400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ .Шығармада кездесетін динамикалық белгілермен жұмыс»

Материал туралы қысқаша түсінік
Байырғы қазақ елінің тұрмыс - тіршілігінен сыр шертіп, ұлттық алтыбақан ойынына оқушыларды қатыстыра отырып, ұлттық дәстүрімізді дәріптеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық тапсырмамен тақырыптық

натюрмортта суреттің бейнелеу құралдары.

Өзіндік ерекше графикалық техникада заттардың

түстік модельдеу өзіндік ерекшеліктері.


Машықтық жұмыс: Түс бойынша контрастылы ,4-5 заттарды

орындаудың өзіндік техникасын қолдана отырып

тақырыптық натюрморттың ұзақ мерзімді

суреті.

1апта (4сағат) 1.Форматтағы натюрморттың тұтастығы ,

құрылымы.

2,3апта (8сағат) 2.Суреттік түстің шешімі. Түстерді модельдеу.

Жартылай түстерді модельдеу.

4апта (4сағат) 3.Жоспарлықты жеткізу.

5апта (4сағат) 4. Жұмысты жоспарлау.


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушылардың сурет пәнінен білімдерін жетілдіру,

натюрморт бейнелеп үйрету.

2.Тәрбиелігі: Оқушыны шапшаңдыққа, тазалыққа

ұқыптылыққа, тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: Оқушының көру, ой-өрісін,есте сақтау қабілетін

арттыру.


Сабақтың түрі: топтық

Сабақтың әдісі: а) теориялық

б) машықтық

Сабаққа қажетті құралдар

мен көрнекіліктер: 35х45 формат, графит карандаш, өшіргіш,

ұшашқыш, қара түсті пастель, т.б.


Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

а)теориялық

б) машықтық

ІҮ.Қорытындылау

Ү .Үйге тапсырма

ҮІ. Бағалау

VII.Сыныпты жинақтау




Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру:

Сыныпты жабдықтап, оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыны журналға белгілеп, құралдарын тексеру.


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге қандай тапсырма берілді?

Үйден ыдыс-аяқтардан құралған натюрморт салу.

Үй тапсырмасын тексеріп,қателерін ескертіп,бағалау.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Шығармашылық тапсырмамен тақырыптық натюрмортта суреттің бейнелеу құралдары.

Өзіндік ерекше графикалық техникада заттардың түстік модельдеу өзіндік ерекшеліктері.

а)теориялық:

1апта (4сағат) 1.Форматтағы натюрморттың тұтастығы, құрылымы.

Құрылым, заттарды орналастыру зат бейнесінің орналасуын анықтау дегеніміз бейнелейтін затымыздың жалпы нұсқасын қағаз бетіне дұрыс немесе белгілі бір мөлшерде ықшамдап түсіру болып табылады. Суреттің орналасуына аса көңіл бөліп, натюрморт нобайын қағазға түсіреміз. Ондағы заттардың пішіндерін мөлшермен білінер – білінбес сызықтармен белгілейміз. Содан кейін заттардың құрылымын табамыз. Натюрморттағы заттардың бір – бірінің арақатынасын өлшеп, олардың әрқайсысының сызықтық қаңқасын сызамыз.

Мұндағы заттардың арақатынасын, өлшеу карандашпен өлшегенде, қалам ұстаған қолымызды толық созып, бас бармағымызды қаламның бойымен жылжыту арқылы белгілі өлшемді екінші заттың ұзына бойына немесе еніне салып арақатынасты табамыз. Ал натюрмортта цилинрдің енін аламыз да, жаңығы әдіс бойынша қалған заттардың ұзындығы мен енін өлшеп шығамыз. Заттардың бізге көрінбей тұрған қабырғаларын сызық перспективалық өзгерістерін көрсетеміз.

Осы кезеңде суреттің дұрыстығына сенімді болу үшін барлыұқ өлшем арақатынастарын тағы да бір тексеріп шығамыз. Кезеңнің соңында көлеңке жақтың барлығын бірдей қоюлықпен штрих арқылы толықтыру қажет.

Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі сурет деп аталады. Графикалық сурет пән кескіндемедегі сурет салуда сызықтық пішінді құруда құрымдылық, тепе – теңдік (пропорциялық) көлем, жарық пен көлеңке, көңіл – күй жапсарды беру жүйеленеді, әсірсе суретші сурет салу барысында композиция көмегі арқылы өзінің ойлары мен сезімін білдіріп, оларды толғандырып өмір шындығы мен қиялын көрсете алады. Сурет салу әдістердің бірі салынған суреттің шекарасын толық көрсетпеу арқылы іске асырылады.

Салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір – бірінен өзара байланыстырып, орынды құрастыру. Сурет мазмұнын ашу пішінді нақты табу, шығарма көлемін табу т.б. дұрыс беру композициялық құрылым элеметтеріне байланысты. Кең жазық дала, теңіз жағасында тұрғанда, біз көкжиек сызығын көреміз.

Сурет салғанда көкжиек сызығын әр түрлі, кез – келген биіктікте белгілеуге болады. Бұл бейнеленетін заттар мен нәрселердің сурет салып отырған адамның көзінен жоғары немесе төленді тұруының композицияға енген бөліктеріне байланыстырылғанда.

Натюрмортты жұмыстарды жасауда заттың өзіне қарап мүмкіндігінше көп жұмыс жасау қажет. Егер көкжиек сызығы салынған суретте натура өне биік орналасса, көрермен салынған суретті биіктен қарап тұрғандай болады.

Ал көкжиек сызығы төменнен белгіленген болса алыстаған фигуралар алдыңғы пландағы ірі денелермен, заттармен кезектесіп түскендей көрінеді.

Бейнелеу өнерінде натюрморт – тақырыптық, сәндік және оқу натюрморты болып үш топқа бөлінеді. Тақырыптық натюрморттардың композициясы қарапайым шынайы, яғни ол заттарды иесі жаңа ғана пайдаланып, белгілі бір уақытта ғана тастап кеткендей, ол заттар, арқылы туындыдан тыс болып жатқан уақиғаны немесе сол заттардың иесінің мамандығын, мінез-құлқын, әлеуметтік жағдайын білуге болатындай әсер қалдырады. Жарық пен көлеңке арасындағы айқын қарама-қарсылық рең (контраст) деп аталады. Суретте өң тұтас берілуі керек. Суретті өң нәрсенің пішінін, түсін және жарықтың түсуін берудің құралы болып табылады. Заттың сыртқы бетінің түсі оның өңі деп аталады.


2,3апта (8сағат) 2.Суреттік түстің шешімі. Түстерді модельдеу.

Жартылай түстерді модельдеу.

Сызықтық жұмысты түспен орындау. Сурет салуға кіріскенде альбом парағын қалай орналастырған дұрыс екенін (тік немесе көлденең ) суреттің үлкендігі қандай бояу керектігін композицияның жалпы – тепе – теңдігін сақтау үшін қағаз бетінеде оны қай жаққа және қаншалықты жылжытқан дұрыс екендігін ойлап алған жөн. Қағаз бетіне түскен заттар ауада асылып, ілініп тұрғандай болмады, оларды әлдененің үстіне қою, яғни олар тұрған негіздің қандай да бір бөлігін және олардың айналасындағы кеңістікті көрсету керек. Түсіп тұрған көлеңкелерді қайсыбір бөлігін ауырлау немесе жеңілдеу етіп беру керек. Қағаз бетінде заттың өзінің сыртқы тұрпаты белгіленіп болған соң жарықтың, жартылай реңктің, көлеңкенің үлкен жазықтығын оңай белгілеп көрсете отырып, жарық пен көлеңкені жүргізеді.

Кез келген нәрсе көрінісін салуда ең алдымепн көкжиек сызығын анықтауымыз қажет. Мұны анықтау өте оңай ол үшін көз деңгейінде сызғыш немесе кітапты жатық түрде ұстап тұрып, салынатын затқа қарау керек. Сол кезде көкжиек айқындалып, натура қай биіктікте қиятыны белгілі болады. Егер көкжиек сызығы салынған суретте өте биік орналасса, көрермен салынған суретті биіктер қарап тұрғандай болады. Ал көкжиек сызығы төменнен белгіленген болса алыстаған фигуралар алдыңғы пландағы ірі денелермен заттармен кезектесіп түскендей көрінеді. Композициялық шешімде симметрия және ассиметрия үлкен рөл атқарады. Суреттің композициясында оның түстік, реңдік қатынастары өте маңызды.

Түспен жұмыс жасау кезінде қандай жанрдағы сурет болмасын, түстерді сол жағдайға көңіл – күйге байланысты етіп, сәйкестендіріп алған жөн. Бейнеленген суреттегі әрекет күнделікті қала көшелерінде, не үй ішінде, немесе табиғат аясында көрсетіледі, демек, бұның бәрі белгілі бір фон фонды салғанда суреттегі, яғни шығармадағы кейіпкерлер анық көрінетіндей етіп жасайды. Сонымен қатар фон картинаның немесе суреттің көңіл – күйімен сәйкес келуі тиіс. Оқушылар эскизді құрып А3 форматқа орындайды түспен жұмыс жасап болғаннан кейін. Эскизді размері 45 х 55 қағазға көшіруді бастайды.


4апта (4сағат) 3.Жоспарлықты жеткізу.

Натюрморт дегеніміз – жансыз заттармен әртүрлі бейнеленген көркем сурет құрылымымен орындалған көркем шығарма. Натюрморт 2 түрге бөлінеді: 1) қарапайым 2) күрделі Қарапайым натюрморт – 2,3 заттан аспайтын күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады.

Ал күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады.

Натюрмортты қойғанда заттар үйлесімділік, теңестірілгендік сезілетіндей, топтастырылуға тиіс. Натюрмортта фон, артқы, бөлігі елеулі роль атқарады. Көрерменнің назары алысқа көз жүгірту қасиетіне ие.

Натюрмортты қоюдағы заттарды топтастырудың тағы біре ережесі - салыстырмалы түрде алғанда бос, жеңіл алғыңғы план.

Көзбен көруге мейлінше ауыр, ірі заттар артқа таман: неғұрлым жеңіл заттар – оның алдында тұруға тиіс, ал ең алдыңғы план мүлдем бос, ашық болуға тиіс.

Бұл арада, мысалы, тек пердеулер ғана болуы мүмкін. Мұндай оңайлайтылған он алдыңғы план біздің көзімізге кеңістікте кеңістікте орналастырылған, заттарды жақсы қабылдауға мүмкіндік береді. 1) Құрылым заттарды орналастыру Заттарды қоюдың қалай компоновка жасалатынын және одан кейін натюрмортты салу жөніндегі жұмыс қандай жүйелілікпен жүргізілетінін үлгіге қарап шығып, құрылым құрып бастаймыз. Сурет сала отырып, бүкіл натюрмортың ситлуэті жалпы формаға қалай үйлесімді енетінін, парақты горизанталь жағымен вертикаль қалай орналастырған жақсы екенін, суретті қандай үлкендікте жасау керектігін, парақ бетіне оны қай жаққа, қаншалықты ауыстыру керектігін ойластыру қажет.

Кейде пропорциялар да, форма да табылған, сияқты, болып тұрады, бірақ заттың суреті бәрібір шыпайды.

Суретші заттың өзіне көз тастаған, кезде ол беруге тиісті нәрсенің бәрін көреді. Ең алдымен суретші заттың өзінің барлық бөліктерін аса қарапайым және сипатты формаларға келтіреді, яғни оларды жалпылайды. Таңдап алынған затты бақылай отырып, олардың формасын оңайлата жалпылай отырып, өте қарапайым геометриялық денелерге – текшеге, шарға келуге болатынына көздерің жетеді.

Мәселен жәшік, кітаптар – параллепипедтер, ыдыстар – цилиндрлер, кесілген конустар немесе осы соңғылардың шармен үйлесуі (мысалы, құмырада) және т.б. Парақта заттың өзінің негізгі абрустері (сырқы тұрпаты) белгіленіп болған кезде жарықтың, жартылай тонның көлеңкенің үлкен жазықтығын оңай белгілеп көрсете отырып көлеңкені жүргізеді.


5апта (4сағат) 4. Жұмысты жоспарлау.

Заттардың көлемін көмір, сангина немесе пастель боядыңі қолдана отырып рең береміз. Алдымен жалпы көріністі бейнелеп алғаннан кейін ең жарық және ең қара жерді анықтап алып, форманы бере отырып, жарық көлеңке жерлерді бейнелейміз.

Реңдік заңдылықтарды ескере отырып, заттарға түскен жарық олардың құрылысына, орналасуына байланысты өзгереді. Ол өзгерістер жарықтан бастап көлеңкеге дейін,, әр түрлі рең қоюлығына байланысты бөлінеді. Ондай реңдердң жарық, жылт жартылай көлеңке, меншікті түскен түспе көлеңке деп бөлінеді.

Жарық – деп заттың үстіне түскен жарықты айтады.

Жылт – деп заттың үстіне түскен жарықтың ең ашық жерін айтады.

Жартылай жарық көлеңке деп заттың үстіне жанама түскен жарықтан пайда болған жартылай көлеңкені айтады.

Меншікті көлеңке деп заттың бетіне жарық толық түспеген жерді айтады.

Шағылыс жарығы деп заттың көлеңке жағынан басқа жарықтың әсер етуінен пайда болатын әлсіз жарықты айтады, оны рефлекс деп атайды. Заттың түспе көлеңкесін деп бір заттан екінші затқа немесе жазықтыққа түскен көлеңкені айтады.

Нәрсенің бетінде жарық көзінен сәуле түспейтін жерде меншікті көлеңке пайда болады.


б) машықтық.

Түс бойынша контрастылы ,4-5 заттарды орындаудың өзіндік техникасын қолдана отырып тақырыптық натюрморттың ұзақ мерзімді суреті.

Натюрмортты салмас бұрын оны өлшеп, құрылымын құрып, дұрыс орналастыра білуіміз керек. Натюрмортты салғанда оның алдынан пропорциясын анықтаймыз. Пропорция сөзі латын тілінен аударғанда «арақатынас» немесе «шамалас» деген ұғымды білдіреді. «Пропорция» деп бейнелеуші нәрсенің бөлшектерінің өлшемдік қатынасы, немесе туындыдағы бейнеленген жеке нәрселердің өлшемдік сәйкестілігін айтады. Әр нәрсенің пропорциясы оның құрылысының ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан да жазықтық бетінде құмыраның дұрыс пропорциялық бейнесін тұрғызу үшін, оның көлемі қандай геометриялық фигураларға ұқсайтынын бөлшектерден тұратындығын анықтап, олардың өзара өлшемдік қатынасын салыстыра отырып бейнелеу қажет. Ал туынды бірнешесе нәрселерден өлшемдік ерекшеліктеріне байланысты салыстыра отырып бейнелейді.

Сурет саларда алдымен кескінің қағаз бетіне дұрыс орналасуын, оның белгілі бір жағында тым көп ашық орын қалмауы ойластырып алған орынды. Бұл үшін суреттің жоғарғы және төменгі, оң жағы мен сол жағындағы шекараларын белгілеп алу керек. Бірақ щеттерінен қағаз жиектеріне жеткізбей белгілі мөлшерде ашық орын қалдырған жөн. Өйткені қағаз жиегіне тақап салынған сурет онша әдемі болып көрінбейді.

Заттың пропорцияларын дұрыс беру – оның өзіне қарап сурет сала білудегі басты міндеттерінің бірі.

Заттар бақылаушыға неғұрлым жақын тұрса, жарық түсіп тұрған беті мен көлеңке арасындағы рең (контраст) соғұрылым кұңгірттеу болады. Сондықтан алдыңғы планда реңдер мейілінше ашық боладыда, екінші, үшінші, одан арғы планда рең азая береді.

Сонымен бақылаушыдан алыстаған сайын нәрсенің жарық түсіп тұрған жерлері біртіндеп күңгірттене береді. Ол күңгірт жерлері бұлдырлана түседі. Сурет салғанда нәрсенің көлемін барынша айқын барынша айқын етіп көрсетуге талаптану керек.

Суретте жарық пен көлеңке оң арқылы беріледі. Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру арқылы нәрсенің көлемін дәл беру, суреті салынып отырған заттың жарық жерлер мен күңгірт жерлерінің қатынасы нәрсенің негізі пішіндерімен бір мезгілде белгіленген жөн. Мұның бәрін есте сақтап, сурет салғанда дұрыс пайдалана білу керек. Натюрмортты штрихтау арқылы заттың көлемін, пішінін, материалын, т.б. көрсетіп, жұмысымызды аяқтаймыз.

Балаларға сабақты түсіндіргеннен кейін оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасауына уақыт бөліп беру. Оларды сыртай бақылай отырып жұмыстың кезең бойынша орындалуын бақылау.


IV.Қорытындылау

1апта

1.Штрих д/з не?

2.Түрлерін ата?

3.Көлеңкелердің түрлерін ата?

4.Түспе көлеңке д/з не?

5.Рең беру деп нені атаймыз?


2апта

1.Жансыз заттарды бейнелейтін көркем шығарма?

2.Көлеңке түрлерін ата?

3.Түспе көлеңке дегеніміз не?

4.Құрылым құру жолдарын ата?

5.Цилиндрді қандай тұрмыстық заттарға салыстыруға болады?

6.Натюрморт неше түрге бөлінеді?


3апта

1.Күрделі натюрморт дегеніміз не?

2.Меншікті көлеңке дегеніміз не?

3.Жарық пен жылттың айырмашылығы қандай?

4.Штрих түрлерін ата?

5.Сурет пәнінде карандаштан басқа қандай құралдарды пайдаланып сурет салуға болады?

6.Рефлекс дегеніміз не?

7.Рең беру дегенді қалай түсінесіндер?


4апта

1.Бүгінгі сабағымыз түсінікті ма?

2.Натюрморт дегеніміз не?

3.Натюрморт неше заттан құралады?

4.Пропорция дегеніміз не?

5.Натюрмортты орналастыру заңдылықтары ?


V.Үйге тапсырма

Ас үй жабдықтарынан құралған 4 – 5 заттардан құралған шығармашылық натюрморт салу.

1апта

4-5 заттан құралған натюрморттың компонопкасын құру.


2апта

4-5 заттан құралған натюрморт графит карандаштарымен трихтау.


3апта

4-5 заттан құралған натюрморт графит карандаштарымен трихтап отырып,

жарық, көлеңкесін көрсету.


4,5апта

4-5 заттан құралған натюрморт графит карандаштарымен трихтап отырып,

жарық, көлеңкесін көрсете отырып, жұмысты аяқтау.


VI.Бағалау

VII.Сыныпты жинақтау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25.02.2019
597
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі