400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сын есім 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаз қауымға қажет. Себебі, сын есім туралы мәлімет береді. Оқушыға жаңа сабақты жеткізудің тиімді тұстары жазылған. Ұстаз қауымға ұнайды деген сенімдемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: «Атақты тұлғалар»

Күні: 2 тоқсан

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Модератор: Абдрасилова Гулсим Лесбековна

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№ 96. Сын есім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.4.2.3 сөйлемнен сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) табу;

3.3.6.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді белгілей біледі, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;

- сөз таптары кестесін қолданып, сөйлемнен сөз таптарын табады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.

Оқушылардың көбі:

- тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;

- сөз таптарының сұрақтарын қолдана отырып, сөйлемнен сөз таптарын таба алады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады.

Оқушылардың кейбірі:

-тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрай алады;

- сөйлем құрамындағы сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі;

-жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.

Бағалау критерийлері

- тірек сөздерді белгілейді, мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрайды;

- сөздерді сөз таптарына ажыратып, олардың орнын тәртібін біледі;

-каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Сөз таптары, сын есім, дара және күрделі сын есімдер т.б.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Ұлы Отан соғысы туралы не білесің?

Атақты тұлғаға не себепті жатқызамыз?

Құндылықтарды дарыту

Отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу; өнерге баулу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем өнер

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз таптары, зат есім, сын есім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ) Психологиялық ахуал.

«Ой қозғау»

Оқушыларға сұрақтар қойылады:

1. Ұлы Отан соғысы туралы не білесің?

2. Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлер туралы не айта аласың?


ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқып, бағалау критерийлерін бірге құрастырады.

Презентация

Слайд 4

Слайд 2

Слайд 3

Сабақтың ортасы


5-11 минут

























12-15 минут

16-20 минут







21-25 минут



26-27 минут


28-30 минут






31-35 минут

ІІІ. Негізгі бөлім

3.1.1.1 (МК; Ұ; Қ) Тірек сөздерді белгілеу. Ашық және жабық сұрақтарға жауап беру.

Тапсырма 1. Мәтіналды жұмыс. Автор туралы білетіндерін әңгімелеу. Интербелсенді тақтадан Б.Момышұлы туралы бейнероликті тамашалау. Бейнероликте айтылған мәліметтер негізінде тірек сөздерді белгілеу. Ашық және жабық сұрақтар құрастырып жауап беру.

Тірек сөздер: Бауыржан Момышұлы, полковник, дивизия басқарған, халық қаһарманы, батыр қазақ, әйгілі қолбасшы, батальон, қоршаудан алып шыққан, соғыс өнері, тегін сақтап қалған, жалғыз қайраткер, тәуелсіздік, Кеңес Одағының Батыры т.б.

Жабық сұрақтар:

1. Бейнеролик кім туралы?

2. Бауыржан Момышұлының әскери шенін ата.

3. Ол қандай адам болған?

4. Оған өмірден өткен соң қандай атақ берілді?

Ашық сұрақтар:

1. Неліктен Б.Момышұлын батыр қазақ, Халық қаһарманы дейміз?

2. Ол қан майданда не үшін соғысқан?

3. Б.Момышұлының тағы қандай қырларын білесің?

4. Батыр атамыздың «Момышұлы» деген тегін сақтап қалғаны оның қандай тұлға болғандығын көрсетеді?


3.4.2.3 (Ө; Қ) 49-жаттығу. Сын есімдерді тауып, олардың дара немесе күрделі екенін айту.

Тапсырма 2. Мәтінді оқиды. Сын есімдерді тауып, олардың дара немесе күрделі екенін ажыратады.

Тапсырма 3. Мәтіннің авторын, оның кімдер туралы айтып отырғанын анықтайды. Мәтін авторын жоғарыда көрген бейнеролик негізінде дара және күрделі сын есімдерді қатыстыра отырып сипаттайды.

Үлгі: Бауыржан Момышұлы нар тұлғалы, бойшаң азамат болған. Қою қара шашы, қалың қасы ажарын ашып тұрады. Оттай жанары мен шымыр денесі бабасынан, ал ажарлы, сымбатты жүзі әжесінен мұра болып қалса керек.

Тапсырма 4. Шығармашылық тапсырма. Бауыржан Момышұлын сипаттап жазған мәтіндеріне сәйкес портретін салады. Суреттер галереясын ұйымдастырады.


Сергіту сәті!


3.3.6.1 (МК; Ө; Қ) Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазу.

Тапсырма 4. 50-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жазады. Каллиграфиялық нормаларды сақтайды. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. Өзіндік жұмыс орындалады. Қатемен жұмыс жүргізіледі. Өзін-өзі бағалайды.


3.4.2.3 (МК; Ж; Қ) Сөйлемнен сын есімдерді табу.

Тапсырма 5. 50-жаттығу. Өлеңнен сын есімдерді тауып, олар қай заттың сынын білдіріп тұрғанын түсіндіріп, дәлелдейді. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

-сын есімдердің сұрақтарын біледі;

-сөйлемнен сын есімдерді табады;

-дара және күрделі сын есімдерді ажыратады.

Бейнеролик

youtube.com/watch?v=a8H7pmwD04w





Қосымша №1





Слайд 6













Оқулық

62-бет

А4 форматты парақшалар

Түрлі-түсті қарындаштар













Оқулық

63-бет







Оқулық

63-бет


Сабақтың соңы

35-40 минут

(Ө; Қ) Өзін-өзі бағалау

Мен не үйрендім?

Мен үшін не қиын болды?

Мен енді нені үйренуім керек?


Үй тапсырмасы: 51-жаттығу.

Слайд 8


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға үлгілер негізінде жұмыс істеуге кеңес беріліп, бағыт-бағдар көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде жүзеге асырылады.

Өзіндік, жұптық, топтық жұмыстар барысында оқушылардың сын есім, дара және күрделі сын есімдерді ажырата алуы бағаланады.

Топта бірі-бірі тыңдауа және сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтауға көңіл бөлінеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?


Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
20 наурыз
3592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі