400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Шылауларды қайталау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шылаудан өткенді қайталау

Жарияланды 19-08-2013, 19:22 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Сыныбы: 7
Сабақ тақырыбы: Шылаудан өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Шылаудан өткенді еске түсіре отырып, білімдерін пысықтау.
2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуге баулу, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
3. Достыққа, бірлікке, ұлттық салт - дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар (қоржын, асық, т. б. суреттері)
Сабақ түрі: Қайталау сабағы.
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақ жүрісі: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау. Жаңа сабақтың ерекшелігін айту, мақсатымен таныстыру.
II. Негізгі бөлім. «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген А. Байтұрсынұлының даналығы бойынша оқушылар пікірін сұрау. Жаңа сабақты ашу.
1.«Зымыран сұрақ».
Шылау деп қандай сөз табын айтамыз?
Шылаулардың басқа сөз табынан айырмашылығы қандай?
Сөйлемде атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
Жалғаулық шылау, оның түрлері.
Демеулік шылау туралы не білесіз?
Септеулік шылаулар.

2. «Жұмбақ сөз». Әдебиеттен алынған өлең жолдары қай ақынның өлеңі және қалай аталады?
Арғынмын, атым Әсет арындаған
Арындап ән сала ма дарымаған?
Аспанның аясында ән шалқытқан,
Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған. (І. Жансүгіров. «Әнші»)
Ол, рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр - ай, қалай бұлдаған сатқандарын
Оқа, түйме, сылдырмақ, теңге алыпты! (С. Торайғыров. «Бір адамға»)

Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.
Жел соғарлы, сіңірлі аяғы тік,
Жауырыны атсіз жалпақ тақтайдай - ақ. (А. Құнанбаев. «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»)

3. «Ой жинақта талдаумен». Берілген сөйлемдерге фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау жасату, тақырыпқа қатысты қосымша сұрап отыру.
1 - асық. Қазақстанда бүгінде жүзден астам ұлттар ынтымақта өмір сүреді.
2 - асық. Құлыншақ. (қай жануар төлі?)
3 - асық. Ұрпағы өз тілінде сөйлеген ұлттың рухы биік.

4. «Дәлелді жауап». Асты сызылған сөздердің дәлме - дәл жауабы.
Ренжідіңіз бе, балуан?
Әбіш айтқан сөзден шошынарын да, қуанарын да білмегендей.
Дүниенің қызығы құс салу екен ғой!- деп бір қойды.
Әбішім, жаңа заман елшісіндей болдың - ау!
Ақан әрі ойланып, бері ойланып сенімді шешімге бел байлады.
Ол ертең көрермендер алдында өнер көрсетпек екен.

5. «Лездеме». Берілген тірек сөздерді қатыстырып сөйлем ойлау, мәтін құру. Шыққаннан кейін, жүр екен - ау, үйге дейін, жүзге жуық, мен үшін, өзгелерден кейін.
6. «Сауалнама сайыс».

7. «Сынық сұрақ, дұрыс жауап». Берілген мысалдардың ішінен шылауды іздеңіз, таба алмасаңыз, неге екендігін түсіндіріңіз.
1. Анаңа ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа.
2. Кімсің келген, Әселмісің?
3. Ол ескерткенді жек көреді.
4. Әжем үйге келген қонақтарға ақ ұсынды.
5. Мен, Асылхан, Данияр үшеуіміз - доспыз.

III. Сабақты қорытындылау.
Шылау тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау, қорытындылау. «Біле бер қанша білсең, тағы тіле Жетерсің мақсатыңа біле - біле».
IV. Үйге тапсырма беру.
V. Бағалау.

































































Семантикалық карта

Сөйлем

Септеулік

Жалғаулық

Демеулік

1

Ренжідіңіз бе, балуан?




2

Әбіш айтқан сөзден шошынарын да, қуанарын да білмегендей.




