400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ .Шығармада кездесетін динамикалық белгілермен жұмыс»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды сахнаға шығару арқылы оларды үлкен сахнаға дайындау, ата¬-анамен ұстаздардың арасындағы қарым қатынасты арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бейнеу аудандық әкімдігінің

«Құлшар Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебі» МКҚК

















Ашық сабақ

Тақырыбы: «Шығармада кездесетін динамикалық белгілермен жұмыс»









Мұғалім: И.Досова















2017-2018 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы «Шығармада кездесетін динамикалық

белгілермен жұмыс»



Сабақтың мақсаты: Шығарманы ойнаған кезде

динамикалық белгілерін орынды

пайдалана отырып нотаны бірден

оқып ойнау техникасын дамыту.



1.Білімділігі: Оқушының орындаушылық

шеберлігін жетілдіре түсу үшін

күрделі штрихтарды меңгеру



2.Тәрбиелілігі: Оқушының зейінін,жинақылығын

қалыптастыру және оның

тапсырманы ұқыпты меңгеруіне баса

назар аудару



3.Дамытушылығы: Оқушының бойындағы музыкалық

қабілетінің дамуына себепші болу ,ести

білу және есте сақтау қабілеттерін,

аспапта ойнау шеберлігін шыңдау.



Сабақтың түрі: ашық сабақ



Сабақтың әдісі: Түсіндіру ,үйрету,сұрақ- жауап т.б



Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар,баян т.б



Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ

а)теориялық

б)практикалық

Қорытынды

Үйге тапсырма

Бағалау



Сабақтың жүрісі:

I.Ұйымдастыру:

Оқушының ашық сабаққа қатысын қадағалау,сабаққа қажетті оқу құралдарын тексеру, баян аспабында отыруы, қол қойылымын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1) Еs – dur екі қолмен I,II октавада жүргізіп ойнап келу.

2)Г.Беренс «Этюд» соңына дейін тоқтамай нота бойынша жүргізіп ойнап келу.


III. Жаңа сабақ: «Шығармада кездесетін динамикалық белгілермен жұмыс»

a)Теориялық

Динамикалық таңбалар.Музыкалық терминдерге түсініктеме беру.Музыкалық шығармалардың күшейіп немесе бәсеңдей құбыла орындалуын сол шығарманың динамикасы немесе нюансы дейміз:

Динамика (грекше dynamikos-күшейту) дегеніміз дыбыс күшін азайту немесе арттыру дәрежесі.Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту немесе азайту дәрежесі динамика белгілері арқылы көрсетіледі. Динамикалық белгілерінің сақталуымен штрихтарына көп көңіл бөлеміз. Дыбыстың динамикалық өзгеріс кезінде дыбыстың бір келкі таза шығуын сақтай отырып, олардың үндестігімен ырғақтың құрылымын қадағалау.Динамикалық белгілер орындау мағынасын білдіретін итальян сөздерінің бас әрпімен (кейде арнайы белгілермен де)белгіленеді.

Ал,оларды нотада арнайы динамикалық белгілермен көрсетеді.Итальян тіліндегі динамикалық шартты белгілер мыналар:

Айтылуы

Жазылуы

Қазақша мағынасы

Форте

f

Қатты, күшті

Пиано

р

Ақырын,жәй

Меццо­-форте

mf

Орташа,күшпен

Меццо-пиано

mp

Ақырын

Фортиссимо

ff

Өте қатты,күшті

Пианиссимо

рр

Өте ақырын,жай

Крещендо

DrawObject2 DrawObject1

Бірте-бірте күшейту

Деминуэндо

DrawObject3 DrawObject4

Бірте-бірте азайту

Стакатто

Секіртіп,үзіп

Акцент

Екпін, күш беру

Субито пиано

sp

Кенттен жәй

Сфорцандо

sf

Кенеттен күшейтіп

б)Практикалық

Бүгінгі тақырыбызға сәйкес Н.Чайкин «Вальс» талдау жасаймыз.Аталған шығармаға талдау жасамас бұрын шығарманың авторы жайлы қысқаша ғана мағлұмат беріп өтейін.

Николай Яковлевич Чайкин 1915-2000 жылдар аралығында өмір сүрген композитор және музыкалық педагогикалық институтта , консерваторияда аккордеон аспабында сабақ берген ұлағатты ұстаз.

Оркестрге арналған «Курс чтения партитур для оркестра русских народных инструментов» деп аталатын 2 томнан тұратын жинақтың авторы, сондай-ақ баянға арналған бірінші сонатаның авторы және оркестрге арналған баянның сүйемелдеуімен ойналатын екі концерт пен В.И Ленинге арналған «Великий учитель» деп аталатын кантата т.с.с еңбектердің авторы болып табылады.

Енді шығармаға талдау жасайтын болсақ, «Вальс» сөзінің ұғымы - тұрмыстық халықтық және балдық билердің ортақ атауын білдіретін жабық қалыпта жұптасып орындалатын би түрі. Вальс - музыкалық ¾ өлшемде жазылады. Алғашқы уақытта вальс – XYIII ғасырдың 80-ші жылдарында Вена қаласында танымалдылыққа ие болған би түрі.

  • Қай тональдікте жазылған?

  • Қандай штрихтар кездеседі?

  • Жоғарыда танысқан динамикалық белгілер осы шығармада кездесе ме, болса қандай? - деген сұрақ-жауаптар арқылы алдымен талдау жасап алып, интерактивті тақтада Н.Чайкин «Вальс» тыңдату, динамикалық белгілерімен бірге ойналу әдістерін көрсету арқылы қызығушылығын арттырып, әуенін құлағына әбден сіңіріп, өз орындауымда тағы ойнап көрсетемін. Алдымен оң қолмен саусақтардың реттік саны бойынша бөлек алғашқы 2 тактпен жұмыс жасалады, келесі 2 тактпен де жұмыс жасап барып, 4 тактті қосамыз. Саусақтардың қойылуына жете көңіл бөлемін.

Әбден 4 тактті меңгеріп алғаннан кейін кездесетін динамикалық белгілермен жұмыс жасалады.



IV.Қорытынды:

«Алма ағаштың аясында» ойыны арқылы динамикалық белгілер жасырылған алмалардың артындағы сұрақтарға жауап бере отырып, себетті толтыру арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.

V. Үйге тапсырма:

1) Еs – dur екі қолмен I,II октавада жүргізіп ойнап келу.

2)Г.Беренс «Этюд» динамикалық белгілері мен штрихтары өзбетімен жұмыс жасап келу.

3)Н.Чайкин «Вальс» 4 тактісін жәй екпінде, динамикалық белгілерін қолдана отырып, ойнап келу.



VI. Бағалау:

Оқушыны белсенділігіне, білімділігіне, тапқырлығына қарай бағалау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
980
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі