400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сыйқырлы елге саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Сыйқырлы елге саяхат" ересек топ балаларына арналған білім беру саласы қатынас , бөлімі тіл дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» ҚМҚК

«Көбелек» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: «05» ақпан 2020 ж.

Тәрбиеші: Жамелова А.Е Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Сыйқырлы елге саяхат»

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Көмеккке мұқтаж жандарға көмек бере білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: Саусақ моторикасын,ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту.

3.Оқыту: Мнемокесте арқылы балаларға толық сөйлем құрауды үйрету.Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу.

Педагогикалық технологиялар: мнемотехника, ойын, квест.

Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер, текшелер.

Билингвалдық компонент: түлкі-лиса, кошка-мысық, котенок-марғау, тышқан-мышка, күшік-щенок.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі

Балалар біз сендермен бүгін саяхатқа барамыз. Алыста бір сыйқырлы жер бар екен. Ол жерде біздің достарымыз жаңуарлар суретке айналып сыйқырланып қалыпты. Сондықтан олар үйлеріне бара алмай жатыр екен. Ол жақта тапсырмаларды орындасақ қана жаңуарларды босата аламыз. Оларға көмекке барамыз ба? Ия.

ІІ. Негізі бөлімі

Музыка қосылып шеңбермен жүру.

Алдымызда тау тауға мінеміз. Аяқ ұшына тұрып қолды жоғарыға созу.

Алдымызда көл судан жүземіз.

1-тапсырма «Кім алғыр?»

Ал міне келіп те қалдық. Бұл сыйқырлы елге кіру үшін тапсырманы орындау керек. Сандықтан тапсырма шығады. Балалар сөйлем құрайды.Жарайсындар , балалар!

Тапсырманы орындадық енді саяхатымызды жалғастырайық.

Жүреміз. Алдымызда тастар олардан секіреміз.

Алдымызда үңгір одан екі аяқтап өтеміз.Жарайсындар біз келген сияқтымыз.

2-тапсырма «Бұл не?»

Ал енді орындықтарға отырамыз. Бұл тапсырманы орындау үшін тақтаға қараймыз.

Жұмбақ:

Өзі ширақ, өзі қу,

Жүрген жері айқай-шу. (Түлкі.)

Оның қандай дене мүшелері бар? Оның терісі қандай? Қалай дыбыстайды? Немен қоректенеді? Жарайсындар балалар біз тапсырманы дұрыс орындап түлкіні босаттық. Жіпті тарту. Машина келеді. Балалар бұл не? Ия машина біз оған түлкіні салып жібереміз. Ол машина түлкіні орманына алып барады. Балалар түлкімен қоштасады.

Жүру. Тез жүру. Жүгіру. Ақырын жүру.

3-тапсырма «Мысық пен тышқан»

Балалар тақтаға назар аударамыз. Бұл тақпақ екен. Бірінші мен сендерге айтып беремін, содан кейін сендер айтасындар. Суреттерге қарап отырамыз. Ал енді барлығымыз бірге айтайық. Ал енді кім шығып айтып бергісі келеді? Жарайсындар! Бұл тақпақта қандай жаңуарлар бар? Мысық және тышқан. Үй жаңуары ма әлде дала жаңуары? Жарайсындар. Біз мысық пен тышқанды босаттық. Кәне машинамызды шақырайық. Оларды да үйлеріне салып жіберейік. Балалар қоштасады.

Жүреміз. Алдымызда тастар олардан секіреміз.

Алдымызда көл судан жүземіз.

4-тапсырма «Ертегі»

Балалар сендердің алдарында текшелер бар.Оларды қарап алындар. Қазір мен сендерге ертегі айтамын. Ал сендер сол ертегіде естіген сөздерді текше арқылы көрсетесіндер.

«Баяғыда бір күшік болыпты. Оның терісі жастық сияқты жұмсақ, үлпілдек болыпты. Ал табандары нәзік болыпты, тырнақтары өткір болған екен. Бір күні күшік кедір бұдыр жолмен жүгіріп, құлап қалып үстін кірлетіп алыпты. Үсті қап-қара болыпты». Ал енді кім айтып бергісі келеді? Балалар бұл жерде қандай жаңуар туралы айтылған? Күшік. Дұрыс айтасындар. Біз күшікті де босаттық.

ІІІ. Қорытынды

Балалар сендер барлық тапсырмаларды орындадындар. Жарайсыңдар балалар.Сол үшін сендерді сыйлық күтіп тұр. Сыйлық қораптың ішінде. Балалар кәне қорапты тауып алайықшы ол қайда екен? Қорапты алып сыйлықтарды таратып беру. Ал енді топқа қайтайық. Шеңбермен айналып жүру.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
388
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі