жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Судың сиқырлы қасиеті"
Атырау облысы
Махамбет ауданы
Махамбет селосы
“Алтын-ай” бөбекжай бақшасының тәрбиешісі
Дуйімбаева Кафура Рахметқызы
Судың сиқырлы қасиеті
Білім беру саласы : Таным
Бөлімі : Жаратылыстану
Сабақтың түрі:Тақырыптық сабақ
Мақсаты: Балаларға судың табиғаттағы баға жетпес сый екенін түсіндіру. Судың қажеттілігін, оның адамның тіршілігіндегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.Тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру,баланың ойлау қабілетін дамыту.Табиғатты қорғап, суды үнемдеп пайдалануға, ластамауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:стақан,тұз,жұмыртқа,қант,түрлі-түсті бояу,түрлі-түсті мұз.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап,көрсету,сергіту сәті,тәжірбие жасау.
Жылулық шеңбері: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдіріп таңғы шаттық шеңберін жасайық.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жарқырайды қаламыз
Қайырлы таң,балалар!
Қайырлы таң,
апай!
Сабақ барысы
Тәрбиеші:Балалар біз қазір сендермен «Жер шары» ойынын ойнаймыз.
Ойын шарты бойынша мен қолымдағы допты бір балаға лақтырып, «жер шары» деп айтамын. Қағып алған бала жер шарында кімдер? Нелер? мекендейтінін шапшаң айтып допты кері лақтырады. Мысалы:тәрбиеші «Жер шары» десе бала:адам,құстар,жәндіктер т.с.с деп жылдам жауап беруі тиіс.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар! Адам, құстар,жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар. Бұның барлығын бір сөзбен не деп айтамыз?
Балалар:Табиғат.
Тәрбиеші:Дұрыс
айтасыңдар,балалар!Бұның бәрін бір сөзбен табиғат деп
атаймыз.Балалар,табиғат нешеге
бөлінеді.
Балалар:Табиғат
екіге бөлінеді:жанды және жансыз.
Тәрбиеші:Жанды
табиғатқа не жатады?Жансыз табиғатқа не
жатады?(Балалардың
жауаптары)
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!Жанды табиғат тыныс алады, өседі, қоректеніп көбейеді, ал жансыз табиғат өспейді,өнбейді,көбеймейді екен.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын , жауабын табасыңдар ма?
Жылт-жылт
еткен,
Жырадан
өткен.
(Балалар
жауабы)Су
Тәрбиеші: -Балалар,сендермен бүгін біз осы жансыз
табиғаттың бірі - су,оның қасиетімен танысамыз. -Сусыз тіршілік жоқ.Өсімдіктерге де су керек,
оларды үнемі суғарып тұру керек,өйткені олар сусыз өліп қалуы
мүмкін.
-Ал адамдарға су тамақ істеуге, жуынуға, ішуге керек.
-Ешқандай тірі зат сусыз өмір сүре алмайды.
Балалар! Сендер білісіңдерме судың сиқырлы қасиеттері бар.Бүгін біз
сендермен судың қасиеттерін тәжірбие жасау арқылы білетін
боламыз.Су дегеніміз-өзен,көлдер,жаңбыр. Су өмір бойы айналамызда
болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды,
ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп,
жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай
сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды
екен.Су-сұйық,қатты және бу күйлерде кездеседі.
1. Судың сұйық
болатынын анықтап айлайық.Тәрбиеші алдындағы стақандағы суды екінші
бос стақанға құяды.Суды алақанына ұстап көреді.Су аға
ма?Неліктен?Өйткені ол сұйық.Егер ол сұйық болмаса
өзендерден,краннан аға алмас еді.Су сұйық- сондықтан
ағады.
2. Судың тағы бір
қасиетін көрсету үшін тәрбиеші қайнаған суы бар термосты алып,одан
шыққан буды көру үшін оның қақпағын ашып көрсетеді. Бу да су
екенін дәлелдеу үшін буға шыны әйнекті ұстап, одан су тамшылары
кері аққанын балаларға көрсетеді.Яғни, бу –бұл да
су.
3. Су қай кезде
қатты күйде болады?Ол үшін мен сендерге үйге суды тоңазтқышқа
қатырып алып келуді тапсырғам.Енді сол үйден алып келген мұзды
қарайықшы.Мұз-судың қатты күйі.Яғни мұзды жылы жерге қойсақ мұз
қайтадан суға айналады екен.(Тәрбиеші
мұзды алақанына салып,мұздың суға айналғанын
көрсетеді.-Бұдан біз мұз-судың қатты күйі екенін
білдік.
Сиқыр: (Керек заттар:шикі жұмыртқа,
стақан,тұз)
Стақанға таза су құйып, суға шикі
жұмыртқаны саламын. Жұмыртқа суға батып кетеді.Келесі
стақандағы суға тұзды жақсылап ерітіп, жұмыртқаны салғанда
,жұмыртқа суға батпайды.Яғни,балалар, тұзды суға неге жұмыртқа
батпады,өйткені судағы тұздың мөлшері артқан сайын тығыздылығы
күшейіп, ол суға түскен кез келген зат батып кетпей су бетінде
қалқып тұрады.Тұзды су тығыз болады.
Сергіту сәті:
Ал, балалар
тұрайық,
Мойнымызды бұрайық,
Қолымызды
созайық,
Су ішінде қалықтап,
Қане, жүзіп алайық,
Оңға бір,
солға бір қарап,
Денемізді бұрайық
Тәжірибе №1
Тәрбиеші:-балалар,алдымыздағы су құйылған стақанды алып
ішіп көрейік.Судың дәмі бар ма? (Балалар суды ішіп оның дәмі жоқ екенін
айтады)
Тәрбиеші:Судың дәмі жоқ. Ал енді қант салып , тұз салып
араластырып ішіп көріңдер. Дәмі қандай? (Балалар судың дәмі тәтті , ашшы болғанын
айтады)
Тәрбиеші: Қане енді қорытындылайық .
-Таза судың дәмі болады ма?
-Қай кезде дәмі өзгереді?
Балалар:Судың дәмі жоқ.Суға басқа зат қосқанда ғана судың дәмі
өзгереді.Дұрыс айтасыңдар,біз бұдан судың дәмі болмайтынын
анықтадық.
Тәжірибе №2
Тәрбиеші:Ал иісі
болады ма? Стақандағы суды иіскеп көріңдерші. Иісі
барма?( Балалар
суды иіскеп оның иісі болмайтындығын айтады)
Тәрбиеші:Яғни таза судың иісі болмайды.Қазір сендердің
стақандарыңа бірдеме саламын ал сендер оның не екенін
анықтаңдар.(Тәрбиеші балалардың стақандарына сарымсақ
салып шығады.) (Балалар судан сарымсақтың иісі шығып тұрғанын
айтады)
-Ия
балалар,бұл сарымсақ, оны біз суға араластырғанда судың иісі
өзгерді. Яғни бұдан тағы қандай шешім шығарсақ болады?Таза судың
өзінің иісі болмайды оған басқа зат араластырғанда ғана иіс пайда
болады.
Тәжірибе №3
Тәрбиеші: Енді таза суы бар стаканның ішіне қасықтарыңды
салып көріңдерші, қасық көріне ме? Суымыздың түсі қандай
екен?
(балалар
судың түссіз екенін айтады)
Тәрбиеші:Таза су түссіз болады екен. Ал енді осы суға
бояғыш араластырып көреміз. Алдарыңдағы бояғышты қылқаламмен суға
араластырайық енді қасыққа қараңдар көрінеді ме?Олай болса қалай
айтамыз, судың өзінің түсі болмайды, таза суға бояғыш қосқанда ғана
түсі өзгереді.Яғни балалар,судың қандай қасиеттері бар
екен? Балалар:су-түссіз,иіссіз,дәмі жоқ.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,балалар!Су иіссіз,дәмі
жоқ,түссіз екенін тәжірбие арқылы білдік.
Тәрбиеші:Сонымен, балалар, бүгін біз су туралы көптеген мағлұмат алдық, судың әртүрлі қасиеттері бар екендігіне көз жеткіздік. Сусыз тірі табиғат өмір сүре алмайды екен.Өмірде сумен байланысты заттар өте көп .
Ойын: “Кубизм” әдісі арқылы
О\ш. Текшедегі суреттерді сумен байланыстыра айту.
- Ал балалар, су туралы кім қандай мақал -
мәтелдер, тыйым сөздер біледі? Қане кім айтады?
1. Судың да сұрауы бар.
2. Су анасы - бұлақ
Сөз анасы - құлақ
3. Сумен ойнама - батарсың
Отпен ойнама - жанарсың
4. Сулы жер - нулы жер
5. Су - табиғаттың ажары
Су - тазалықтың до
Ойын: Топтастыру әдісі бойынша
О\ш. “Су не үшін керек?”сөзіне суреттер арқылы топтастыру.
- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі сабағымызда өте жақсы қатыстыңдар, сендерге көп - көп рахмет!
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:Суды үнемдеуді,
суды ластамауды.
Игереді:Судың қасиеттерін тәжірибе жасау арқылы
біледі.
Меңгереді:Сусыз тіршілік
болмайтынын түсінеді.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген