400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Шымшық"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақтың тақырыбы "шымшық". басқа тәрбиешілерге көмек сабақ ретінде жариялаймын. сабақтың мақсаты мен міндеті айқын көрсетілген, басқаларға тиімді материал деп есептеймін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы МКҚК

«Балбөбек» бөбекжайы «Айгөлек» тобы







Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: Шымшық




Тәрбиеші: Сарманова С Е













Егіндікөл 2021ж қаңтар

Ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Білім саласы: Таным

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметтері: Жаратылыстану. Құрастыру

Тақырыбы: Шымшық.

Мақсаты: Балалардың құстар туралы білімдерін тиянақтау. Дала құстары мен үй құстарының қайда мекендейтінін, немен қоректенетінін түсіндіру.Құстар арасындағы шымшықпен таныстыру, ол туралы түсінік беру.

Шымшықтың басқа құстардан айырмашылығын әңгімелеп, балалардың құстарға деген қызығушылықтарын арттыру. Балаларды құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Құстардың суреттері, шымшықтың суреті, суреттер, слайд.

Әдіс-тісілдері: Шаттық шеңбері, сұрақ-жауап, әңгімелеу, сергіту, өлең тыңдау,тақпақ жаттау, ойындар.

Сабақ барысы: Қозғаушы қызмет түрі

Шаттық шеңбері арқылы амандасу рәсімін жасау, бір – біріне алақандарымен жылулық сыйлау.

Ұйымдастырушы ізденушілік:

- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
- Кім жыл мезгілдерін атап береді?
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

-Сендер қыста қалай киінесіңдер?

-Қыста қандай ойын ойнайсыңдар?

-Балалар көздерімізді жұмып, өздерімізді ормандамыз деп елестетейік және дауыстарға құлақ салып тыңдайықшы. Қандай дауыстарды естідіңдер?

Әрине, бұлар құстардың дауыстары. Құстардың түрлері өте көп. Үй құстары, дала құстары бар. Үй құстары дегеніміз олар үйде адамдардың қамқорлығында болады, адамдар оларды асырайды, қыста жылы қоралар салып, жем суына қарайды. Ал, дала құстары болса олар орманда, таулы аймақтарда және теңіз көлдерде мекендейтін құстар болады. Жыл құстары жылы жақтарға ұшып кетеді екен. Ал біздің ауылымызда қыс мезгілінде қыстап қалатын құстарда бар. Қыстап қалатын құстар олар қарға, сауысқан, көгершін, торғай және шымшық деген құстар. Балалар бүгін біз сіздермен шымшық деген құспен танысатын боламыз. Балалар бұл Шымшық деген құс. Оның дене мүшесі ұсақ, түсі жасыл сарғыш болады. Ол көбіне орманда мекендейді. Ол ұясын ағаш басына салады. Ағашы жоқ жерде ұясын үйдің жарына да сала береді. Ол құрт-құмырсқалармен, дәндермен қоректенеді.

Шымшық торғайға ұқсас келеді. Оның торғайдан айырмашылығы қауырсыны ұзыншалау, түсі жасыл сарғыш.Ол ақпан айында ән салса, қатты шиқылдса көктемнің жақын қалғанын білдіреді, ал күзде ұясын ерте салса қыс қатты болады деп жорамалдайды.

-Балалар шымшықтың бірнеше түрі болады, кане суретке қарайық.

(сурет арқылы шымшықтың түрлерімен танысады.)

Балалар қыста құстарға тамақ тауып жеу өте қиын болады, себебі жер бетін қар жауып жеміс жидектің, дәндердің қалдықтары қардың астына көміліп қалады. Адамдар сондықтан жемсалғыштар, ұялар жасап ағаштарға ілдіріп қояды. Жемсалғыштарға жем салып қояды. Сондықтанда осыны білген қыстап қалатын құстар адамдардың жандарында, үйлердің арасында ұшып қонып жүреді екен. Жем салғыштарды әртүрлі заттардан құстарға ыңғайлы етіп жасайды. Ағаштардан, босап қалған үлкен баклашкалардан жасайды. Ал, балалар сіздерде құстарға көмектескілерің келеме? Оларға жемсалғыш жасап ішіне жем салып қойғыларың келеме? Олай болса бәріміз бірге қағаздан жемсалғыштың үлгісін жасайық. Ол үшін біздерге бос сіренкенің қорабы, жіп, желім, қатты картон қағаз керек болады.

Балаларға жемсауыттың жасалу жолдарын ретімен көрсету, түсіндіру. Қиналып жатқан балаларға көмектесу. Балалармен жеке жұмыс істеу. Болған соң балалар өздері жасаған жұмыстарға қарайды және бір бірлерінікемен салыстырады.

Билингвальды кампонент: торғай –воробей6 сауысқан – сорока, қарға – ворона,

шымшық –синица.

Тілге артикуляциялық жаттығу жасау:

Екі қарға ән айтты қар –қар- қар,

Екі сауысқан ән айтты сақ –сақ –сақ.

Екі шымшық ән айтты шиқ – шиқ – шиқ.

Сергіту сәті:

Мен торғаймын, торғаймын

Суықтанда да тоңбаймын,

Құрт құрмырысқа ширкейден

Бау бақшаны қорғаймын.

-Балалар құстары туралы ертегі тыңдағыларың келеме?

Ертегі: «Құстардың әңгімесі»

Балалар қасық таетр арқылы ертегіні сахналап ойнап береді.

Тосын сый: балаларға көмек сұрап шымшық келеді.

Шымшық: сәлеметсіңдер ме, балалар. Орманда қыстап қалған құстар тамақ таба алмай қиналып жатыр. Оларға тамақ тауып беруге көмектесесіңдерме?

Балалар көмектесемізбе? Олай болса өздеріміз жасаған жемсауытқа дән салып ағаштың бұтақтарына іліп қояйық. Құстар ұшып келіп сіздердің салған азықтарыңды жейтін болады. Міне осылай біз құстарға қамқорлық жасаймыз екен.

Шымшық: рахмет сіздерге.

Балалар, құстарға арналған тыйым сөздер мақалдар бар екен. Кане сол тақпақ пен тыйым сөздерді айтып берейікші

Балалар жаттап келген тақпақ, тыйым сөздерін айтады.

Балжан: Құс ұясын бұзбаңдар,

Балапанын алмаңдар.

Құстар біздің досымыз,

Обалына қалмаңдар.

Інжу: Құстың ұясын бұзба!

Аиша: Құстарды атпа!

Амир: Құстың жұмыртқасын жарма!

Қорытынды:

-Балалар біз қандай құспен таныстық?

-Қандай үй құстарын білесіздер?

-Қыстап қалатын құстарды атаңдаршы?

Балалар бүгінгі оқу қызметімізді құстарға деген алғысымыз арқылы аяқтаймыз

«Жүректен-жүрекке» жылулық шеңбері

Қамқоршы боп жүреміз,

Табиғатқа құстарға.

Аялаймыз оларды,

Жақсы көріп бәріміз

Мадақтау:

Балалар сіздерге құстар алғысын білдіріп суреттерін беріп жіберіпті



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20.02.2023
466
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі