Материалдар / Ашық сабақ: Сыйластық бастаулары 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Сыйластық бастаулары 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға «сыйластық», «ізгі қарым-қатынас», «парыз» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
513
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Өзін-өзі тану

Мектеп:«Бауыржан Момышұлы атындағы №34 мектеп» КММ

Мерзiм: 22.12.2021__№14

Мұғалiм: Талгатова Т.С.

Сынып:8 Оқушылар саны:___________

Тақырып: Сыйластық бастаулары

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Сыпайылық, бауырластық, қамқорлық


Сабақ мақсаты: Оқушыларға «сыйластық», «ізгі қарым-қатынас», «парыз» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақ міндеттері:

1. оқушыларға өмірдегі үйлесімділіктің негізі сыйластық туралы ұғындыру;

2.оқушыларды кез келген сәттегі олардың қарым – қатынасының ізгі болуына баулу;

3. сыпайылық, бауырластық, қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстары: оқулық, дәптер, бейнефильм.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.


Су асты патшалығына ойша саяхат.

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ескертулер
































ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Асанұлы Қабан (Қабылиса)“Бақыт қайда барасың?” өлеңін оқу.

8 сынып «Өзін –өзі тану» оқулығы 55-56 бет

ІІІ. Дәйексөз

«Сыйласаң сыйысымды боларсың»


Халық мақалы


Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.

Мақал

3.Әңгімелеу

Мұғалім сыйы.

Адам болып қалу

В.Сухомлинский.

Үлкен қаланың кішкентай ауруханасында Қара шашты және

Ақ шашты екі ана жатты. Олар бір күнде ұлдары дүниеге келіп, өте бақытты еді. Олар балаларының болашағы туралы армандады.

Ақ шашты ана өз баласының әйілі сазгер немесе жазушы, мүсінші немесе инженер болғанын армандады.

Қара шашты ана өз баласының қайырымды адам болғанын, ешқашан анасын, өз үйін ұмытпағанын, Отанын, табиғатты, адамдарды сүйгенін қалайтынын айтты.

Отыз жыл өтті.

Қаланың шетіндегі кішкентай емханада Қара шашты және

Ақ шашты ана тағы кездесті.

Олардың шаштарына ақ түсіп, беттерін әжім басқан еді. Олар бір – бірін таныды. Олар бір палатаға түсіп, өз өмірлері туралы, қуанышы мен қайғысы туралы айтты. Қайғылары - екеуінің де күйеуі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, қуаныштары – ұлдары қастарында.

Қара шашты ана сұрады:

  • Сенің ұлың кім болды?

  • Атақты сазгер, - деп мақтанышпен айтты.

Ақ шашты ана:

  • Ол қазір оркестрді басқарады, дирижер, қаладағы ең үлкен театрда, шынымен менің ұлымды білмейсің бе? – деді.

Әрине, Қара шашты ана белгілі сазгерді жақсы білетін еді, үлкен табыстары жөнінде жақында ғана оқыған-ды.

  • Ал, сенің ұлың қайда, кім болды? - деп сұрады Ақ шашты ана.

  • Егінші. Колхозда тракторист, комбайнер, фирмада да жұмыс істейді дейді, - Қара шашты ана. Көктемнен күзге дейін, қар түскенше менің ұлым егін салады, егін жинайды, жер жыртады сөйтіп отбасын асырайды. Біз ауылда тұрамыз. Оның екі баласы бар, қызы және ұлы.

  • Сонда да сені бақыт айналып өткен екен, сенің ұлың ешкімге белгісіз, қарапайым адам болыпты,- дейді

Ақ шашты ана.

Қара шашты ана жауап қайтармады. Бір күн өтпей жатып Қара шашты ананың баласы алыстағы ауылдан келді. Анасымен сыбырласып ұзақ сөйлесті. Қара шашты ананың көзі қуаныштан нұр шашты. Ұлы кетіп бара жатып, үстелге жүзім, бал, алма қойып, «тез жазылыңыз», - деп анасының бетінен сүйіп қоштасты.

Ал Ақ шашты анаға ешкім келген жоқ.

  • Менің балам қазір концерт қойып жүр. Әйтпесе, келер еді, - деді ол. Қара шашты ананың баласы күн сайын бал, алма, қарбыз, өз қолымен өсірген бидайдан пісірілген хош иісті нан әкеліп, келіп тұрды.

Қара шашты ана баласы келген сайын қуаныштан жазылып келе жатқандай еді.

Ақ шашты анаға ақыры ешкім келген жоқ. Бір ай өтті. Дәрігерлер Қарашашты анаға: «Сіз толықтай сап – сау адамсыз, жүрегіңізде шу жоқ, соғысы таза», - деді.

Ақ шашты анаға «Сізге әлі де жату керек. Сіз де жазыласыз», - деді. Осыны айтып, дәрігер терезеге қарады (неге екені белгісіз).

Қара шашты ананы алып кетуге ұлы келді. Бірнеше қызыл раушан гүлдерін барлық дәрігерлерге үлестірді. Бәрінің жүзінде күлкі пайда болды.

Қара шашты анамен қоштасарда Ақ шашты ана:

  • Қымбаттым, сен өз ұлыңды қалай тәрбиелегеніңді айтшы? Сен бақытты екенсің, ал мен... – деп көз жасын төгіп жіберді.

  • Мен саған шындықты айтайын, - деді Қара шашты ана.

  • Сенің ұлыңмен бір күнде туған ұлым қайтыс болған, ал мына балам - асырап алған ұлым! Мен оны үш жасынан асырап алдым. Осы күндері менің қалай қиналғанымды білсең ғой, сен үшін тіпті ауруханадан кеткім келген еді, менің ұлымның әр келгені саған уайым, қобалжу әкелді ғой.

  • Мен адамды жүрегіммен сеземін, ұлыма осыны үйреттім.

Сұрақтар:

1. Мәтіннен қандай ой түйдіңдер? Екі ананың арманы орындалды ма? Қалай?

2. «Қара шашты ананы бақыт айналып өтті» деуге бола ма? Неліктен?

3. Қара шашты ананың тәрбиесіндегі данышпандық неде|?

4. Ақ шашты анаға қалай көмектесуге болады?

Аңыз

V. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс

Оқулықтағы 4-5- 6 тапсырмаларды жұмыс дәптерге орындайды. Жоба қорғау.

Дәптер,

түрлі- түсті қарындаштар

VІ. Топпен ән айту

Достарым

Достармен жаным бірге
Достармен бағым гүлдеп
Жан жүрегім ән салады
Сендерді сағындым деп
Қ-сы:
Достармен мәңгі бірмін
Сендерсің ән-жырымның
Куәсі балалық шақ бал ғұмырдың
Көзінен күн көрінген
Сыйласар шын көңілмен
Достарды аялайық бірге жүрген

Т.Серіков


VІІ. Үй тапсырмасы

Зейнеп Ахметованың «Сөз анасы - сәлем» өлеңін оқу.

Өзін – өзі тану оқулығы - 58-60 бет

VІІІ. Соңғы тыныштық сәті. (музыкамен) (2 минут) Тыныштық, тыныштық, тыныштық ...бар елде. Тыныштық, тыныштық, тыныштық...бүкіл әлемде.

Сабақтың қорытынды сәті:

1.Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

2.Бүгінгі сабақтан не түйдік?





Тексерілді:______________




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!