15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Сылақ қабаттары, олардың жағылуы мен тегістелуі"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы
«Зайсан технология колледжі» КММ

Сабақтың тақырыбы: Сылақ қабаттары, олардың жағылуы мен тегістелуі.
Арнаулы пән мұғалімі: Қабиева Ж.З.
Зайсан қаласы
2017-2018 оқу жылы
«Бекітемін»:
Директордың өндірістік оқу жөніндегі
орынбасары:.................Е.К.Абдрахманов
Лабороториялық-практикалық сабақ жоспары
Топ аты: С-2 Күні, айы, жылы: 17.03.2013ж
Арнаулы пән мұғалімі: Ж.З.Қабиева
Сабақтың тақырыбы: Сылақ қабаттары, олардың жағылуы мен тегістелуі.
Сабақтың мақсаты:
-
Оқыту мақсаты:
Оқушылардың сылақ қабаттарын жағылуы мен тегістелуі жайында алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде орындай отырып, білімдерін жетілдіру.
-
Дамыту мақсаты:
Оқушылардың логикалық ой-өрісін тәжірибе жүзінде дамытып, кәсіби құзырлыққа сәйкес сылақ жағу және тегістеу дағдыларын дамыту.
-
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушылардың таңдаған мамандықтарына қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа,үнемдеуге тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу,
Сабақ түрі: Лабороториялық- практикалық сабақ
Сабақтың өту әдісі мен тәсілдері: Сайыс сабағы, ой шақыру, топтастыру, өздік және топтық тәжірибелік жұмыс істеу.
Пән аралық байланыс: «Арнаулы технология», «Материалтану»,
«Еңбекті қорғау», «Сызу».
Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Технологиялық карта, схемалар, сылақ қалақтары (мастерок), ерітінді жәшіктері, аңдама қалақтар, түзеткіштер, деңгейлік, ысқылау қалақтары (терка), шөтке, күрек, шелек.
Сабақ өткізілетін орын: Лабороториялық-практикалық кабинет
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру – 10-15мин
ІІ. Кіріспе нұсқау- 20-35мин
ІІІ.Топтық тәжірибелік жұмыс-10-15 мин
ІV Ағымдағы нұсқау- 165мин
V. Қорытынды нұсқау- 25мин
VІ. Бағалау-15 мин
VІІ. Үйге тапсырма- 5мин
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру: тазалық секторының рапорты
-
Оқушылардың сабаққа қатысуы- журналмен жұмыс
-
Тақырып бойынша жабдықталуы
-
Талапқа сай киінуі
ІІ. Кіріспе нұсқау:
Сабақ сайыс түрінде өтеді. Оқушылар үш топқа бөлінген
«Қара сылақ», «Негізгі сылақ», «Әрлеу сылағы». Әр топ өздерін таныстырып өтсін. Сайыс үш турдан құралған, блиц сұрақтар, адасқан әріптерден сөз құрастыру, ситуациялық сұрақтарға жауап беру.
Бүгінгі сабақта сіздердің мақсаттарыңыз әр турға белсенді қатысып, топтарыңызға ұпай жинауға көмектесу. Жауаптарыңызды бағалау үшін топтағы біліктілігі жақсы қалыптасқан оқушылардан эксперт топ құрылған құрамында үш оқушы. Жауаптар: фишкалардың санымен бағаланады. Сонымен бірінші турға көшейік. Топтарға сәттілік тілеймін.
І-тур Блиц сұрақтар.
«Қара сылақ » тобы:
-
Сылақ дегеніміз не?
-
Қолмен жаққан кезде оның қалыңдығы қанша болуы керек?
-
Ағаштан қаланған қабырға бетіне ерітіндіні шашқыш насоспен қанша мм жағылуы керек?
-
Тас, бетон, кірпіш қабырғаларда қанша болуы керек?
-
Қолмен жағылатын ерітіндінің қоюлығы стандартты конустың батуы қанша см болуы керек?
-
Қара сылақты жақпас бұрын ең алдымен не істелінуі керек.
«Негізгі сылақ» тобы:
-
Негізгі сылақ дегеніміз не?
-
Негізгі сылақтың қара сылақтан айырмашылығы қандай?
-
Стандартты конустың батуына сәйкес гипссіз негізгі сылақ үшін қанша болуы қажет?
-
Ал гипсті негізгі сылақ үшін қанша болуы керек?
-
Негізгі сылақтың қалыңдығы қанша мм етіп жағылуы керек?
-
Қолданылатын құрал-жабдықтарды ата.
«Әрлеу сылағы» тобы:
-
Әрлеу дегеніміз не?
-
Оның қалыңдығы қанша мм болады?
-
Әрлеу сылағы үшін ерітіндіні қанша мм-лік торкөзді електен өткізілген майда құмнан дайындайды?
-
Әрлеу сылағының қоюлығы стандартты конустың қанша мм батуына сәйкес болуы тиіс?
-
Әрлеу сылағының құрамы қандай?
-
Әрлеудің қандай түрлерін білесің?
Осымен бірінші тур бітті, эксперттер жауаптарды, фишкаларды санайды. Ал енді екінші турға көшейік.
ІІ-тур.
Адасқан әріптер. Бұл турдың мақсаты: адасқан әріптерден сөз құрастыру. Бұл таблицадан сылақты лақтыру мен тегістеуге арналған құрал-жабдықтардың аты жасырылған. Қай топ бірінші құрастырады? Топтың мүшелері әріптерден сөз құрастырғанша топтың капитандары құрылысқа байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысады. Топтардың жауаптарын бағалап, фишкілерді санайды.
Келесі турға көшейік.
ІІІ-тур.
Топтарған ситуациялық сұрақтар: Сылақ қабаттарын жағу барысында жіберілген қателіктер және оны түзету жолдары қандай. Кім жылдам және дұрыс жауап береді?
-
Сылақ қабаты жарылып кетсе не істеуге болады және ол не үшін жарылады?
-
Қабырғаның түзулігін қалай анықтайды және қандай құрал қолданылады?
-
Ерітінді қабырғаға кедір-бұдыр болып жағылса не істейсің және оның себебін түсіндір?
Осымен үшінші турымыз бітті, эксперттер жауапқа баға береді.
ІІІ. Топтық тәжірибелік жұмыс:
Оқушыларға техникалық қауіпсіздік және санитарлық ережелерден нұсқау беріп, әр топты жұмыс орындарға бөліп, сылақ қабаттарының жағылуы мен тегістелуін жасату.
IV .Ағымдағы нұсқау:
І-топ. «Қара сылақ»: қара сылақтың жағылуы мен тегістелуін орындау.

ІІ-топ. «Негізгі сылақ»: негізгі сылақтың жағылуы мен тегістелуін орындау.

ІІІ-топ. «Әрлеу сылағы»: әрлеу сылағының жағылуы мен тегістелуін
орындау.

Шебердің іс- әрекеті: Жұмыс барысында әр звеноның жұмыс істеуін қадағалау, жіберген қателіктері болса түзету, үнемі арнайы киіммен жане куралдармен жұмыс істеуін, қауіпсіздік ережелерін сақтауын талап ету.
V. Қорытынды нұсқау: «Миға шабуыл»
І-топ «Қара сылақ»:
-
Қара сылақты атқару алдында қандай дайындық жұмыстары жүргізілуі керек?
-
Қара сылақтың қалыңдығы қанша мм болуы керек?
-
Тегістеуге қандай құрал-жабдықтарды қолдандың?
ІІ-топ. «Негізгі сылақ»:
-
Негізгі сылақ дегеніміз не?
-
Негізгі сылақ ерітіндісінің қоюлығы конустық прибормен өлшегенде қанша мм болуы керек?
-
Негізгі сылақ ерітіндісінің құрамы қандай болу керек?
ІІІ-топ. «Әрлеу сылағы»:
-
Әрлеу сылағы не үшін жасалынады?
-
Әрлеу сылағының ерітіндісі қанша мм қалыңдықта жағылуы керек?
-
Әрлеу сылағын орындауда қолданылатын құралдарды ата.
VI .Топтарды бағалау:
-Үш турдан кейін әр топтың жинаған фишкаларын экперттер санайды, ортақ балл шығарады.
- өздік тәжірибелік жұмыстың нәтижесін өндірістік шебер өзі тексеріп, сылақтың түзулігін, қалыңдықтарын, ерітінді құрамын, қауіпсіздік техникасының сақталуын, жұмыс орнының, құрал-жабдықтардың тазалығы мен жинақылығын тексеріп, ең үздік сылақ жұмыстарын анықтайды. Жұмыс барысында жіберілген қателіктерді айтып, түзетеді.
- Эксперттер мен шебер топтарға ортақ баға шығарады.
VІI. Үй тапсырмасы: «Сылақ қабаттары, олардың жағылуы мен тегістелуі»
әдіс-тәсілдерін оқып, қайталау.
Арнаулы пән мұғалімі:___________________Ж.З.Қабиева

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген