400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: «Судың қасиеті»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды судың қасиетімен таныстыру, қарапайым қарапайым зерттеу әдістеріне тарту, жансыз табиғаттың қасиеттерін зерттеу. Баланың сумен эксперимент жасау процесінде танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп алды даярлық «Айгөлек» тобына арналған ҰОҚ картасы

Тәрбиеші: Жиенбаева А.Ш.

Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: «Судың қасиеті»

Мақсаты: : Балаларды судың қасиетімен таныстыру, қарапайым қарапайым зерттеу әдістеріне тарту, жансыз табиғаттың қасиеттерін зерттеу. Баланың сумен эксперимент жасау процесінде танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.

Міндеттері: 1.Балаларға судың қасиетін білуге үйрету, 2. Балаларды тәжірибе жасау дағдыларын, логикалық ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту. 3.Қоршаған ортаға оң көзқараспен қарауға, табиғат байлығын бейберекет пайдалануға жол бермеуге тәрбиелеу.

Полингвальді компонент: су-вода- water

Сөздік жұмыс: су қатты,сұйық,дәмсіз,иіссіз.

Көрнекілік құралдары: пртоектр,слайд; суреттері, судың түрлері, зерттеу атрибуттары,құрал жабдықтары.

Сабақ бөлімдері

Тәрбиеші әрекеті

Бала әрекеті

Кіріспе бөлімі

Шаттық шеңбері: «Амандасу»

Қайырлы таң, Қайырлы таң балалар! Добрый день, добрый день дети!

Good morning, Good morning children!

Қайырлы таң, қонақтар!

Күндей жарқырап,

Судай мөлдір, таза көңілмен,

Бүгінгі күнді бастайық.

-Балалар, бізді қоршаған орта не?

-Табиғат нешеге бөлінеді және қандай атап айтыңдар?


Жұмбақ шешу:

Балалар,ендеше жақсылап ойланып мына жұмбақтарды шешіп көрейік.

Дәмі де жоқ, түсі жоқ

Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не? Содан соң суретін көрсету.

Полингвальді компонент: су-вода- water


Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады

амандасады жылы тілектерін айтады.



-Бізді қоршаған орта табиғат

-Табиғат екіге бөлінеді. Тірі және өлі табиғат.



-Су

Қайталайды еске сақтауға тырысады.

Негізгі бөлім

Слайдпен жұмыс:

-Балалар мынау не?

-Ғаламшарға қараңдаршы қай түс көбірек екен?

-Өйткені көк пен көгілдір түс судың жер бетінде өте көп екендігін білідіреді.

Көгілдір түспен көк түс бұл мұхит пен теңіздер.

Білесіңдер ме, мұхит пен теңіздердің суы қандай?

-Біз қандай су ішеміз?

-Тұщы су қайда болады?

-Балалар, саяхатқа шыққыларың келе ме? Олай, болса қандай көлікпен барғыларың келеді. Алдымен көздерімізді жұмайық мұхит теңіздің дыбыс толқынын сезіндіру. Балалар көлікті өздері таңдап бір бала ортадан жүргізуші сайланады,ал қалған балалар саяхатшылар болады.

Суреттермен жұмыс:

1 –ші саяхат -тапсырма: д/ойын: «Кімге,неге су қажет?!

Шарты: Сусыз өмір сүре алмайтын тіршілік иелерін табу,атау,не үшін қажеттілігін айту.

2-ші саяхат-тапсырма: д/ойын: Жақсы-жаман

Шарты: суға байланысты жақсы-жаман іс әрекеттер туралы айтып көрсету.

Сергіту сәті: музыка әуенімен «Аяқпенен топ-топ»

Зертханалық жұмыс: /екі үстел үстінде зерттеу жабдықтары/

1-ші тәжірибе: Су құйылған ыдыстарды алып иіскету.

-Иісі бар ма? түсі бар ма? Дәмі бар ма?

Шешім шығару: Су иіссіз, түссіз, дәмі жоқ деп айтқызу.

-Ыдыс астындағы суретті немесе ішіне тас,қасық салып нені көріп тұрсыңдар деп сұрау?

-Су сонымен қандай екен?

2-ші тәжірибе: суға қант,тұз салып араластырту және не болғанын сұрау.

-Қант пен тұзға не болды?

Су қандай болды?

3-ші тәжірибе: Барлық заттар суда тұз бен қант сияқты ериді ма?

Оны байқап көрейік.Суға құм, мұз,боялған таяқшаны суға салу. Су қандай болды?

Су лай суға айналды. Ал мұз еріді. Бояу еріп судың түсі өзгерді.


Сөздік жұмыс: су қатты,сұйық,дәмсіз,иіссіз.


-Адамдар суды ішпес бұрын не істейді? Суды тазартып, арнайы фильтрден суды ішеді

Біз балабақшада қандай су ішеміз және қалай қолданамыз?

Тазартылған тұщы су ішеміз. Кран бұрылғыларын жауып жүреміз, ашық тастамаймыз. Суға қатысты мақал мәтел айтқызу.

Мақал-мәтел:

Судың да, сұрау бар.
Су - тірліктің көзі.


Су анасы – бұлақ,

Сөз анасы – құлақ.


4-ші тәжірибе: Пайдалы су /минеральды су, таза су,кран суы/

Қандай су адам өміріне пайдалы немесе қауіпті су?

Сулардың дәмін татқызу арқылы байқату.

Сонымен қорыта келе адам өміріне пайдалы таза су деп фильтрден өткен таза суды,минеральды бұлақ суы,жеміс-жидек,көкөністер сусынын тірі су деп айта аламыз.

Ал кран суын өлі су деп айта аламыз.Өйткені оны тазартып,тұщытып ішуіміз қажет екен.

Балалар, су туралы тыйым сөздер білесіңдер ме?


Балалар, келген көлігімізбен балабақшамызға оралайық.


Саусақ.-,қол жаттығуы:

Сылдырлайды мөлдір су,

Мөлдір суға қолыңды жу.

Жусақ егер әрдайым,

Таза бетің, маңдайың

Тазалықтың досы-су дегенің осы

Слайдпен жұмыс:

Балалар, экранға назар салыңдаршы сонымен қорыта келе су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбыр болып жерге түседі. Арық, өзендер құрайды. Содан соң қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып оралады . Яғни су қандай күйде болады екен?

-Ғаламшар




-Тұзды су.

-Тұщы су.

-Өзен,көлдерде.


-Балалар көздерін жұмып қандай көлікпен барғылары келетінін ойлап айтады.


-Балалар берілген тапсырма бойынша суреттерді тауып қысқа әңгімелейді.

-Балалар жақсы-жаман іс әрекеттер жайлы айтады.

Қимылмен орындайды.

-Балалар екі жаққа екеу-екеуден бөлініп кезекпен зерттеу жүргізеді.

Түссіз, судың түсі жоқ.

-


Қант,тұз суда еріді.

-Су ащы, тұщы болды


Балалар жауаптары



Қайталайды түсінеді.



Тұщы таза су ішеміз.

Беті қолымызды жуғанда кранды ашық тастамаймыз жауып жүреміз.



-Балалар суға байланысты мақал-мәтелдерді айтады.



-Балалар жауаптары.

Зерттеу арқылы қандай судың өлі немесе тірі су екенін дәмін татып айтады.



Балалар жауабы

Су ішкен құдыққа түкірме. Суды бекерге төкепе,

Түнде суға барма. Түнде судың бетін ашық қалдырма.

Балалар бірге айтып саусақ қолдарын қозғалтып қимылмен көрсетеді.


-Балалар экраннан судың қайдан келетінін түсінеді.

Су сұйық,қатты және бу күйінде болады.

Қорыту бөлімі

Жарайсыңдар, балалар! Балалар,бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінен не үйрендік? Ғылым орталығынан нені зертттедік?

Бүгінгі оқу қызметімізде жақсы атсалысып , сұрақтарға жауап бердіңдер. 

Балаларды мақтау өздеріне ұнаған смайликті алуын айту.


Балалар жауаптары

Өз ойларын айтады.

Ұнаған смайликтерін таңдап алады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қазан
576
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі