400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сумканың үлгісін дайындау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөмкенің шығу тарихымен, түрлерімен таныстыру, жасалу жолын үйрету.Өлшеу, пішіп тігу жолдары туралы біліктілігін арттыру. Тігіс тігу кезінде дағдыны қалыптастыру. Бұйымды өз бетінше орындауға оқушыға мүмкіндік беру .
Материалдың қысқаша нұсқасы





«Бекітемін»

Қалалық білім бөлімінің

қосымша білім беру оқу-әдістемелік

орталығы директорының

оқу-тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

______________А.А.Төлегенова







Қолданбалы қолөнер бөлімі







АШЫҚ САБАҚ



Тақырыбы: «Сумканың үлгісін дайындау»









Дайындаған: «Әсем моншақтар» үйірмесінің жетекшісі Құлмаханова Ф.Қ.









Қызылорда, 2018 ж





Сабақ жоспары:



І.Ұйымдастыру бөлімі .

Психологиялық дайындық

ІІ.Өткен сабаққа шолу.

Керекті құрал жабдықтармен таныстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ

ІУ. Тәжірибелік бөлім. Сумканың үлгісін дайындау.

У. Сергіту сәті

УІ. Сабақты бекіту.

УІІ. Қорытындылау бөлімі.






























Сабақтың тақырыбы: «Сумканың үлгісін дайындау»



Білімділігі: Сөмкенің шығу тарихымен, түрлерімен таныстыру, жасалу жолын үйрету.Өлшеу, пішіп тігу жолдары туралы біліктілігін арттыру. Тігіс тігу кезінде дағдыны қалыптастыру. Бұйымды өз бетінше орындауға оқушыға мүмкіндік беру .

Дамытушылығы: Сумка түрлерін тұрмыста қолдана білуге,тиімді пайдалануға үйрету.

Тәрбиелігі: Оқушының өз бетінше жұмыс жасауға еріктілігін, өз күшіне сенімін, еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың типі: Қалыптан тыс сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Иллюстративті,түсіндірмелі,танымдық

Сабақтың әдісі: Тәжірибелік сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, оқулықтар, қолдан жасалған бұйымдар.

Керекті құрал-жабдықтар: ине,қайшы,жіп,мата, өлшеуіш таспа.






















Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі.

- Саламатсыздар ма Орталығымыздың ұстаздары бүгінгі бідің сабағымызға қош келдіңіздер! Бүгін біздің сабағымызға «Әсем моншақтар» үйірмесінің

Әсем мсм көркем де кербез ,әдеміде, сұлу, ақылды, шебер қыздарымыз келіп отыр. Қыздарымыздың бізге не дайындап келгенін қазір білетін боламыз.(оқушылар алқаларын көрсетіп таныстырады)

ІІ.Өткен сабаққа шолу.

Қыздардан гүл күлтешелері әдісі арқылы жасаған бұйымдарының жасалу жолдарын бір пысықтап жіберу.

(Сұрақтарды слайд арқылы көрсету)

1.Алқа жасау үшін қажетті құрал- жабдықтар?

2.Алқа жасау жолдары.(түрлері, қандай материалдардан жасалатыны) бізден іште орталықта Салтанат апайымызда жүннен жасайды.

3.Алқаны қанша уақытта жасауға болады?

4.Алқаны жасайтын адамды кім деп атаймыз?

5.Алқаны жасау барысында қандай қиындықтар туды?

6.Қазіргі таңда осы жасап жатқан алқаларымызды бизнес көзіне айналдыруға бола ма?

ІІІ. Жаңа сабақ: Енді, балалар экранға назарларыңызды аударсаңыздар, Бүгінгі өткізілетін сабағымыздың тақырыбын ребус арқылы анықтап алсақ. «Сумканың үлгісін дайындау» деп аталады.

1.Сумка дегеніміз не?

2.Ол қайдан шыққан,қашан шыққан қысқаша түсінік беріп өтсек,

Сумка- әрбір нәзік жандының айнасы десек болады. Сумканың шығару тарихын сөз етпестен бұрын Луи Витонмен жақынырақ танысып алайық.Луи Виттон 1821 жылы Франш-Конте қаласында туған.1937 ж 14 жасқа толған Луи табыс табу мақсатында Парижге жаяу аттанады. Париж қаласында Луи Виттон сандықшының көмекшісі болып қызметке орналасады.Сол жерде ол тәжірибе жинақтап, 1854 ж Париж қаласының ортасынан чемодан дүкенін ашады. Дүкенде тек Луи Виттонның қолынан шыққан чемодандар сатылған.Олар «Louis Vuitton» маркасының кең етек жаюына ықпал жасайды.Кейін 42 жылдан соң жаңа бағыттап,Еуропаның дүкендерінде ғана сатылады. 1987 жылы брендтің атауымен шыққан холдинг сумка өндіру ісін сырт мемлекеттерге экспорттаумен айналысады.Ұлдары Джордж пен Гастон Виттондар бастапқыда фирма өнімдерін тек байлар ғана пайдаланып отырған, себебі ол өте қымбат болған.1998жылдан бастап бүгінге дейін Луи Виттон фирмасынан шыққан сумкалар бүкіл әлемде сәндегі орнын ешкімге бермей тұр.Луи Виттонның фирмасы қазіргі таңда әйелдерге,ерлерге арналған әр түрлі пішінді әмияндар, чемодандар, сумкалар,блокноттар, орамал,аксесуарларды шығарып жүр.Қазақстанда Луи Витонның дүкені жоқ болғандықтан тек көшірме сумкаларын табуға болады.

16 ғасырдың басында  сумка қазіргі кездегі сумкаларға қарағанда өзгеше болған. Алғашқы сумкалар қалташық түрінде болып, ол көйлекке қадалатын болған. Олар көйлектің белдемшесіне бекітіліп,олар тек ғана материалдан емес сонымен қатар былғары теріден азірленеген. Кейін келе осы дорбалардың еркектерге арналған түрлері де пайда бола бастады.

Ал 17 ғасырдың соңына қарай еркектерге арналған шалбарлар қалталарымен тігіле бастады. Сондықтан олар дорбаларды тастап қалталарына сиятын тоқыма әмияндарды қолдана бастады. Ал кейіннен әйелдерге арналған белдемшелер артқы қалталарымен тігіле бастады

Кейінгі дәуір әйел адамдарға моншақтармен безендірілген кисет тәрізді сумкаларды ұсынды. Бұл сумкалар ұстауға ынғайлы, түр түстеріде әдемі әртүрлі маталардан тігіле бастады. Кисет-сумкаға қарап иесінің қандай тапқа, қандай ортаға жататынын анықтайтын болған.

19 ғасырда көйлек астына  жасырылған сумкалар  сәннен шығып, оның орнына қолға, иыққа ілетін шағын сумкалар шыға бастады. Сумканың  даму тарихы 20 ғасырдың келуімен шарықтай түсті. Алуан түрмен стильде, әр адамның талғауымен де тігілетін болды. Қазіргі кезде сумка адам имиджінің ең маңызды  және басты бөлшегінің бірі.

Слайд арқылы видео көрсету; (шығу тарихы видео )

Енді оқушылар сумкаларды 3 түрге бөліп қарастырамыз:

-әйелдер

-ерлер

-балалар (Слайд)

Сумкалар 4 бөлікке бөлінеді : алдыңғы бөлігі, артқы бөлігі, бүйір бөлігі, бауы.

Сумканың жасалуы:джинси матадан, құрақтан,жүннен, былғарыдан, фетрдан т.б. жасалады.



Сумканың формалары: домалақ, төртбұрышты, трапеция, алтыбұрышты,үшбұрышты болып келеді.

Негізі қазіргі таңда қолдан жасалынған бұйымдар,трендте.Осының ішіне сумкаларымыз, аксесуарларымыз.

ІV.Тәжірибелік бөлім.

Бүгінгі күнде сөмке тұрмысымыздағы ең қажетті бұйымға айналды, алуан түрі бар. Әйтсе де ұлттық нақышта, өз қолымыздан тоқып немесе тігіп алған сөмкенің орны бөлек. Себебі, әркімнің ой- қиялы, шығармашылық қабілеті әр түрлі. Осы қабілетімізге сүйеніп, бүгінгі сабақта құрап  сәндік сөмке жасаймыз.

Сарамандық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз.

1.Инені, қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.

2.Қайшыны ұсынғанда ұстайтын жағымен беру керек.

3.Қайшыны тістеуге болмайды.

4.Қайшының ұш жағын жоғары көтерме.




Жұмыстың барысы: Ең алдымен сумканың эскизін таңдап аламыз,өлшемдерді қағаз бетіне түсіріп үлгі дайындап аламыз.Фетр матасын дайындап аламыз. Фетр матасы XVII ғасырда пайда болды. Әдетте бұл матаны киіз түріне де жатқызады. Фетрдың қалың киізден айырмашылығы ол ешкінің,қоянның және құндыздың былғарысындағы жұқа жібек талшықтарынан жасалады. Әлі күнге дейін бұл технологиямен фетр қалпақтарын жасап шығаруда.Бұл керемет тамаша, жеңіл, әдемі және төзімді материал, қазіргі заман талабына сай өзінің ерекшелігімен танымал болып отыр. Бұл мата 400 жыл бұрын пайда болды. Қазіргі заманауи технологияның көмегімен түрлі бұйымдарды жасау үшін пайдаланылып келеді. Соның ішінде бұл дәстүрлі табиғи жүн көбінесе бас киімдер, балалар ойыншықтарын түрлі сәнді аксесуарлар мен киім бөлшектері үшін пайдаланылады. Биязы жүн фетр- бұл табиғи экологиялық материал. Ол қызуды шығармайтын және табиғи антисептикалық қоспаларға ие. Оның оң терісі болмайды. Екі жақ беткейі бірдей. Фетр матасының құрамы тікелей қасиетіне байланысты. Ең қымбат және ең сапалысы- жүнді фетр матасы. Жартылай жүнді фетр –жеңіл әрі пластикалы. Әдетте бұл матадан естияр балаларға арналған ойыншықтарды әзірлейді. Сондықтан да бұл жартылай жүннен жаңажылдық ойыншықтарды, үстел кілемшелерін, тұрмыстық бұйымдарын әзірлейді. Синтетикалық фетр матасы өзінің қаттылығымен ерекшеленеді.

Үлгіні матаға қойып қырқып аламыз:алдыңғы бөлігі ,артқы бөлігі, асты және екі бүйірін қырқып аламыз. Төрт бұрыштап бірдей көлемде қиып аламыз да, оларды түс үйлесімділігіне қарай бір-бірімен қиюластырып тор тігіспен тігіп аламыз. Дайын болған сөмкенің алдыңғы бөлігін артқы бөлігімен қосып тігеміз де, бау тағамыз. (Оқушыға жұмысты көрсету барысында ретімен түсіндіріледі

(Осыдан кейін сумка жасау видеосын көрсету)


Сергітусәті: Оқушылардың сән үлгісіне байланысты талғамын анықтау.

(Оқушыларға әр түрлі сумкаларды көрсету арқылы қай сумка қандай стилге жақын келеді, талғамдарын анықтау)

VІ.Бекіту: Балалар, бүгін біз сән әлеміндегі ойып тұрып орын алған ерекше бұйымды жасадық, енді бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар, сендердің осы сөмкеге деген қызығушылықтарыңды оята алдым ба? Олай болса,не ой түйдіңдер?

1. Сөмкенің алғаш жсаушысы кім және Қай қалада, қандай бренд атауымен шықты? 2.Сөмке қандай материалдардан жасалады? 3.Сөмкенің түрлері қандай? 4.Сөмке неше бөліктен тұрады? 5.Сөмкенің формалары қандай? 6. Фетр қандай мата?

ҮІІ.Үйге тапсырма. Қазіргі таңда Сөмкені жасайтын дизайнерлерді өздігінен ізденіп қарау.






























Сабақтың тақырыбы: Сөмкенің үлгісін дайындау.

Мақсаттары: Сөмкенің шығу тарихымен, түрлерімен таныстыру, жасалу жолын үйрету.

Өлшеу, пішіп тігу жолдары туралы біліктілігін арттыру. Тігіс тігу кезінде дағдыны қалыптастыру. Бұйымды өз бетінше орындауға оқушыға мүмкіндік беру . Оқушының өз бетінше жұмыс жасауға еріктілігін, өз күшіне сенімін, еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.



Күтілетін нәтиже: Қол жұмыстарына қолданылатын тігіс түрлері туралы біледі. Оқушының өз бетінше жұмыс жасауға еріктілігін, өз күшіне сенімін, еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастырады. 

Әдіс тәсілдер: Мозайка , Миға шабуыл, Конверт сұрақтар, Суреттер сөйлейді, Сөздер банкісі, Тест . 









Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеме




Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберіне шығып психологиялық ахуал қалыптастыру

Оқушыларды түгендеу. Алтын ережені жазу 


«Мозаика» 
әдісімен

3 топқа бөліну.

түстер 

Суреттер арқылы







Үй тапсырмасын сұрау 






Теориясы «Білу»

(Кім? Не? Қайда? Қашан? Не істеді?)

Сабақтың

тақырыбы: Шығармашылық жоба. Сөмке тігу.

Сабақ

негізделген оқу

мақсаты Сөмкенің жасалу тарихы мен түрлерімен таныстыру, жасалу жолдарын үйрету.

Сабақтың

мақсаттары Барлық оқушылар істей алады: Сөмкенің эскизін «Paint» бағдарламасы арқылы сызу мен көркемдеуді. Оқушылардың көпшілігі істей алады: Нұсқау картасы арқылы сөмке жасайды. Кейбір оқушылар істей алады: Мұғалімнің нұсқауынсыз сөмке жасаудың технологиялық нұсқау картасын құрастырады.

Тілдік мақсат Оқушылар: Негізгі сөздер мен тіркестер: сөмке, қалта, аяққап, кесеқап, қоржын. Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер Талқылауға арналған сұрақтар: 1. Сөмке не үшін қажет? 2. Сөмкенің қандай түрлерін білесің? 3. Жасалу материалына байланысты сөмкелерді қалай топтастыруға болады? 4. «Ақылды технологияның» жаңалығы бойынша жаңа үлгіде шығарылатын сөмкенің негізгі ерекшелігі қандай болмақ? Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба? Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

Алдыңғы оқу Құрақ көрпешені аяқтау

Жоспарланған

уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз Ресурстар

Басы

1 мин 3 мин 6 мин Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу. Бағалау парағын таныстыру. Үй тапсырмасы: «Менің шығармашылығым» оқушылар жұмыстарын таныстырады. Үй тапсырмасын пысықтау: «Лото ойыны» (сұрақ-жауап) «Қарама-қарсы» шабуыл әдісі Сұрақтар: 1. Құрақ құрау өнері адамнан нені талап етеді? 2. Құрақ дегеніміз не? 3. Құрақ қалай орындалады? 4. Құрақтың қандай түрлері бар? 5. Құрақты өзге елдерде қалай атайды? 6. Құрақ құрау арқылы қандай бұйымдар жасалады? Интербелсенді тақта

Ортасы

5 мин Жаңа сабақ. «Тарих сыр шертеді» ІІ топ алдын – ала берілген тақырыптар бойынша дайындаған презентацияларын қорғайды. І топ. Сөмкенің шығу тарихы ІІ топ. Сөмкенің түрлері Слайдтар

5 мин 5 мин 1 мин 1 мин 2 мин 7 мин 1 мин Мұғалімнің толықтыруы. 1. «Қол сөмкенің шығу тарихы» туралы бейнеүзік көрсету. 2. Шығармашылық жоба туралы қысқаша мағлұмат беру. 3. «Галереяға шолу» қолдан тігілген сөмке көрмесімен таныстыру. Сарамандық жұмыс. «Топтық жұмыс» Тапсырма: Түрлі түсті қағаздан сөмке жасайды. Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» Сергіту сәті: «Ойлан тап» Сөмкенің нұсқау картасын ретімен қой. «Шеберлікте шек жоқ» бейнеүзік көрсету Жеке жұмыс: «Мен дизайнермін» Тапсырма:Paint бағдарламасы бойынша сөмкенің эскизін сызады. «Activ Stidio» бағдарламасы бойынша уақытты белгілеу. Бағалау: сарапшы маман Бейнеүзік Қажетті құралдар Компьютер

Соңы

5 мин 2 мин 1 мин Сабақты қорытындылау «HTML» бағдарламасы бойынша 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы. «Activ Stidio» бағдарламасы бойынша уақытты белгілеу. «Өнерлі қол – бақытқа жол» бейнеүзік көрсету Үйге тапсырма: 1. Шығармашылық жоба дайындау. 2. Ерекше сөмкелер (ғаламтордан қызықты ақпараттар іздеу). Бағалау: Жиынтық бағаны шығару. «Сабақтан алған әсерім» ауызша рефлексия жүргізіледі. Тест сұрақтары Бейнеүзік Бағалау парағы

Рефлексия Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

— Сабақ/оқу мақсаттары шынайы

ма?

— Бүгін оқушылар не білді?

— Сыныптағы ахуал қандай

болды?

— Мен жоспарлаған саралау

шаралары тиімді болды ма?

— Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе?

— Мен өз жоспарыма қандай

түзетулер енгіздім және

неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Өткен тақырып бойынша білімдерін бекіту

«Конверт» сұрақтар 2.Алқа жасау жолдары.(түрлері, қандай материалдардан жасалатыны) бізден іште орталықта Салтанат апайымызда жүннен жасайды.

1.Алқа жасау үшін қажетті құрал- жабдықтар?

3.Алқаны қанша уақытта жасауға болады?

4.Алқаны жасайтын адамды кім деп атаймыз?

5.Әлеуметтік желіні көп пайдаланасыңдар және тиімді пайдаланасыңдар ма? Өздері ізденіп тапқан алқаның схемасын тоқып келу.

Енді балалар экранға назар аударайық?











Сұрақтарға ізденеді. 










Жаңа сабақ 


Оқулықтағы 
тапсырмаларды орындау

Күнделікті қолданып жүрген түрлі сөмкелеріміз ерте заманнан-ақ адамдардың қолданысында болған сияқты, тарихқа үңілсек сөмкенің пайда болуы туралы қызықты деректерге кездесеміз.

Алдымен былғарыдан тігілген қалталар пайда болып, оны киімге жапсырып тігіпті. Х5 ғасырдың басында әр түрлі майда заттар мен ақша сақтайтын кішкентай мойынға асылып жүретін жол сөмкелері пайда болды. Готика замнында ханымдар әртүрлі көлемдегі қалталар коллекциясын белдіктеріне іліп жүрді. Белдікке ілінген қалталар Ренессанс (қайта өркендеу дәуірі) дәуіріндегі киімдерде де сақталды. 1670жылдары еркектердің киім үлгісінде қалталары бар бридж сәнге айналып, еркектер ұзақ уақытқа сөмкені пайдаланбады, қажеті де болмады. Олар ақша салуға арнайы тоқылған әмиян пайдаланды,оны қалталарына салып жүрді.х8 әйелдерде құпия қалта пайда болды, ол ұзын белдемшенің жан тігісімен бірге тігілді. Рококо(х8 ғасырдың 1-жартысы мен орта кезіндегі европа өнерінде сарай зиялылары мәдениетімен байланысты туған стиль) дәуірінен бастап XIX ғасырдың аяғына дейін қымбат әшекейленген, тоқылған,өріліп тоқылған дорба-сөмкелер ұстады. Мұндай сөмкелер дайындауға түрлі-түсті маталар, әшекейлер пайдаланды. Әйелдер өз дәрежелеріне лайық дорба-сөмкелерін сәндеді, әшекейледі.XIX ғасырдың басында мода,сән түбірімен өзгергенде сәнді, әшекейлі, қымбат сөмкелер мен әмияндарды, түрлі қалталарды белдемшенің астына жасырудың керегі шамалы болды, осылай әйелдердің сөмкелері көптің назарына шықты. Ол кезде оны редикуль деп атапты. Сөмкенің кең қолданысқа ие болған уақыты ХХ ғасырдың алғашқы кезеңі

Ал біздің халқымыздың ерте кезден-ақ зат сақтайтын ұлттық жиһаздар түрлері көп. Мысалы, аяққап- ыдыс- аяқ салуға арналған қапшық. Ол киізден тігіледі, бет жағына ою салады, кестеленген мата тігіледі. Кесеқап- ақ киізден конус тәрізді жасайды. Төбесі мен түбінің дөңгеленген тұсына сәндік үшін шашақ тігеді. Жолға шыққанда ыдыс- аяқ салады. Қоржын қатты матадан тігіледі,өрнектеп тоқылады. Қоржынның екі қалтасы, екі басы бар, иыққа асылғанға, аттың еріне асуға ыңғайлы болғандықтан көшпенді халқымыздың тұрмысында кеңінен қолданды.

Бүгінгі күнде сөмке тұрмысымыздағы ең қажетті бұйымға айналды, алуан түрі бар. Әйтсе де ұлттық нақышта, өз қолымыздан тоқып немесе тігіп алған сөмкенің орны бөлек. Себебі, әркімнің ой- қиялы, шығармашылық қабілеті әр түрлі. Осы қабілетімізге сүйеніп, бүгінгі сабақта құрап  сәндік сөмке тігеміз. 

Арқасөмке Рюкзак (ағыл. Backpack). Ең танымал мектеп сөмкесі. Ұзындығы реттелетін жалпақтығы әр түрлі баулары болады. Қаттылығы әр түрлі арқасөмкелер де бар. Мысалы, пішінін өзгертетін жұмсақ арқа сөмке. Мұндай сөмке тек жеңіл әрі жұмсақ заттарды тасуға пайдаланған жөн. 

Ранец. Өзінің формасын өзгертпейді. Мектеп портфеліне ұқсас түрлері де кездеседі. Өте ыңғайлы, бірнеше қалташықтары мен бөлімдері бар. Арқа баулары жалпақ, әрі ұзындығын баланың бойына ыңғайлы етіп келтіруге болады. 

Тележка (rolling bag). Сыртқы түрі чемодан немесе кофр, қосымша конструкциялары, жүк таситын сөмкелерге ұқсас жылжымалы ұстағышы мен дөңгелектері бар. Мектепке көп кітап таситын оқушыларға арналған. Кемшілігі- ондай сөмкелер қымбат, баспалдақтан көтерілу қиын және қоғамдық көліктерде тасу ыңғайсыз. 
Tote. Сөмке Tote – үстіңгі бөлігі ашық, екі тұтқасы бар, көлемі жағынан үлкен сөмкелер, көп зат сияды. Соңғы уақытта үстіңгі бөлігі магнитпен немесе замокпен жабылатын түрлері көп кездеседі. Бұл жоғарғы сыныптың қыздарына стильді түрі болып табылады. Оң жақтары- мұндай сөмкені мектептен тыс тасуға болады. 

Почтальон сөмкесі, – «почтальонка» (messenger bag). Көп зат сиятын, бірақ көлемі ондай үлкен емес жұмсақ сөмке. Бір жалпақ тұтқасы (ұзартып немесе қысқартуға болатын) және үлкен клапаны бар. Мұндай сөмкеге стандартты мөлшерлі оқулықтар мен дәптерлер және А4 форматты қағаздар мен құжаттар, сонымен қатар ноутбук, iPad, мобильді телефон, жазу құралдары салуға ыңғайлы, жоғарғы сынып оқушыларының арасында кеңінен қолданылады. 

Портфель, дипломат. Классикалық стильдегі үлкенлердің құжаттар салатын іскерлік сөмкесіне ұқсатып жасалған. Совет үкіметі кезіндегі ең танымал сөмке. Қазір- ескі модельдер түріне жатады. 

Ноутбукке арналған сөмке. (laptop bag), IPod –дың пайда болуымен сөмкенің IPod bag түрлерінің шығуына себепші болды. (сумка для IPod). Мұның ұзын иыққа асатын және жай ғана қолға ұстайтын тұтқасы бар. Негізгісі бұл сөмке ноутбукті сынудан сақтайтын бөлімдері бар. 

V. Сарамандық жұмыс.

Сарамандық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз.

1.Инені, қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.

2.Қайшыны ұсынғанда ұстайтын жағымен беру керек.

3.Инені тістеуге болмайды.

4.Қайшының ұш жағын жоғары көтерме.

5.Тігін машинасымен жұмыс істегендегі қауіпсіздік ережесін сақта.

Сөмкені пішіп тіккен кезде үнемділік мақсатын қою керек. Нұсқау картаны пайдалана отырып, сөмке тігуге көшеміз. Әр топ өздері дайын арқылы бастырып алып, екіншісі қиып, үшіншісі көктейді, төртіншісі тігіп біріктіреді, алтыншысы бауларын тігіп, әшекейлейді.




























































































































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
2478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі