«БЕКІТЕМІН»
Директордың оқу
өндірістік
жұмыстар жөніндегі
орынбасары
______________ Халиков
Н.С.
Өндірістік оқу сабағының
жоспары №1
Күні- айы:
Топ: 18
Курс: 1
Мамандығы: 1401000 Ғимараттар мен
құрылымдарды салу және пайдалану
Бөлімнің
тақырыбы: Сылақ
жұмыстары
Сабақтың
тақырыбы: Кіріспе
сабақ
Сабақтың
мақсаттары:
Білімділік: білім алушыларды мамандықтың
мазмұнымен, өндірістік оқыту сабақтарының ерекшеліктері мен оған
қойылатын талаптармен, кәсіптік бағдарламаның мазмұнымен, еңбекті
қорғау мен техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауға
үйрету;
Дамытушылық: алғашқы медициналық көмек
көрсету дағдыларын жетілдіру;
Тәрбиелік: мамандықтарына деген
қызығушылықты арттыру.
Сабақтың
типі: кіріспе
сабақ
Сабақтың
әдістері: сөздік
әдіс (түсіндіру,
әңгімелесу, сұрақ-жауап),
көрнекілік әдіс (еңбек әдістері мен тәсілдерін
көрсету, презентация көрсету), практикалық
әдіс (оқу-өндірістік жұмыстарды (жаттығуларды)
орындау).
Материалды-техникалық
жабдықтар, құрал-саймандар мен оқу-әдістемелік
құралдар: дәрі-дәрмек салынған қобдиша,
дәкелер, мақта, тақырыптық презентациялар, үлестірмелі материалдар,
кәсіптік практика бағдарламасы.
Өткізілетін
орны: құрылыс
шеберханасы
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі:
1.1.
Сәлемдесу;
1.2. Білім алушыларды
түгендеу;
1.3.Білім алушылардың оқу
құрал - жабдықтарын тексеру.
2. Кіріспе
нұсқау:
2.1. Сабақтың тақырыбы мен
мақсаттарымен таныстыру;
2.2. Білім алушылардың тақырып
бойынша теориялық сабақтарда және өндірістік оқыту сабақтарында
алған білімін тексеру:
- мамандықтарың бойынша қандай
жұмыстар жасай білу қажет деп ойлайсыңдар?
- арнайы киім деп нені
атайды?
- техника қуіпсіздігі
ережелері туралы не білесіңдер? олар не үшін қажет деп
ойлайсыңдар?
- адамға алғашқы медициналық
көмек көрсете аласыңдар ма? Ол не үшін қажет деп
ойлайсыңдар?
- шеберханадағы дәрі-дәрмекке
арналған қобдишаның құрамында не болу қажет деп
ойлайсыңдар?
2.3. Білім алушыларға сабақта
жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және
түсіндіру , сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау
әдістерін үйрету:
- мамандыққа
сипаттама;
- кәсіптік бағдарлама
мазмұны;
-өндірістік оқыту сабақтары
және оған қойылатын талаптар;
- жұмыс орындары және оған
қойылатын талаптар;
-еңбекті қорғау және техника
қауіпсіздігі ережелері;
- алғашқы медициналық көмек
көрсету әдістерін көрсету;
2.4. Білім алушының өндірістік
оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап
көруі;
2.5. Көбінше жіберілетін
қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын
анықтау:
- шеберханада тәртіп
бұзу;
- жұмыс орнын таза
ұстамау;
- адамдарға дер кезінде көмек
көрсете алмау;
- ТҚ ережелерін сақтамау
салдарынан адам өміріне зиян келтіру.
2.6. Кіріспе нұсқаулық
материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырыпты бойынша
білім деңгейлерін тексеру:
- «Қатесін тап» жаттығуын
орындау (суреттермен жұмыс);
2.7. Еңбекті қорғау және
техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе
қайталау:
2.8. Білім алушыларға тапсыру
беру және оларды жұмыс орындарына
орналастыру;
3. Білім алушылардың
оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау
жүргізу:
3.1. Білім алушылардың
өзіндік оқу-өндірістік жұмыстары:
1. Алғашқы медициналық
көмек көрсетуге қатысты жаттығуларды орындау (медициналық
қызметкердің бақылауымен):
- саусақты
таңу;
-қолды
таңу;
-шынтақты
таңу;
-
басты
таңу;
-аяққа
таңу;
- қолға шина
таңу.
2. Есеп
жазу;
3.2. Ағымдағы нұсқау (жұмыс
орындарын арнайы аралап жүру арқылы):
- жұмыс орнының
ұйымдастырылуын және жағдайын тексеру;
- еңбек тәсілдерін орындау
дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын
тексеру;
- технологиялық жұмыстарды
орындау ретінің дұрыстығын тексеру;
- жұмыстарды
қабылдау.
4. Қорытынды
нұсқау:
4.1. Сабақты
қорытындылау;
4.2. Жіберілген қателерді
талдау;
4.3. Білім алушылардың жұмысын
бағалау және оны түсіндіру;
4.4. Үй
тапсырмасы:
«Беттерді сылақ жұмыстарына
дайындауда қолданылатын құралдар» тақырыбында презентация
дайындау.
5. Жұмыс орнын
жинастыру.