Сабақ
тақырыбы: Шығыс
септік
Мақсаты:
-
Оқушыларға шығыс септік атау тұлғадағы сөзге мен, бен
септік жалғаулары арқылы жасалатынын түсіндіру.
-
Ойлау қабілеттерін
дамыту, сол арқылы сөз байлығын арттыру;
-
Өз тілін сүюге,
құрметтеуге, сауатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үлестірмелер, сөздер жазылған
плакат, семантикалық карта, тапсырмалар.
Әдісі: ой қозғау, сынақ, оқулықпен
жұмыс, «сиқырлы қарындаш», топтық жұмыс.
Сабақ барысы.
1.Ұйымдастыру.
2.Психологиялық тренинг.
Сабақты
«қазақ тілі» әнімен бастау.
Ана
сүтімен бойымызға сіңген қасиетті тілімізді қадірлеу сүю біздің
міндетіміз. Сондықтан да осы қасиеттерді бойымызға сіңіре отырып
сабағымызды бастайық.
3.Үй
тапсырмасын сұрау.
60-жаттығуды оқыту, талдау. Жатыс септікте тұрған сөзді
тауып, дәлелдеу.
«Сынақ»
әдісі арқылы септіктердің сұрақтарын қаншалықты білетіндерін
анықтау.
«Ой
қозғау» стратегиясы арқылы өткен сабақтарға шолу жасалып сабақты
бекіту.
Сұрақтар:
1.Зат
есім деген не?
2.Сөз
топтарын ата.
3.Қазақ
тілінде неше септік бар.
4.Атау
септігі бастауыш болатынын дәлелде.
5.Сын
есімдер туралы не білесің?
6.Ілік
септігінің сұрақтары қандай?
7.Тіл
туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
8. Сан
есім дегеніміз не? Олар нешеге бөлінеді?
9.
Етістік дегеніміз не?
10. Мәтін
дегеніміз не?
Жақсы,
балалар, біраз өткен тақырыптарды еске түсірдік,
пысықтадық.
Жаңа сабақ.
Балалар,
сабақты бастамас бұрын мына сұраққа жауап беріп
көрейікші.
-Қандай
тыйым сөздерді білесіңдер?
-Иә.
Қазақ халқы өзінің ұрпағын әрқашан ұлттық салт-дәстүрмен тәрбиелеп
отырған. Тыйым сөздер арқылы болатын жаман әдеттерден сақтандырып
отырған.
Мына бір
тыйым сөзге назар аударайық.
1.Көргенді жас бала
Дастарқаннан аттама.
2.Жоқ
әдетті шығарма,
Түнде көлден
су
алма.
Мағынасын
түсіндіру. Қарамен жазылған сөзге назар аударту. Сұрақ қою. Бұл сөз
шығыс септігіндегі сөз, себебі оған неден, қайдан су алма деген
сұрақ қойылып тұр. Ол сөйлемде тұрлаусыз мүше қызметін атқарып тұр.
Шығыс септігі ережесін іліп түсіндіру.
Оқулықпен
жұмыс.
62-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазу.
Шығыс
септігіндегі сөзді тауып, дәлелдеу.
63-жаттығу.
Шығыс
септіктегі үш сөзді тауып жазу. Өздерің қандай ұлттық тағам
түрлерін білесіңдер?
Сергіту сәті.
1-ден
10-ға дейінгі сандарды мойынмен жазу.
«Сиқырлы қарындаш» ойыны.
(үлгерімі
төмен және қабілетті оқушылармен жұмыс)
Үлгерімі төмен оқушыларға:
1.Зат
есім дегеніміз не?
Сабырқұл
Бота
2.Атау
септіктің сұрақтарын айт.
Шұлғаубай
Қайрат
3.Кімнің,
ненің қай септіктің сұрақтары екенін айт.
Әбләшім
Ерасыл
Қабілетті оқушыларға:
1.Түбір
сөз дегеніміз не?
Серік
Аяулым
2. Сөздің
мағынасын өзгертетін қосымша не деп аталады?
Несіпбек
Аяулым
3.Табыс
септігінің жалғауы
Қайролла
Ақжол
Тақтамен жұмыс.
67-жаттығу.
Бүгін
сабаққа Арайлымнан бұрын келдім. Малдар өрістен келді. Алып
киттерді теңізден көруге болады. Кітаптан көп білім
аламыз.
(Шығыс
септіктегі сөздерді дәлелдеу)
Топтық
жұмыс.
«Аққала»
суретін салу.
Шығыс
септікке мәтін құрастыру.
(Шығармашылық тапсырма)
Өзіндік жұмыс.
68-жаттығу. Сызбаға қарай отырып, жалғаулар сай келетін зат
есімдерді табу.
Мысалы:
Аспан + нан
Әкем +
нен
Бақыт +
тан
Тары +
дан
Сай +
дан
Жер +
ден
Көк +
тен
Аяз +
дан
Көл +
ден
Сабақты қорыту.
«Не
үйреніп, не білдік?»
Семантикалық карта
Сонымен
шығыс септіктегі сөздерге қандай сұрақтар қойылады
екен?
Бағалау.
Үйге
тапсырма.
69 –
жаттығу.
Ереже
жаттау.