жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Шымшық пен көртышқан" 2 сынып
Пән: Әдебиеттік оқу
|
Мұғалімнің аты-жөні: Мухаметрахимова А. Е Күні: 22.12.2020 ж |
||||
СЫНЫП:2«В»
|
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||
Бөлім |
Менің туған өлкем |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Туған жердей жер болмас Мәтін:Шымшық пен көртышқан ( ертегі ) |
||||
Сабақ түрі |
Жаңа сабақ |
||||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.1.1.1 - шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 2.2.3.1- мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау 2.1.5.1 - тірек сөздерді пайдалана отырып мәтінді жеткізу |
||||
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар:мәтіндегі негізгі ойды табады. Оқушылардың көпшілігі:мәтін бойынша диалог құрайды. Кейбір оқушылар:мәтіндегі негізгі ойға сәйкес мақалдарды саптайды |
||||
Бағалау критерийлері |
- шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады; - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады; - тірек сөздерді қолдана отырып, мәтінді жеткізіп айта алады. |
||||
Ойлау дағдылары |
Білу,түсіну және қолдану
|
||||
Тілдік мақсаттары |
Тыңдалым,оқылым.айтылым
|
||||
Құндылықтарды дарыту |
Туған жерін қадірлеуге тәрбиелеу
|
||||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, жаратылыстану
|
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Зум бағдарламасы |
||||
Өткен сабақтардан алған білім |
Алматы мен Астананы қарашы Мәтін: К. Ахметова Астана |
||||
Сабақтың жоспары |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басталуы 5 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Көк аспанда күн күлсін, Ұл қолында ту тұрсын. Қыз қолында гүл жүрсін. Көк аспанда күн күлсін. Өткенді қайталау. - Біз жуырда қандай мерекені атап өттік ? - Бас қаламыз қандай қала? Үй жұмысын сұрау. «Астана» өлеңін мәнерлеп оқыту. (Аружан) Оқушылар бір-бірін қол соғу арқылы бағалайды. |
Бармақ, саусақтары арқылы көңіл-күйлерін көрсетеді. |
|||
Сабақтың ортасы
|
Тақырыпты болжау. Суреттен шымшық пен көртышқанды көрсету.
Шымшық туралы мәлімет (Алижан) Шымшықтың түрлері өте көп, олардың кейбіреулері өзі мекен еткен өңірдің атымен аталып кеткен. Көгілдір сары шымшық сияқты түрлері де бар. Негізінен орманда тіршілік етеді. Шымшық, дене мөлшері жағынана орташа және ұсақ болып келеді.Жасыл сарғыш түсті, оның төбесінде бір шоқ қауырсын- «тақиясы» (айдары) болады.. Шик-шик етіп,бұтақтан-бұтаққа қонып,құрт қоңыздарды, көбелек жұмыртқаларын теріп жейді. Көртышқан туралы мәлімет (Дарын)
Көртышқан
топырақтың жоғарғы кабатын мекендейді.
Оның барлық өмірі жер астында өтеді.
Жер бетіне інін су басып кеткенде ғана
шығады. Олар насекомдардың личинкаларымен,
құрттармен қоректенеді. Көртышқандар
жылына бір рет көбейеді. Баласының
саны 2—8-ге дейін жетеді. Жылына үш рет
түлейді.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Ой қозғау. Мақалдардың мағынасын түсіндіреді. 1-мақал – Әлмәді 2-мақал – Айару 3-мақал – Нұрали Айтылым . Мәтіннің авторы:. Василий Александрович Сухомлинский 1918 жылы Васильевка селосында Херсон жерінде туған.Сухомлинский –орыс жазушысы, дарынды мұғалім, талантты ғалым .
Оқылым. Мәтінді рөлге бөліп оқыту: Автор: Ботагоз Шымшық – Мансур Көртышқан – Адина
( С. Айзере: Балық суында патша, жігіт елінде патша дегендей, шымшық та өз туған жерінде патша.) Негізгі ойы неде? (Арсен, Айғаным)
Қорытынды: Тест тапсырмаларына ауызша жауап береді.
|
|
|||
Сабақтың соңы |
Үйге: Туған жер туралы әңгіме жазу.
Кері байланыс: бас бармақ арқылы кері байланыс береді.
Рефлексия.
|
|
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген