400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ сыйқырлы сандар

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс жасау барысында сөздік қорын молайту, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҰОҚ. Тақырыбы:

Білімдерін тиянақтау.Қорытынды


МЕКТЕП/МҰ:

Күні:21.02.2019 жыл

Педагогтің аты-жөні:Абеуова Айнаш Нұрбекқызы

Мектепалды сынып/топ: 0 «А»

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным»

Білім беру бөлімі: «ҚМҰҚ»

Пәнаралық байланыс:

сауат ашу негіздері,сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ- танымдық қабілетін дамыту.


Сабақтың әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой бөлісу, іздену , талдау, өзара жұмыс.


Көрнекіліктері : сабаққа тиісті сюжетті суреттер, кескінді әріптер, буындық кесте.


ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары













Күні : 21.02.2019 ж.

Мақсаты: өткен сабақтардан алған білімдерін бекіту.

Міндеттері: Білімділік: өткен сабақтарды пысықтай отырып, баланың өз бетінше жұмыс істеп, шығармашылық ойын өсіруге, өз бетінше қорытынды жасай білуге машықтандыру:

Дамытушылық: сабақтың тақырыбы бойынша жұмыс жасау барысында сөздік қорын молайту, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру;

Тәрбиелік: ойлану және ойлану арқылы нәтижеге жетіп , іздену арқылы еңбектенуге тәрбиелеп, оқуға деген ынтасын оята отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Пәнаралық байланыс:  сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру, көркем әдебиет7

Сабақтың түрі: саяхат сабақ- танымдық қабілетін дамыту.

Сабақтың әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ой бөлісу, іздену , талдау, өзара жұмыс.

Көрнекіліктері : сабаққа тиісті сюжетті суреттер, кескінді әріптер, буындық кесте.


Сабақтың барысы:

І.Сабаққа келген қонақтармен амандасу:

  1. Білер қазақ баласы,

Сәлем – сөздің анасы.

Сыныпқа келген қонақтарға ,

Әрдайым әдеппен.

Ақ көңілмен ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

ІІ.Психодайындық:

Қол алысып,қәне,біз....К тебе я обращаюсь,друг!

Достасайық бәріміз...Вставай скорее с нами в круг.

Айтарым бар сендерге...Почувствуй радость и тепло,

Тез тұрыңдар шеңберге...И как с друзьями хорошо!


ІІІ. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі:

  • Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ.

  • «Не ұнаса,соны таңдап ал» ойын ойнаймыз.

  • Әр бала өзіңе керек текшелерін алып отырады.Ойын арқылы топқа бөле отырып сайыс жүргізу.Яғни «Сандар», «Әріптер» тобы болып бөлінеміз.Ережесін таныстырып өту.Қай топ гүлдердің күлшелерпін толтырса,сол топ жеңімпаз болады,болашықта гүлдей жайнап өсулеріне тілектестік білдіру.Ал сайысымыз 5 айналымнан тұрады.

Дайынбыз ба?

Ал , қанекей балалар қазір біз 


І айналым «Білім үйрен данадан,Тіл дамыту саладан»

«Кім жылдам?» атты ойын ойнайық.

Ойынның шарты: мен сендерге бір-бірден сұрақ қою арқылы доп лақтырам соған сендер жауап бересіңдер, қане, бастайық.

«Сандар» тобына

1.Біздің Отанымыз қалай аталады? (ҚР)

2.Астанада қандай ғимараттар бар? (Бәйтерек,Ақорда,Ханшатыр,Пирамида,мектептер,балабақшалар)

3.Аспанда неше ай бар? (1)

4.Үй жануарларын атап бер?(Қой,ешкі,сиыр,жылқы,түйе)

5.Үшбұрыштардың неше бұрышы бар?(3)

«Әріптер»тобына

1.Қ.Р-ның Президентті кім?(Н.Ә.Назарбаев)

2.Қ.Р-ның Мемлекеттік рәміздерін ата?(Мемлекетіміздің биік мәртебесі-Мемлекеттік Туы,Елтаңбасы,Әнұраны)

3.Бағдаршамда неше көзі бар,түстерін ата? (3 көзі бар.Қызыл,сары,жасыл)

4.Үй құстарын атап бер. (Тауық,әтеш,қаз,үйрек)

5.Бөлмеде неше бұрыш бар? (4)

-Тамаша.Сайыс қорытындысын көрсету.

ІІайналым «Сауат ашу ашамыз,Сауатты біз боламыз», «Ойнаймын,ойлаймын» ойыны.

Шарты:суреттердің атауларын тауып,бірінші әріптерінен «құпия сөз»шығару және дыбыстық талдау мен көркем жазу,өз ойларын білдіру.

2-слайд бойынша жұмыс.(кітап,етік,түйе,мысық,парта,есік) «Мектеп»

3-слайд бойынша жұмыс.Дыбыстық талдау.

М-үнді дауыссыз дыбыс.

Е- жіңішке дауысты дыбыс.

К- қатаң дауыссыз дыбыс.

Т- қатаң дауыссыз дыбыс.

Е- жіңішке дауысты дыбыс.

П- қатаң дауыссыз дыбыс.

Парақшамен жұмыс. «Мектеп» көркем жазу.Алмасу арқылы тексеру.Бір баланы тақтамен жұмыс жасату.

Мектеп туралы өз ойларын жеткізу.Өз оқып жатқан мектебі туралы ой қозғау.

1-Елшат.Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме.

2-Зере. Мектеп. Осы бір сөзде үлкен мән-мағына жатыр. Мектепте балалар тәлім-тәрбие, білім алады. Мектепке келгеннен кейін достарым көбейді. Мен 5 жасымда мектепке келдім.

3-Елназ


4-Асанәлі. Мен 25 – ші мектепке 5 жасымда келдім. Сыныптағы оқушылармен танысып, жаңа достар таптым. Маған бұл мектеп ұнады

5-Ыбрайым.Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте келе, жазуды да, оқуды да, санауды да үйреніп алдым.

6-Аяжан Қ. Мектеп-кеме,білім-теңіз,
Толқында біз жүреміз

7-Айгерім. Мектеп – бұл біздің өміріміздегі ең бірінші маңызды қадам болып табылады. Бұл жер баланы өсіріп, тәрбиелейді.

8-Нұрай. Мектеп бұ білім беру ғана емес, сонымен қатар өмірді үйрететін жер.

9-АяжанБ. Мектептің маңыздысы, ол бізді болашақта кім болатынымызды анықтайды. Ол бізге қажетті дұрыс жолды көрсетеді.

10-Карима. Біздің мектеп үш қабатты, іші үлкен, жарық. Менің сыныбым бірінші қабатта, іші кең,жылы және жарық. Менің мұғалімім өте жақсы адам, бізге көп жақсы нәрсеге үйретеді.

11-Қарақат. Маған бұл мектепте ұнайды. Мектептің жанында әдемі гүлдер, ағаштар өсіп тұр. Мектептің артқы жағында балаларға арналған алаңы бар.

12-Айзере. Мектебіміз маған қатты ұнайды. Сынып бөлмелері үлкен, әрі жарық. Мұғалім апайымыз бізді оқуға, жазуға үйретті. Мен осындай мектепте оқығаныма қуаныштымын.

13-Мейрамбек. Мектеп деген – білім кені, жыр кені,

Мектеп деген  — ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген – тәрбиеші адамға,

Мектеп деген – даналардың мекені.

14-Ильдар.Мектеп, мектеп – менің жарқын көңілім,

Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім.

15-Бейбарыс. Тілейміз біз амандық пен бақытты,

Тілейміз біз қуаныш пен шатықты.

Білім алған ұстаз деген ұлыдан

Біздей шәкірт шынында да бақытты!

Зерек жаттығуларын жасау.4 жаттығулар

4-слайд «Математика әлемі,Таңқалдырған әлемді», «Мен білемін!» ойыны

Парақшаның келесі бетімен жұмыс.

Көздерін жұмып тура және кері санау.

3есеп бойынша математикалық термин арқылы жұмыс жүргізу.

Өте жақсы балалар сендерге ойын ұнады ма?

Сергіту:Айгерімнің жаттығуы.Зерек тыныс.

ІV.Рефлексия.

ІV айналым «Талабымыз таудай,Қанатымыз талмай,Біз мектепке барамыз!»

Әрбір баланың білімдерін тексеру арқылы жұмыс. «Ыстық орындық»

Біз бүгін сабақта кім болдық? Ал негізінде біз оқушылармыз солай ма? Оқушы деген кім? (білім алушы)

Білім не үшін қажет? (оқушылардың ойларын тыңдау)

Біз бүгін сабақта қандай тапсырмаларды орындадық?

Бүгінгі сабаққа барлықтарын белсене қатыстыңдар, жарайсыңдар!

V айналым «Жетістік баспалдағы».Жеңімпаздарды құттықтау.


«Майшам» жаттығуын жасаймын.Ипульс өткізу.

Қазір мен майшамды жағамын.Барлығымыз бір – бірімізбен бірігіп,жүмыс жасағанымыз үшін бір – бір жылы сөз айтып,немесе бәріміз бір – бірімізге қарап : «ЖАРАЙСЫҢ!» деп айтайық. Балалар шеңберде тұрып бір-бірінің қолын көтеріп, алақандарын түйістіріп хормен мына сөзді қайталайды.(3рет)

Қоштасуға майшамды алғанымыз, жарық деген жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілекпен, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Сабақ сендерге ұнады ма? Біздің саяхатымыздың куәгерлері болған қонақтарға рақмет. Сабағымызды осы өлең шумағымен аяқтайық:

Мектебің мынау, класың

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың!

Ата – аналарымызға «Шар» жаттығу.

«Кімнің қолы шарға тисе, 2019 – 2020 жылдары арманына жетеді» деген сөздерді айта отырып, қатысушыларға шар жіберіледі.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі