400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Сын есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға тиер көмекші сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақ тілі 6 - сынып
Мақсаты:
Білімділік: сын есім бойынша алған білімдерін бекіту, өтілген тақырыптарды қайталау, терең меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың тілін, сөздік қорын, ой - өрісін дамыту; сын есімге байланысты тапсырмаларды шапшаң орындауға машықтандыру, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, тапсырманы өз бетінше орындауға дағдылау.
Тәрбиелік: мәтіндермен жұмыс арқылы ән өнеріне баулу, зеректікке тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: интерактивті тақтамен жұмыс, талдау, сұрақ – жауап, түсіндіру.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатысушылығын тексеру)
2. Үй тапсырмасын тексеру (сын есімнің ережесін сұрау, туынды сұрақтар қою)

Карточкамен жұмыс
3. Негізгі сабаққа көшу

Жаңа сабақты түсіндіріп, мысалдар келтіру.
Махамбет Өтемісұлының жырларынан алынған афоризмдермен жұмыс жасау (слайдтармен жұмыс)
Оқушы тақтаға шығып, афоризмдердің мағынасын ашып, өлең жолдарындағы сын есімдерге толық талдау жасайды.
1. Жүйрік аттың белгісі
Тұрады құйрық жалында
Жүйрік - сын есім, негізгі, дара, сапалық, жай шырай
2. Қоғалы көлдер, құм сулар
Кімдерге қоныс болмаған?!
Қоғалы - сын есім, туынды, түбірі - қоға, - лы - сын есім
тудырушы жұрнақ, қатыстық.
3. Алтын тақты хандардың
Хандығынан не пайда?
Алтын тақты - сын есім, күрделі, туынды, қатыстық, - ты - сын есім тудырушы жұрнақ.
4. Асыл ердің баласы
Жауды көрсе шыдамай
Көзін салар қияға
Асыл - сын есім, негізгі, дара, сапалық, жай шырай
Оқулықпен жұмыс.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Диаграммадағы «АҒАШ», «ҚҰНДЫ» сөздерімен тіркесетін сын есімдерді теріп жазу.
Үлгі:
1. Қураған ағаш, пайдалы ағаш, жапырақты ағаш
2. Құнды ой, құнды кітап, құнды мұра

Сергіту сәті: Хормен «Қазақ тілі» әнін орындау

Тақтамен жұмыс (берілген тапсырмаларды орындау)
1. Құндұз бөрік киген бойжеткен киіз үйге бет алды.
2. Ағалы інілі Бейбіт пен Аслан ұзұн жолмен жұріп келеді.
3. Жазды гүнгі мезгіл қандай тамаша!
4. Ұйқұшыл адам сыбағасынан құр қалар.
Тиісті сын есімдерді қойып жазыңдар:
1. Қазақстан... астыққа бай.
2.... ұстазымызды.... демалысқа шығарып салдық.
3.... тіл сүйектен өтер.

Ойтолғау: «Астана – арман қала» тақырыбында шағын ойтолғау жазу. Ішінде сын есім болуы шарт.
Шығармашылық тапсырма:


«Жылдам жауап» жарыс ойыны:

Мысалы: Қандай бала?

Қандай ат?

Сабақты қорытындылау: «Ана тілім» өлеңін жаттау. Сын есімдерді қатыстырып өлең құрастыру.

Бағалау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
529
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі