықтауыш сәулелер болса, онда бұл бұрыштарды сыбайлас бұрыштар деп аталады.

Егер бір бұрыш қабырғалары екінші бұрыш қабырғаларының

толықтауыш сәулелері болса, онда бұл бұрыштарды вертикаль бұрыштар деп атайды.

Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800-қа тең.

Вертикаль бұрыштар өзара тең болады.

90°-тан кіші бұрышты сүйір бұрыш деп, ал 90°-тан үлкен бұрышты доғал бұрыш деп атайды

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» (бұрыштық өлшемдердің құрылыстағы маңызы)

Сын тұрғысынан ойлау, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, өмір бойы оқуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

География – бұрыштың бұрмалануы

Алдыңғы оқу


Бұрыш, бұрыштың төбесі, қабырғасы, градустық өлшем, жазыңқы, сүйір, доғал, тік бұрыштар.

Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

5 мин

1мин






4 мин






Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгелдеу.


Қaғaз қиындылaрындa жaзылғaн тoп aттaры (сыбайлас бұрыштар, вертикаль бұрыштар, сүйір бұрыштар, доғал бұрыштар) aрқылы cынып oқушылaры тoпқa тoптacтырылaды.

Миға шабуыл:

- топ аттарында қандай ортақ ұғым бар?

- Олардың айырмашылықтары қандай?


Жaңa тaқырыптың oқу мaқcaтымeн тaныcтырылaды.








Қағаз қиындылары

Сабақтың ортасы

30 мин

5 мин









2мин


3 мин





















1 мин





10 мин











2 мин






2 мин



5 мин




Сабақтың мақсатына жету үшін ең алдымен «Уақыт шеңбері» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар беріледі.

-сыбайлас бұрыштар дегеніміз қандай бұрыштар?;

-Вертикаль бұрыштар ше?;

-«1800» сөзіне қатысты қандай қасиетті білесіз? ;

-«Өзара тең» сөзіне қатысты ше?.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.


«Сөзбен түсіндірмесін сәйкестендір»

жеке жұмыс


Бұрыштар

Анықтамасы

Тік


Сүйір


Доғал


Сыбайлас


Вертикаль



  • 90°-қа тең бұрыш

  • 90°-тан кіші бұрыш

  • 90°-тан үлкен бұрыш

  • екі бұрыштың ортақ бір қабырғасы бар, ал өзге екі қабырғасы бір-біріне толықтауыш сәулелер болады.

  • бір бұрыш қабырғалары екінші бұрыш қабырғаларының толықтауыш сәулелері болады.


«Бағдаршам» арқылы бағалау.

«5» жауап та дұрыс болса – «қызыл» түс,

«4» жауап та дұрыс болса – «жасыл» түс,

«0-3» жауап дұрыс болса – сары түс.



«Галлерея» әдісі арқылы топтық жұмыс.

Әрбір топқа есеп беріледі. Топ мүшелері бірлесіп, есептің шешімін табады. Топтан бір оқушы тақтаға постерлерін іліп, қорғайды.


Тапсырма

1) Біреуі екіншісінен 30° үлкен; 2) айырмасы 40°-қа тең; 3) біреуі екіншісінен 3 есе кіші; 4) өзара тең болатын сыбайлас бұрыштарды табыңдар.


Кері байланыс

Қалыптастырушы бағалау. Мадақтау.

Жарайсың! Сыбайлас бұрыштардың мәндерін дұрыс таптыңыз.

Қасиеттерді есеп шығаруда дұрыс қолдансаңыз.

Есепті теңдеу құру арқылы шығарғаныңыз өте тиімді болды.


Сергіту сәті «Серігіңді тап»

680, 900,900, 1120, 750, 1050


Жеке жұмыс

Дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Тапсырма

2.43-суретте үш түзу О нүктесінде қиылысқан. ∠1 + ∠2 + ∠3 қосындысын табыңдар.

(дескриптор Қосымшада)



Доп








Үлестірме қағаздары





















Бағдаршамдар






Постер, маркер





















Жұмыс дәптері

















Сабақтың соңы

5 мин


3+2мин


















Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

  • Біз сабағымыздың оқу мақсатына жеттік пе?

  • Неліктен бұл мақсат маңызды?


Келесі сөйлемдерді толықтырыңыз:

  • Мен бүгін… білдім

  • Маған… қызық болды

  • Маған…қиын болды

  • Мен тапсырмаларды орындадым…

  • Мен енді… орындай аламын



Үйге тапсырма. 2.80.




Рефлексия парағы

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау



«Миға шабуыл», «Уақыт шеңбері», «Сөзбен түсіндірмесін сәйкестендір» әдістерін қолдана отырып, сыныптағы саралау тәсілдеріне сәйкес оқушылардың қажеттіліктеріне қарай көмек көрсетіп, қолдау жүргіземін.

Сынып оқушыларының басым бөлігіне белгісіз бұрыштың шамасын табу берілсе, қабілеті жоғары оқушыларға қорытынды жасау, қасиеттер арқылы өз жауаптарын ұсыну арқылы олардың білімдерін кеңейту.

1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі.

2.Қалыптастырушы бағалау бойынша ауызша бағалау арқылы өтілген тақырыпты қалай түсінгендігін бағалаймын.

3. Бас бармақ

4. Бағдаршам

5. Әр оқушының оқыту мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану

5. Өз қоржыныңа не алдың? (жазбаша)

Сергіту жаттығуы

«Серігіңді тап» жылдам ойланып, қимылдау.

Қауіпсіздік техникасы ережелері

-


Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.







Қорытынды бағамдау



Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Қосымша


Дecкриптoр aрқылы қaлыптacтырушы бaғaлaу тaпcырмaлaры


Бөлiм

Тaқырып

7.1.В. Геометрияның алғашқы мәліметтері

Сыбайлас және вертикаль бұрыштар, олардың қасиеттері

Oқу мaқcaты

7.1.10. сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану.

Oйлaу дaғдылaрының дeңгeйлeрi

Бiлу жәнe түciну,

қолдану.

Бaғaлaу критeрийлeрi

  • Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолданады.



Тaпcырмa


2.43-суретте үш түзу О нүктесінде қиылысқан. ∠1 + ∠2 + ∠3 қосындысын табыңдар.



Бaғaлaу критeрийi



Дecкриптoр


Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолданады.

  • Вертикаль бұрыштарды атайды.

  • Вертикаль бұрыштардың теңдігін пайдаланады.

  • Сыбайлас бұрыштардың қасиеттерін пайдаланып, белгісіз бұрышты табады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
2017
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі