Материалдар / ашық сабақ "сын есім" 3 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ашық сабақ "сын есім" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабағым жаңа технология бойынша құрылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2017
1156
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Беккужина Бағила Салыққызы В.И.Шубин атындағы ЖББОМБастауыш сынып мұғалімі Сабақтың тақырыбы:Сын есімСабақтың мақсаты:Білімділігі:Сын есім туралы түсінік беру. Сөз таптарынан сын есімді ажырата білуге, сұрақ дұрыс қоя білуге, сын есіммен байланысты сөздерді табуға үйрету.Дамытушылығы:Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың жаңа техналогияны пайдалана отырып сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Өздігінен жұмыс істей білуге машықтандыру.Тәрбиелілігі:Бір-бірін тыңдай білуге, өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.Әдіс-тәсілдер: АКТ,сұрақ-жауап, сәйкестендіру, топтастыру, постер, доп лақтыру.Көрнекілігі: интерактивті тақта, жеке қима суреттер, доп, фишка, желімСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіОқушыларды сабаққа дайындау. Топқа бөліп алу (қызыл, жасыл алма арқылы)ІІ. Үй тапсырмасын тексеру5-жаттығу 65 бет. Оқушылар бір-бірін тексереді. Парта бойынша өзім тексеріп шығамын.ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
  • Кәмпитке сұрақтар оранып, оқушыларға таратылады. Екі топ бір-біріне
сұрақ қояды. Мен: Сұрақ: Зат есім дегеніміз не? Сұрағы қандай?1т. Жауап: Заттың атың білдіретін сөздер. Кім? Не? Кімдер? Нелер?Сұрақ: Етістік дегеніміз не?2т. Жауап: Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер.Сұрақ: Сын есім дегеніміз не?1т. Жауап: Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздер.Сұрақ: Туынды сөз дегеніміз не?2т. Жауап: Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөзСұрақ: Етістіктің сұрағы қандай?1т. Жауап: Не істеді? Не қылды? Қайтты?Сұрақ: Сын есімнің сұрағы қандай?2т. Жауап: Қандай? Қай?ІҮ. Жаңа сабақИнтерактивті тақтамен жұмыс.
  • Тақтадан ненің суретін көрдіңдер? (Алма)
  • Алмаға сипаттама бергізу. (ассоцация)
(1 слайд)
  • Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?
  • Қандай? деген сұраққа жауап беретін қай сөз табы?
  • Сын есім бізге не үшін керек?
1-жаттығу. Берілген суреттегі зат есімдерге қатысты сын есімдерді тауып жаздырамын. (Бір-біріне доп лақтыру арқылы орындалады) (2 слайд)

2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіртіп, сын есімдерді тапқызып, сұрақ қойғызамын.
  • Құрметті сөзіне мәндес сын есім тапқызу. (сыйлы, қадірлі)
3-жаттығу. Берілген сын есімдерді зат есімдермен тіркестіру. (3 слайд) (Сәйкестендіру арқылы) интерактивті тақта
  • Өздері қалаған төрт сөзбен сөйлем құрастыртам.
4-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқытып, сын есімдерді тапқызып, астын сыздырамын.
  • Ат бауырлар (сөздік жұмыс) дегенді қалай түсінетінін сұрап, өзім толықтырып кетем.
Ү. Жаңа сабақты қорытындылауПостер 1-топ: түсі мен көлемі2-топ: дәмі мен пішіні (бойынша суреттерді таңдап, жапсырып, қорғайды)ҮІ. Үйге тапсырма5-жаттығу. Сурет бойынша мәтін құрастырту. Мәтінге ат қойып, сын есімдерді тауып келу. ҮІІ. Бағалау(Сабақ барысында жақсы қатысқан оқушыларға алмадан жасалған фишка таратып отырамын. Сол фишкалар арқылы бағалаймын)
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!