3

Дүниенің қызығы құс салу екен ғой!- деп бір қойды




4

Әбішім, жаңа заман елшісіндей болдың - ау!




5

Ажал ақымақ үшін алтау,
Ақылды үшін біреу.




6

Жуан, тақыр бақайлы, жұмыр тұяқ
Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ.
Жел соғарлы, сіңірлі аяғы тік,
Жауырыны атсіз жалпақ тақтайдай - ақ




7

Ол, рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр - ай, қалай бұлдаған сатқандарын
Оқа, түйме, сылдырмақ, теңге алыпты! (С. Торайғыров. «Бір адамға»)




8

Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.




9

Арғынмын, атым Әсет арындаған
Арындап ән сала ма дарымаған?
Аспанның аясында ән шалқытқан,
Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған. (І. Жансүгіров. «Әнші»)


























Шылауларды қайталау

Жарияланды 9-04-2014, 21:30 Категориясы: Қазақ тілі және әдебиеті 

Қазақ тілі 7 - сынып
Cабақтың тақырыбы: Шылауларды қайталау
Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың шылау бойынша алған білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, кеңейту; ә) теориялық материалды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру, өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету; б) адамгершілік ізгі қасиеттерге баулу.
Сабақтың түрі: деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың әдісі: зерттеу, сұрақ - жауап, ойын түрлері.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кестелер.

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарына көңіл бөлу.

Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыз – шылауларды қайталау, қорытындылау сабағы. Сабақ барысында шылаулардың қолданыс аясының кең екендігіне көзіміз жетті. Олай болса сабақты бір оқушымыздың ғылыми ізденіс жұмысымен бастағанды жөн көріп отырмыз.
Тақырыбы: «Шылаулардың поэзиялық шығармаларда қолданылуы». Оқушылар тыңдап болған соң осы жұмыс бойынша өз пікірін айтады.
Ал енді деңгейлік тапсырмаларға кезек берейік.
І деңгей
а) Мәтінді оқып, шылаулардың астын сыз.
ә) Шылаулардың түрлерін ата.
б) Венн диаграммасы бойынша ережелерін жаз.

ІІ деңгей
а) Шылаулардың түрлеріне жеке тоқталыңдар(тақтадағы үш гүлдің жапырақтарына шылау түрлерін жазу).
ә) Үстеу ме, шылау ма? Мен мәтінді оқимын. Мәтіндегі бұрын, кейін, соң, әрі, бірге сөздері үстеу ме, шылау ма, дәлелдеп беріңдер.
1. Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған
соң айтпа сөз.
2. Судан
кейін шыққан жолдастар бұрын шыққандарды көргенде әр түрлі асығыстық істеді.
3. Сабақтан
кейін оқушылар жиыны болады.
4. Талай сөз бұдан
бұрын көп айтқанбыз.
5. Көлемі үлкен бай колхоздың ылғи жаңа таза үйлері
әрі көңілді, әрі көрікті, әрі тыңқиған тоқ пішінде.
6. Олар таудан
әрі асып кетті.
7. Кәрі аңшының өзі үлкен бөлмесінде баяғы айнымас досы Ахметпен
бірге отыр.
8
. Бірге келіп, бірге сабақ дайындаймыз.
б) Үндемес ойыны.
Жалғаулық па, жалғау ма? (да, де, та, те, мен, бен, пен) Оқушылардың қолында екі түрлі үлестірмелері болады.
Бір - біріне жалғау, екіншісінде жалғаулық деген сөз бар аралас сөйлемдер оқимын. Оқушылар жаза отырып, сөйлемдер шылау болса үндеместен «жалғаулық» үлестірмесін, жалғау болса «жалғау» үлестірмесін көтереді.
1. Қызмет
те туыстық болмайды.
2. «Көкаршын» ән еркесі бап
пен айтса...
3. Асан бір нәрсенің боларын сезді
де, үндеместен шығып кетті.
4. Асан
мен Үсеннің әңгімесі өте қызықты.
5. Айгүл әжесі
мен нағашыларына қонаққа кетті.
6. Әнші болмасақ
та, ән тыңдауды сүйеміз.

ІІІ деңгейлік тапсырма
а) Бірақ, себебі, сонда да, кейде, я, не болмаса, және жалғаулықтарын қатыстырып әңгіме құрастыру.
ә) Талдау жұмыстары: бірде, дегенмен, және, жалғаулықтарына математикалық дыбыстық мінездеме.
б) «Ішінде – сыртында»
Септеулік шылауларды ішіне, қалғандарын сыртына жазу.

IV. деңгейлік тапсырма
Ой толғау
Шығармашылық топ жазып жатқанда қалғандары таспадан ән тыңдап, сонда кездескен шылауларды ажырату.
Сабақты бекіту. «Мың бір мақал» ойыны.
1 - айналым
1. Да шылауы кездесетін мақал айту.
2. Үшін шылауы кездесетін мақал айту.
3. Мен шылауы кездесетін мақал айту.
2 - айналым
Мақалдың жалғасын табу.
1. Өз басыңды дауға берсең де, (Жолдасыңды жауға берме)
2. Тау мен тасты су бұзар. (Адамзатты сөз бұзар)
3. Заманына қарай күлкісі (Тауына қарай түлкісі)

3 - айналым
Мағынасын ашу.
1. Палуанның жаманы
Шалдырған соң өкінер.
Күзетшінің жаманы
Алдырған соң өкінер.
2. Өтіріктің құйрығы бір - ақ тұтам.
3. Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді.
Сабақты осы ойынның жеңімпазы қорытындылайды.



























Сабақтың тақырыбы: Шылауларды қайталау
Сабақтың мақсаты:

Білімділік оқушылардың шылау бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, кеңейту

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың танымын кеңейту, ойлау шеберлігін арттыру, теориялық материалдарды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру, шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушының сөйлеу мәдениетіне және талдауға алынған материалдар, мысалдар арқылы ақыл - ой, адамгершілік, ізеттілік имандылыққа, туған жерін, елін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау - пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, іздендіру, мазмұндау, талдау, жинақтау, топтастыру, «үш қадамды» сұхбат стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар, Блум жүйесі, шығармашылық.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интербелсенді тақта, шылаулар тақырыбына арналған сызба, үлестірмелі карточкалар, смайликтер.
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиет, музыка, бейнелеу
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесінің тазалығы, оқу - құралдарының толықтығы, оқушылардың сабақ бастауға көңіл - күйі, оқушы назарын толық сабаққа аударту.
Психологиялық ахуал тудыру: Оқушылар бір-біріне құрамында шылаулар бар тілектер айтады.

Үй тапсырмасын тексеру: 253-жаттығудың орындалуын тексеремін.
Топқа бөлу:

  • Оқушылар, бізге белгісіз біреу сыйлық беріп жіберіпті. Қане, бәріміз қарайықшы, бұл не болуы мүмкін. (оқушылар әрқайсысы ұстап көріп, өз ойларын айтады. Соңында ішін ашып, ішіндегі конфеттерге жабыстырылған шылаулардың қай шылау түріне жататындығын анықтаған оқушы сол топқа барып жайғасады).

  • Оқушылар, біз сыйлық алу үшін қандай сөздерге сипаттама бердік? Дұрыс айтасыңдар. Бүгін өздерің байқағандай, бізде шылауларды қайталау сабағы.

Қызығушылықты ояту

  • «Мен кіммін?»
    Әр топ өздерінің топ атауларына сәйкес постер қорғайды.

  • Осыдан қорытып «Шылаудың» ережесін шығарамыз.

Шылау – жеке лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып, өзі тіркескен сөздерге қосымша мән үстейтін сөз табы.

«Гүл» тақтада топ атаулары жазылған гүл өзегіне шылаулары күлтелері қате жазылып жабыстырылған. Күлтелерін дұрыс жабыстырған алғашқы топ жеңіске жетеді.

Shape4 Shape1 Shape2 Shape3

Shape6 Shape5

Shape10 Shape9 Shape11 Shape7 Shape8 Shape14 Shape13 Shape12

демеулік

жалғаулық

септеулік


Shape18 Shape17 Shape19 Shape20 Shape15 Shape16

Shape21



*Оқулықпен жұмыс

250-жаттығу. Мәтінді оқып, құрамынан шылауларды теріп жазып, түрлерін ажыратыңдар.

(мен, да, ғана, әрі, біресе, соң)

* «Үндемес» ойыны. «Жалғаулық па? Жалғау ма?» оқушыларға «Жалғау», «Жалғаулық» деп жазылған екі көтерме қағаздар таратылады.

Жалғаулық па, жалғау ма? (да, де, та, те, мен, бен, пен) Оқушылардың қолында екі түрлі үлестірмелері болады.
Бір - біріне жалғау, екіншісінде жалғаулық деген сөз бар аралас сөйлемдер оқимын. Оқушылар жаза отырып, сөйлемдер шылау болса үндеместен «жалғаулық» үлестірмесін, жалғау болса «жалғау» үлестірмесін көтереді.
1. Қызмет
те туыстық болмайды.
2. «Көкаршын» ән еркесі бап
пен айтса...
3. Асан бір нәрсенің боларын сезді
де, үндеместен шығып кетті.
4. Асан
мен Үсеннің әңгімесі өте қызықты.
5. Айгүл әжесі
мен нағашыларына қонаққа кетті.
6. Әнші болмасақ
та, ән тыңдауды сүйеміз.

Шығармашылық тапсырма.

Оқушыларға интербелсенді тақтадан видеоматериал көрсетіледі. Сол видеодан алған әсерлерін оқушылар шылаулар қатыстырып құраған мәтіндері арқылы көрсетеді.


Математикалық мінездеме

  • Қане, оқушылар бүгін бізде қайталау сабағы болғандықтан, фонетиканы да еске түсіріп жіберейік.

Оқушыларға сондықтан, бірге, түгіл шылауларына математикалық мінездеме талдау жасайды. Талдауларын алдарындағы қағазға жазып қорғайды.

Сергіту сәті

Оқушыларға үнтаспадан ән тыңдатылады. Оқушылар әнді тыңдай отырып, құрамынан шылауларды тауып, теріп жазып отырады.


«Үстеу ме, шылау ма?»

Мен мәтінді оқимын. Мәтіндегі бұрын, кейін, соң, әрі, бірге сөздері үстеу ме, шылау ма, дәлелдеп беріңдер.
1. Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған
соң айтпа сөз.
2. Судан
кейін шыққан жолдастар бұрын шыққандарды көргенде әр түрлі асығыстық істеді.
3. Сабақтан
кейін оқушылар жиыны болады.
4. Талай сөз бұдан
бұрын көп айтқанбыз.
5. Көлемі үлкен бай колхоздың ылғи жаңа таза үйлері
әрі көңілді, әрі көрікті, әрі тыңқиған тоқ пішінде.
6. Олар таудан
әрі асып кетті.
7. Кәрі аңшының өзі үлкен бөлмесінде баяғы айнымас досы Ахметпен
бірге отыр.
8
. Бірге келіп, бірге сабақ дайындаймыз.

Сабақты бекіту:

Смайликтер (ауызша орындалады)

  • Оқушыларға әр түрлі смайликтер көрсетіледі. Соған қарап оқушылар, қандай шылауларды еске салатынын және сол шылауды қатыстырып сол арада сөйлем құрауы тиіс.


Сабақты қорытындылау: «Жұмбақ сан» тесті.

  1. Шылауға тән белгіні көрсет?

  1. Сөйлем мүшесі бола алмайды

  2. Белгілі бір сұраққа жауап береді

  3. Лексикалық мағынасы бар.

  1. Күшейткіш мәнді демеулік шылауларды көрсет?

  1. мыс, -міс

  2. ақ, -ай

  3. ды, -ді, -ты, -ті

  1. Ғылым таппай, мақтанба, Құмарланып шаттанба – дегендегі ба қосымшасына сипаттама беріңіз.

  1. Жалғау

  2. Сұрау мәнді демеулік шылау

  3. Болымсыздық етістігінің жұрнағы

  1. 4 мағыналық қатынасқа бөлінетін шылау түрі

  1. Демеулік

  2. Септеулік

  3. Жалғаулық

  1. «Күзге таман диқаншылардың жұмысы қыза түсті» деген сөйлемде қатысқан қай шылау түрі?

1)Септеулік

2)жалғаулық

3)демеулік

Жауабы: 10

Бағалау.

Үйге тапсырма: құрамында шылауы бар мақал-мәтелдер жазып келу.
























































Сабақты бекіту. «Мың бір мақал» ойыны.
1 - айналым
1. Да шылауы кездесетін мақал айту.
2. Үшін шылауы кездесетін мақал айту.
3. Мен шылауы кездесетін мақал айту.
2 - айналым
Мақалдың жалғасын табу.
1. Өз басыңды дауға берсең де, (Жолдасыңды жауға берме)
2. Тау мен тасты су бұзар. (Адамзатты сөз бұзар)
3. Заманына қарай күлкісі (Тауына қарай түлкісі)

3 - айналым
Мағынасын ашу.
1. Палуанның жаманы
Шалдырған соң өкінер.
Күзетшінің жаманы
Алдырған соң өкінер.
2. Өтіріктің құйрығы бір - ақ тұтам.
3. Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді.
Сабақты осы ойынның жеңімпазы қорытындылайды.

ІІ. «Мақал – сөз мәйегі» шылаулар қатысқан мақал - мәтелдер табу
1 - оқушы: Ажал ақымақ үшін алтау,
Ақылды үшін біреу.
2 - оқушы: Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.
3 - оқушы: Ердің күйін сұрама,
Жұрттан сауын сауған соң,
Малдың күйін сұрама,
Қонысынан ауған соң.

4 - оқушы: Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.
5 - оқушы: Адам болып туған соң,
Адам болып өлу лазым.
6 - оқушы: Адам бір терінің ішінде,
Толады да солады.
7 - оқушы: Қой асығы демей - ақ
Қолыңа толса, сақа тұт.
Жасы кіші демей - ақ,
Ақылы асса, аға тұт
2 - оқушы.
Мақал - мәтелді оқып, шылауларды сыз, түсініп ойынды қорытындыла.
1. Ақылды адам батпан - ақ,
Ақылсыз адам сасқалақ.
2. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
3. Жақсы – ай мен күндей
Әлемге бірдей.
3 - оқушы. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қой.
Өз ұлың, өкпеге тепкілесең......... кетпес,
Кісі баласы кісендесең............. тұрмас.
Көрмес түйені........ көрмес.






Жем қалалық №5 орта мектебі







Бекітемін:

Мектеп директоры: Б.Д.Жумагулов

«20» сәуір 2016 жыл









Ашық сабақ

Тақырыбы: Шылауларды қайталау

Сыныбы: 6 «а»









Өткізетін: қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Жанмолдина Л.М.













2015-2016 оқу жылы

























Жалғаулық







Септеулік







Демеулік













мен алайда Кейде өйткені сондықтан бірақ және да де

мен алайда Кейде өйткені сондықтан бірақ және



бірге бұрын соң туралы арқылы үшін қарай дейін

бірге бұрын соң туралы арқылы үшін қарай дейін



-ақ -мыс - ты ғана тек -ай -ды -міс тек ма ме

-ақ -мыс - ты ғана тек -ай -ды -міс тек ма ме



Менен бенен да де әйткенмен



Жалғаулық Септеулік Демеулік





















































Shape23 Shape22



















Shape24























Shape26 Shape25































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
665
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі