400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. "Шығарма меңгеруде таза интонация арқылы ырғақты қалыптастыру" Қобыз мамандығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша білім беретін ұйымдардағы мұғалімдерге пайдалы жоспар, жас мамандарға көмекші құрал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК Құрық балалар өнер мектебі










Тақырыбы: «Шығарма меңгеруде таза интоноция

арқылы ырғақты қалыптастыру».



Қобыз мамандығының мұғалімі: Асалова А.М.



















Құрық 2021 ж

Бекітемін:

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

____________А.Тоқбаева

«___»___________ 2021 жыл



Күні: 11.02.2021ж

Пән: қобыз

Оқытушы: Асалова А.

Оқушы:Тайжанова Н.

Сыныбы: 5


Тақырып: Шығарма меңгеруде таза интоноция арқылы ырғақты қалыптастыру.


Мақсаты:

  • Білімділік: шығарманы меңгеруде таза интонация мен ырғақты байланыстыра отырып, оқушының ойнау шеберлігін дамыту.

  • Дамытушылық мақсаты: ой-танымы қасиеттерін арттыру, өз бетімен еңбектенуге дағдыландыру, есту қабілеттерін арттыру.

  • Тәрбиелік: адамгершілікке баулу, музыкаға деген шығармашылық белсенділігін ояту, еңбексүйгіштікке, өнерге тәрбиелеу.


Сабақ түрі: Білім мен дағдыларды қалыптастыру сабағы.


Сабақ көрнектілігі: Кітап, ноталар, аспап, пульт.


Қолданған әдебиеттер: З.Бисенбаева «Қобызға арналған пьесалар»,

А.Г.Григорин «Юный скрипач», Ғ.Оразалиева «Қобыз ойнаудағы педагогикалық негіздер»,

Қ.Ахмедияров – «Сарыарқа» күйлер жинағы


Сабақта көрсетілетін әдістемелер: түсіндіру, әңгіме, аспапта орындап көрсету, сұрақ-жауап, шығарманы талдау.



Пән аралық байланыс: қазақ музыка әдебиеті, теория, шетел музыка әдебиеті.



Жоспар:


I. Ұйымдастыру – 2 мин.

II. Үй тапсырмасын тексеру – 20 мин.

III. Шығарма талдау– 15 мин.

IV. Қортынды – 3 мин.






Сабақ барысы



I. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа керекті құрал жабдықтарды дайындау. Оқушының сабаққа дайындығын қамтамасыз ету.



II. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ж.Рамо – «Ригодон»

2.Г.Ф.Гендель - Гавот с вариациями



Оқушыдан шығарма композиторлары жөнінде сұраймын. Шығарма тональдігі, шығарма мазмұны. Оқушыдан жауап аламын. Шығарманы ойнатып кеткен кемшіліктермен жұмыс жасаймын.



ІІІ. Жаңа тақырып: Құрманғазы Сағырбайұлы – «Саранжап» күйі.






Құрманғазы Сағырбайұлы


Дүниеге келгені: 1818жылы

Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер.

Қайтыс болғаны: 1889жылы

Мансабы: күйші-композитор,музыка өнерінің классигі.

Мазмұны:

1. Өмірбаяны

2. Шығармалары

3. Күйлерінің шығу тарихы


Өмірбаяны

Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орны – Астрахан облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.

Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы болып табылады. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары. Құрманғазының әкесі Сағырбай (шын аты Дүйсенбай деген сөз бар) өнерге мойын бұра алмаған, шаруа адамы болыпты. Құрманғазының бесінші атасы Балтабай әулеті шетінен домбыраға тіл бітірген өнерпаз болса керек. Ал жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ аңызды, сөз дарыған адам екен. Күні бүгінге дейін ел ішінде «Ершінің еркегін қойып, әуелі әйелімен айтысып ал» деген сөз бар. Құрманғазының нағашы жұрты - Беріш руы. Ерлік пен еркіндікті дәстүр еткен елдің қызы, Құрманғазының анасы Алқа да келін болып түскенше даланың ерке желіндей еркін өciп, еркек - шора болып, ойын - тойдың шырайын келтірген. Кейін Игіліктың қызы Әуеске үйленгенде Құрманғазы үшін Беріш руы енді қайын жұрты болады. Құрманғазының бала кезінен - ақ ең айткыш тілі, ең сезімтал тілі қос ішекті домбыра көмейінен шығатын күй тілі еді. Сондықтан да, ол сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанды алғаш көpiп тыңдасымен-ақ домбырасынын тілін мен дінін түсініп, ұйып тыңдайды. Сондықтан да, өзінің замандастары Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін құныра тартып, сол күйлерден уақыттың ең шыншыл сырын ұғады. Ал Құрманғазының ұстазы - Ұзақ болатын.1830 жылы Беріштен шыққан Исатай Тайманұлы және оның жан досы, дауылпаз ақын, дәулескер күйші Махамбет Өтемісұлы бастаған Жәңгір-ханға шаруалар көтерілісінде Құрманғазы да болады. Сол жылдарында «Кішкентай» деген күй шығарады. 1857 жылы Құрманғазыны түрмеге отырғызады. Сібірге айдатайын деп жатқан жерден ол қашып құтылады. Екінші рет оны Орынбор түрмесіне қамайды, бірақ генерал-губернатор Перовскийдің қолдауымен құтқарылады. Түрме тақырыбына бірталай күй шығарады: «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Арба соққан», «Перовский маршы», «Не кричи не шуми», «Машина». 1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Ерғали Есжанов, Меңдіғали Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менетай, Менқара, Сүгірәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан.

Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған.


Шығармалары

Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Қашанда ел басына келген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердің иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.

Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.

Құрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет – ол концептуалды күйші. Бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғау Құрманғазының рухани болмысына тән. Оның «Жігер», «Көбік шашқан», «Кішкентай», «Ақбай» сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы.

Сол сияқты «Айжан-ай», «Айда бұлбұл, «Алатау», «Амандасар», «Бас Ақжелең», «Демалыс», «Лаушкен», «Ойбай, балам», «Саранжап»«Теріс қақпай», «Ұзак Ақжелең» күйлері кеңінен танымал. Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес. Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысына айғақ бола алады. Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша қуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп жатады. Бұл, орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал күйіне ең жарқын айғақ бола білді. Ол өзінің қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті.


Күйлерінің шығу тарихы

Құрманғазы күйшінің алғашқы шығармаларының бірі – “Кішкентай”. Бұл күй көтеріліс басшысы Исатайға арналған. Оның шығарған “Ақбай”, “Ақсақ киік”, “Көбік шашқан”, “Түрмеден қашқан”, “Адай” деген күйлерінде нұрлы болашақ, халық үміті, үстем тапқа деген ыза-кек шебер суреттеледі. Күйші “Сарыарқа” күйі арқылы туған жерді, кең байтақ даланы көз алдына келтіреді. Құрманғазы күйлері тыңдаушысын бай сазымен, кербез нақышымен, жігерлі қуатымен борандатып, ұшқыр екпінімен баурап əкетеді. Күйлерінің көпшілігінің тақырыбы бар, құрылымы жағынан бір жүйеге түскен ауқымды туындылар. Күйші домбыраның орындау əдістерін, аспаптың дыбыстық жəне техникалық бай мүмкіндіктерін мейлінше толық қолдана білген. Құрманғазы күйлерінің ерекшеліктеріне – күйдің шарықтау шегінің, яғни кіші саға мен үлкен сағаның жазыла түсуінің арқасында домбыра диапазоны толық игеріліп, күйдің өзіндік өлшемі мен ырғағы шығарманың өне бойында ауытқымай сақталып отырады. “Балбырауын”, “Ертең жетем”, “Бұқтым-бұқтым”, “Балқаймақ”, “Боз қаңғыр”, “Не кричи не шуми”, “Айжан-ай”, “Лаушкен” т. б. көптеген күйлері жайлы төменде толық анықтамалар беріледі:



Қайран шешем

Ақбайдың шабармандары Құрманғазыны арбаға байлап жүргелі жатқанда шешесі Ақбаланы көреді. Əлпештеп өсірген анасына əлі күнге дейін қайырымды іс істемегеніне өкініп, енді тағы міне айдалып бара жатқанын ойлап, көзіне жас кеп, шешесінің қасына келеді. “Мен ұл таптым деп жүрсем, жаман, жасық немені туған екем ғой. Кімнің алдында көзіңнен жас шығарып тұрсың?” – деп, жағына шапалақпен тартып жібереді. Құрманғазы өзінің қателігін түсінеді. Орал түрмесінде жатқанда осының бəрін ойлап, шешесіне арнап “Қайран шешем” атты күйін шығарады. Күй күйшінің қапастағы халін баяндағандай баяу басталады да, бірте-бірте əсерленіп, шабыттана төгіледі.


Қапы

Құрманғазы өштескен би оның соңына түсумен болады. Бір жиында домбыра тартып, Исатай, Махамбет толғауын айтып отырған Құрманғазыға “Сен Исатай Махамбеттің толғауын айттың”, деп кінə тағып күйшіні ұстатады. Міне, осы өкінішке байланысты “Қапы” деген күйін шығарған екен.

Қош аман бол

Құрманғазы қапылыста ұсталып Орда түрмесіне жөнелтілейін деп тұрғанда “Қайтып көріскенше қош аман болыңдар, халқым” деп, “Қош аман бол” күйін тартыпты.“


Қыз Данайдың қырғыны

1850 жылы Құрманғазы Жем өзенінің бойындағы Төремұрат, Өтен, Нарымбай ағаларымен барып қыз Данайды алып қайтады. Қыз соңынан шапқан қуғыншыларды Құрманғазы отауға жібермей келгенін қағып түсіріп, қорғап тұрады. Оның бұл батырлығына нағашылары риза болып, сый – құрмет жасайды. Шабыты шалқыған күйші осы қуанышқа арнап “Қыз Данайдың қырғыны” күйін шығарады. Құрманғазы күй арқылы ат тұяғының дүбірін, қиян-кескі ұрысты суреттейді. Арасында қыз Данайдың сұлулығын, сыңғырлаған күлкісін сазды дауыстармен бейнелей білген. Бұл күйдің шығуына байланысты Төремұрат ел жиып, мал сойып үлкен той жасайды.


Қызыл қайың

Құрманғазы ен далада жалғыз өскен қызыл қайыңның бұтағын жамылып отырып, қуғыншылардан аман қалыпты, дейді. Кейін: “Менің елім де, жерім де, ағашым да пана екен. Анадай қамқор болып, жапырағымен жауып пана болған қызыл қайыңға арнап едім”, – деп осы күйді шығарған.


Көбік шашқан

Каспий теңізі бір кезеңдерде деңгейі көтеріліп, жағадан шығып, тасып кетеді екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл әрбір дәуірлік мерзім сайын болып тұратын құбылыс көрінеді. Міне, сондай құбылыс ХІХ ғасырдың екінші жартысында да болған. Мұны ұлы сазгер Құрманғазы мен суырыпсалма ақын Қашаған өз көздерімен көрген. Құрманғазы бір келгенде Қашаған тап болып, екеуі тасып жатқан теңізді жағалай жүріпті. Бұл жөнінде бір суретшінің салған суреті де бар. Қашаған халықты қиналысқа ұшыратқан осы тасқын жөнінде «Топан» атты дастан шығарды. Ақын пәлсапалық ұғыммен табиғаттың қасіретті құбылысын адамзаттың имандылық, нәпсілік қасиеттерінің жоғалуымен байланыстырады. Соның жазасы деп түйіндейді. Ал Құрманғазы асып-тасып, көбіктеніп, толқып жатқан теңізді көріп, оның халыққа залалы тигеніне жаны қиналады. Оған Қашаған дастаны да қатты әсер етеді. Сөйтіп, жүрек сыздатар сазды «Көбік шашқан» күйі шыққан.

Түрмеден қашқан

Кітаптағы деректер бойыша, Құрманғазы күйді түрмеден қашқаннан кейін, тынығып жатқанда жазады. Күйші жастайынан өз елінің тәуелсіздігі үшін күреседі және сол жолында талай рет түрме тұтқыны болады. Сондай кездің бірінде, күйшінің түрмедегі досы, Лавочкинге анасы тамағына болат араны жасырып әкеліп береді. Сонда Құрманғазы, өзін жақтайтын түрме жасақтарының көмегімен түрмеден қашып кетеді. Шаршап, демалуға отырған күйші шабыттаным, "Түрмеден қашқан" күйін шығарады.



Саранжап күйінің шығу тарихы

Саранжап күйінің шығу тарихы – бұл күйді 1936 жылы домбырашы Қали Жантілеуов орындап берген. Қалмақтың батыры Саранжап ханына қарсы болып, түрмеде Құрманғазымен кездесіп, екеуі бірге қашып құтылады. Сол бір тар жол, тайғақ кешу кездескен досына арнап Құрманғазы шығарған болса керек. Саранжап – қалмақ. Сондықтан ба, күйдің ырғағында қалмақ музыкасының элементтері бар. Өте екпінді, жігерлі күй.

Тақырыпты ашып толық түсіндіру. Композитор Құрманғазы жөнінде оқушыға толық мәлімет беремін. Саранжап күйінің тарихын айтып, күйдің ырғағын толық түсіндіріп ойнатып талдатамын. Интонация – музыкалық дыбыстардың таза және дәл орындалуы.

Сол қол саусақтарын қояр алдында оқушы өзіне керекті дыбысты ішкі сезіммен, ойша елестетіп, саусақты сол нотаға дәл басып үйрену керек. Шығарма меңгерімінде ырғақты қалыптастыруда оқушының дұрыс санап ойнауын қалыптастыру. Ырғақ - музыкалық шығармаларда әртүрлі дыбыс ұзақтықтарының белгілі мерзімде ауысып келіп отыруы ырғақ өте қажетті оны асықпай сағаттың соғуындай бірқалыпты орындау қажет, Музыкалық шығарманың қалыптасқан ырғағы болады. Ырғақ - бұл кез-келген қозғалыстың өмірлік тынысы, яғни қол жұмысы мен ой жұмысы. Сондықтан әрбір оқушы өзінде ырғақ сезімін дамыту керек.


ІҮ. Қортындылау: аспап меңгеру барысында жалықпай еңбек еткен оқушыдан болашақта үміт күтуге болады. Қобызшының жас кезінен бастап үйреніп алған білімі, оның болашақ өміріне ықпалын тигізеді. Қорыта келгенде оқушының орындаушылық өнерінің қалыптасуына екі факторды ескеру керек:

1. Ішкі сезімін,есту қабілетін арттыру

2. Көркемдік техникалық мүмкіндігін дамыту


Ү. Үйге тапсырма: жаңа тақырып бойынша шығарманың авторы жайлы қосымша әдебиеттерден оқып білу, шығарманы өз бетімен талдау. Өтілген шығармаларды пысықтау, жаттау, таза интоноция, ырғаққа мән беру. Гамма жаттығуларды қайталау.


ҮІ. Оқушыны бағалау.
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
1149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі