жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "судың өсімдік үшін пайдасы"
Қараоба орта мектебі
АШЫҚ САБАҚ
Пән: биология
Сынып: 6 «а»
Мұғалім: Аскер Г.
2015-2016 оқу жылы
Бекітемін
Директордың оқу-тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
Кисина М.А. ___________
Сабақ жоспары
|
Пән: биология |
Күні: 08.12.2015 ж. |
Сынып 6 «а» |
|
|
Тақырыбы |
Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары. |
||
|
Мақсаты |
Білімділік: Оқушыларға өсімдік тіршілігіндегі судың ролі және экологиялық топтар жайында түсіндіру. Тәрбиелік: Адамгершілікке, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу; Дамытушылық: шапшаңдықтарын, белсенділік қабілеттерін арттыру |
||
|
Күтілетін нәтиже |
А.Судың адам ,жануар, өсімдік үшін маңыздылығын біледі , түсінеді, топтық талқыға салып талдайды,постерге түсіреді,презентациялайды,ой қорытады,бағалайды. |
||
|
В.Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндауы, түсініп оқуы, ойлауы, есте сақтау қабілеттері дамиды. |
|||
|
С .Табиғатты сүйе біледі , оны қорғай алады , өмірде қолдана алады. |
|||
|
Сабақтың типі: |
Жаңа сабақты меңгерту. |
||
|
Сабақтың әдісі: |
Түсіндірмелі, сұрақ - жауап, кітаппен жұмыс, көрнекілік Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, Көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, Жигсо, Пилот-Штурман, ОүБ және оқуды бағалау, Оқытуда АКТ-ны пайдалану; |
||
|
Сабақтың түрі: |
Іскерлік дағдыны қалыптастыру |
||
|
Сабақтың көрнекілігі: |
флипчарт, маркерлер,бояулар,оқулық ,дәптер «Табиғат байлығы» атты видео ролик кесте, суреттер. |
||
|
Пәнаралық байланыс: |
география, экология |
||
|
Сабақтың кезеңдері |
Уақыты |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
|
I.Ұйымдастыру кезеңі. |
3 мин |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу және топ мүшелерін сайлау. Психологиялық тренинг: «Күлкі көңіл айнасы»
тренинг |
Амандасады, топқа бөлінеді. Көңілді күймен сабаққа қатысу
|
|
II.Үй тапсырмасын сұрау. Білу кезеңі |
4 мин |
Үй тапсырмасын тексеру "КҮН ШУАҚ" ойыны арқылы өткен тақырыптар бойынша жұмбақтар мен сұрақтар беріледі. 1. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі
(тамыр) 8. Дем алады, өседі, бірақ жүре алмайды. (Өсімдік) 9. Үш түйеқұс ұшып келеді, оның бірін аңшы атып түсіреді, ал аспанда неше құс қалады? (түйеқұс ұшпайды) 10. Қандай су жәндігі ит пен балықтан тұрады. (итбалық) 11. Бір кг тас ауырма, 1 кг мақта ауырма? (бірдей) 12. Жапырақтың түрлеріін ата (үш құлақты, саусақ салалы) 13. Тірі ағза деп нелерді атаймыз? Өсім, жнауар, адам 14. Ботаника ғылымы нені зерттейді? өсімдіктерді 15. Ауа температусарын өлшейтін құрал |
Оқушылардың жауаптары. интербелсенді тақтадан сұрақтардың жауаптарын тексереді.. |
|
III. Ой шақыру Түсіну кезеңі |
3 мин |
- Адамға , өсімдікке , жануарға тіршілік ету үшін нелер қажет? - Өсімдік жақсы өсу үшін не қажет? - Өсімдік қалай тыныс алады? Бұ\үгінгі сабақтың тақырыбы: Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары. Алдымызға қандай мақсат қоямыз? Тәжірибелік жұмыс |
Сұрақтарды талқылайды, оқушылар тақырып бойынша сабаққа мақсат қояды. Тәжірибе жұмысының нәтижесін айтады. |
|
IV. Негізгі бөлім Қолдану кезеңі |
15 мин |
Топтық жұмыс: «Жигсо» тақырыпқа шығу үшін видео көру.
тақырып бойынша постер дайындау. Тақырып бойынша түсінгендеріңді флипчартқа түсіреміз. Судың пайдасы ақпарат Ерте, ерте, ертеде су болмай қарлығаштар шөлдеп, ағаштар қурап, гүлдер солып қалыпты. Қалжыраған торғай желден ақыл сұрайды. Жел көмекті күннен сұра дейді. Күнге келіп торғай табиғаттың жағдайын айтады. Осы кезде күн жердегі суларды қатты қыздырады.Су буға айналып, аспанға көтеріледі де бу бұлтқа айналады. Бұлтты жел қуалап су түйіршіктері жерге жаңбыр болып жауады. Жаңбырдан кейін жер тыныс алады. Шөлін қандырған өсімдіктер, құстар, жан-жануарлар торғайға рахметін айтады. Сөйтіп, жер беті құлпырып кетеді. Шомыламыз, киім жуып үйді тазалаймыз. |
Оқушылар өз ойларын дәлелдеп жеткізеді. Бір оқушы ортаға шығып постерді қорғайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң Су туралы ақпарат. |
|
Сергіту сәті 3 мин |
|||
|
V. Талдау кезеңі |
5 мин |
Жұптық жұмыс. «Пилот-Штурман» Берілген сөздерден 4 жолды өлең құрастыру. |
1-топ Адам 2-топ Өсімдіктер 3-топ Жануарлар 4-топ Табиғатқа |
|
VI.Синтездеу кезеңі |
7 мин |
Жеке жұмыс: тест жұмысы: 1. Өсімдік – тірі организм Қайсысы дұрыс деп ойлайсың?. а) Өсімдік өседі, өнеді, қурайды б) Өсімдік - өлі табиғатқа жатады. в) Өсімдіктердің пайдасы өте аз. 2. Өсімдікке тірі организм ретінде не керек? а) ауа, жайлы жер, бөлме б) ауа, жылу, жарық, су, топырақ в) тамақ, су, топырақ 3. Өсімдік түрлері. Қайсысы дұрыс деп ойлайсың?. а) таңқурай - бұта б) шырша - жалпақ жапырақты в) өсімдік ағаш, бұта, шөп болып бөлінеді . 4. Жыңғыл қай топқа жатады? а) ағаш б) шөп в) бұта 5. Өсімдік мүшелері Өсімдік мүшелері қалай бөлінеді деп ойлайсың? а) тамыр, жеміс, сабақ б) тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым в) тамыр, жапырақ 6. Тамыр қандай қызмет атқарады? а) су әкеледі, қорек жасайды б) су әкеледі, топырақта бекітіп ұстап тұрады в) жарық , жылу береді 7. Судан қоректік заттар жасайтын өсімдіктің қай мүшесі? а) тамыр б) сабақ в)жапырақ 8. Өсімдіктің өсуіне не қажет? Қайсысы дұрыс деп ойлайсың? а) қосымша тамақ б) тек қана су болса жеткілікті в) су, ауа, жылу,топырақ, жарық 9. Өсімдіктің жапырағында түзілетін қоректік заттар а) су, ауа б) күн сәулесі, су в) қант, крахмал |
Әр оқушы өз бетімен жұмыс жасайды |
|
|
2 мин |
Кері байланыс |
Не үйрендім? Не қиын болды? Нені үйренгім келеді? |
|
VII.Үйге тапсырма |
1 мин |
Үйге тапсырма «Біздің отбасымыз суды қалай үнемдейді?» тақырыбына әңгіме жазу. |
Күнделіктеріне үй жұмысын жазып алу. |
|
VIII. Бағалау |
2 мин |
Мұғалімнің бағалауы |
Топты, және өзін-өзі бағалауы |
Жер бетінде су көп . Бірақ мұхиттар мен теңіз сулары ащы болып келеді.Адамның пайдалануына тұщы су қажет . Тұщы сулар өзен – көлдерде , мұздықтарда және жер астында кездеседі . Жер бетінде тұщы су қоры күннен – күнге азаюда . Оның азаюына адамның әсері көп .
Жер бетіндегі әр адам суды қорғауы тиіс . Зауыт , фабрикалардан шыққан қалдықтарды өзен – көлдерге ағызбаған дұрыс . Ауылды жерде су қоймаларына мал фермасының лас қалдықтары түспеу жағы қадағаланады.
Жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын әр адам ескеруі тиіс . Суды үнемді пайдалану керек . Егер су құбырының шүмегінен судың тамшылап тұрғанын көрсең , оны бұрап бекіт . Суды ретсіз шашып , ысырап етуге болмайды.
Адам өміріндегі судың маңызы
Сусыз тіршілік жоқ, егер де адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады, адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.Су адам бойында қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді . Егер де адамның денесінен 1,5л су ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса,адам қаталап шөлдейді.Адам баласы шөлге қарсы 3т күннен артық күресе алмайды.Егер адам денесіндегі судың 6-8 %азайса ,адам жартылай есінен танып қалады.10% азайса сілекейін жұтады,ал 12% кемісе адам өліп кетеді.Адам су ішпей 5-7 күн жүре алады. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.Суды тамақ пісіруге , ішуге , жуынуға , кір жууға , бояуларға қосуға (бейнелеу өнері) ,тіпті судан электр қуатын өндіреді.Су жол (өзен, теңіз, көліктері, ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы) .Су – адам еңбегінің көмекшісі (егістік, зауыт, фабрика) .Су – қозғалтқыш (паровоз, пароход) .
Судың өсімдік тіршілігі үшін маңызы
Өсімдік құрамының көп бөлігі судан тұрады . Кез келген өсімдіктің жапырағының , сабағының сынған жерін байқасаң шырыны шығады . Бұл өсімдік бойындағы су . Суды өсімдік тамыры топырақ арқылы сіңіреді. Топырақтағы қоректік заттардың бәрі өсімдікке сумен араласып барады .
Өсімдік сусыз тіршілік болмайды.Өсімдіктің барлық мүшелерінде су болады. Жапырақта 90%, сабағында 70-80%, тамырда 50-60%, тұқымда 10%, қабықта 50% судан тұрады . Су өсімдіктерді қызып кетуден сақтайды . Егер өсімдікті күнде суармасаң қурап өліп қалады.
Жануарлар тіршілігі үшін судың маңызы
Бірде бір жануар сусыз тіршілік ете алмайды . Ұзақ уақыт су ішпей жүруге шыдайтын жануарлар да бар . Түйе сусыз қырық күнен астам уақытқа шыдайды . Оның өркешіне жиналған май оған қорек те , су да бола алады . Суда тіршілік ететін жануарлар бар . Су олар үшін мекені . Жануарларда суда шомылады . Өсімдікпен қоректенеді .Ал өсімдік сусыз өспейді .
Ерте, ерте, ертеде су болмай қарлығаштар шөлдеп, ағаштар қурап, гүлдер солып қалыпты. Қалжыраған торғай желден ақыл сұрайды. Жел көмекті күннен сұра дейді. Күнге келіп торғай табиғаттың жағдайын айтады. Осы кезде күн жердегі суларды қатты қыздырады.Су буға айналып, аспанға көтеріледі де бу бұлтқа айналады. Бұлтты жел қуалап су түйіршіктері жерге жаңбыр болып жауады. Жаңбырдан кейін жер тыныс алады. Шөлін қандырған өсімдіктер, құстар, жан-жануарлар торғайға рахметін айтады. Сөйтіп, жер беті құлпырып кетеді. Шомыламыз, киім жуып үйді тазалаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру "КҮН ШУАҚ" ойыны арқылы өткен тақырыптар бойынша жұмбақтар мен сұрақтар беріледі.
1. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі
2. Өсімдік тіршілігіне қажет
нәрсе
3. Өсімдіктің жер бетіндегі
бөлігі
4. Шыршаның жапырағы не сияқты
болады
5. Өсімдіктің діңі жуан, әрі мықты болатын
тобы
6. Қант пен глюкоза түзетін өсімдік
мүшесі
7. Итмұрын қай топқа жатады (бұта)
8. Дем алады, өседі, бірақ жүре алмайды.
9. Үш түйеқұс ұшып келеді, оның бірін аңшы атып түсіреді, ал аспанда неше құс қалады? 10. Қандай су жәндігі ит пен балықтан тұрады.
11. Бір кг тас ауырма, 1 кг мақта ауырма?
12. Жапырақтың түрлеріін ата
13. Тірі ағза деп нелерді атаймыз?
14. Ботаника ғылымы нені зерттейді?
15. Ауа температусарын өлшейтін құрал?


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген