Материалдар / Ашық сабақ "Шымшық пен көртышқан" 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Шымшық пен көртышқан" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2020
490
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Әдебиеттік оқу


Мұғалімнің аты-жөні: Мухаметрахимова А. Е

Күні: 22.12.2020 ж

СЫНЫП:2«В»


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлім

Менің туған өлкем

Сабақтың тақырыбы

Туған жердей жер болмас

Мәтін:Шымшық пен көртышқан ( ертегі )

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.1.1 - шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

2.2.3.1- мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын

анықтау

2.1.5.1 - тірек сөздерді пайдалана отырып мәтінді жеткізу

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:мәтіндегі негізгі ойды табады.

Оқушылардың көпшілігі:мәтін бойынша диалог құрайды.

Кейбір оқушылар:мәтіндегі негізгі ойға сәйкес мақалдарды саптайды

Бағалау критерийлері

- шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады;

- мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтай

алады;

- тірек сөздерді қолдана отырып, мәтінді жеткізіп айта алады.

Ойлау дағдылары

Білу,түсіну және қолдану


Тілдік мақсаттары

Тыңдалым,оқылым.айтылым


Құндылықтарды дарыту

Туған жерін қадірлеуге тәрбиелеу


Пәнаралық байланыс

Дүниетану, жаратылыстану


АКТ қолдану дағдылары

Зум бағдарламасы

Өткен сабақтардан алған білім

Алматы мен Астананы қарашы

Мәтін: К. Ахметова Астана

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

  • Көңіл-күйлерін қалай? (бармақ, саусақтар арқылы ғана көрсетейік)

  • Сабаққа дайынсындар ма?

Көк аспанда күн күлсін,

Ұл қолында ту тұрсын.

Қыз қолында гүл жүрсін.

Көк аспанда күн күлсін.

Өткенді қайталау.

- Біз жуырда қандай мерекені атап өттік ?

- Бас қаламыз қандай қала?

Үй жұмысын сұрау.

«Астана» өлеңін мәнерлеп оқыту. (Аружан)

Оқушылар бір-бірін қол соғу арқылы бағалайды.


Бармақ, саусақтары арқылы көңіл-күйлерін көрсетеді.

Сабақтың ортасы




















Тақырыпты болжау.

Суреттен шымшық пен көртышқанды көрсету.

  • Мынау ненің суреті?

  • Шымшық пен көртышқан туралы не білеміз?

Шымшық туралы мәлімет (Алижан)

Шымшықтың түрлері өте көп, олардың кейбіреулері өзі мекен еткен өңірдің атымен аталып кеткен. Көгілдір сары шымшық сияқты түрлері де бар. Негізінен орманда тіршілік етеді. Шымшық, дене мөлшері жағынана орташа және ұсақ болып келеді.Жасыл сарғыш түсті, оның төбесінде бір шоқ қауырсын- «тақиясы» (айдары) болады.. Шик-шик етіп,бұтақтан-бұтаққа қонып,құрт қоңыздарды, көбелек жұмыртқаларын теріп жейді.

Көртышқан туралы мәлімет (Дарын)

Көртышқан топырақтың жоғарғы кабатын мекендейді. Оның барлық өмірі жер астында өтеді. Жер бетіне інін су басып кеткенде ғана шығады. Олар насекомдардың личинкаларымен, құрттармен қоректенеді. Көртышқандар жылына бір рет көбейеді. Баласының саны 2—8-ге дейін жетеді. Жылына үш рет түлейді.
Көртышқандарды әдемі терісі үшін аулайды.


Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

  • Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Шымшық пен көртышқан» ертегісі.

  • Ертегі деген не? Еске түсірейікші. ( Айша)

Ой қозғау.

Мақалдардың мағынасын түсіндіреді.

1-мақал – Әлмәді

2-мақал – Айару

3-мақал – Нұрали

Айтылым .

Мәтіннің авторы:. Василий Александрович Сухомлинский 1918 жылы Васильевка селосында Херсон жерінде туған.Сухомлинский –орыс жазушысы, дарынды мұғалім, талантты ғалым .


Оқылым.

Мәтінді рөлге бөліп оқыту:

Автор: Ботагоз

Шымшық – Мансур

Көртышқан – Адина

  • Сонымен шымшыққа туған жері неліктен ыстық екен?

( С. Айзере: Балық суында патша, жігіт елінде патша дегендей, шымшық та өз туған жерінде патша.)

Негізгі ойы неде? (Арсен, Айғаным)

  • Алдынғы сабақтарда өткендей туған жер біз үшін өте қымбат, біздің өзіміздің туған жеріміздей, туған еліміздей еш жер, ел жоқ. Сондықтан да біздің Отанымыз өзімізге бәрінен де ыстық.

  • Туған жер жалғыз адамдарға ғана емес, құстарға да, жан-жануарларға да ыстық екен. Туған жеріміздің топырағы, асқар таулары, өзен-көлдері, даласы біз үшін қандай қымбат болса, құстарға да өте қымбат екен. Құстар жылы жаққа, Африкаға ұшып кетеді, бірақ көктемде қайтадан туған жеріне адаспай, өз ұясын тауып келе алады екен. Туған жерінде ұя салып, балапандарын өз жерінде басады екен. Сондықтан құстардың ұясын бұзбау керек. Құстарға әрқашан қамқор болуымыз керек.

Қорытынды:

Тест тапсырмаларына ауызша жауап береді.

  • Неліктен шымшыққа ұшу оңайға соқпайды?




Сабақтың соңы


Үйге: Туған жер туралы әңгіме жазу.


Кері байланыс: бас бармақ арқылы кері байланыс береді.


Рефлексия.

  • Қандай әсер алдындар?










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!