Сынып: 6
Пәні: Қазақ
тілі
Тақырып: Сын есім туралы
түсінік.
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың сын есім жайлы алған
мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сөйлем ішінен
сын есімдерді табуға, сұрақ қоюға, ажырата білуге
үйрету;
жайлы толық мәлімет бере
отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.
Дамытушылық: түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың ойлау
қабілеттерін, сөздік қорларын, байқағыштық қасиетгерін
дамыту.
Тәрбиелік: Өз
ісіне ұқыпты болуға, әдемілікті, әсемдікті
түсінуге, туған табиғатқа камқорлық жасауға тәрбиелеу, эстетикалық
тәрбие беру.
Сабақ түрі: Қалыпты сабақ.
Әдісі: Түсіндіру,салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау,
бекіту, қорытындылау.
Сабақтың
көрнекілігі:дидактикалық материалдар, кеспе
қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс
жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты
түсіндіру қорытындылау, бағалау.
САБАҚ
БАРЫСЫ
а) Ұйымдастыру
кезеңі.
1.
Сәлемдесу.
2. Кезекші
мәлімдемесі.
3. Журнал бойынша түгендеу.
4. Жаңа сабаққа
дайындық.
5. Үй тапсырмасын сұрау.
б) Өткен сабақта
өтілген ережені сұрау.
-
Қазақ тілінде неше сөз
табы бар?
-
Зат есім
деген не? Мысал.
-
Жалқы есім мен жалпы есім дегеніміз
не?
-
Деректі жэне дерексіз зат есімдер деген
не?
-
Зат
есімнің қандай жалғаулары бар?
Үйге берілген жаттығуды тексеріп болғаннан
кейін, өткен сабақты қорытындылау ретінде I, II нұсқалы
перфокарталар таратылады. Уақыты - 2 минут. Оқушылар орындап
болғаннан кейін
жұптарымен жұмыстарын алмастырып тексереді.
Өздері бағалайды.
-
0
қате-"5"
-
1-2 қате-"4"
-
3
қате-"3"
I нұсқа
|
Зат
есім
|
жалпы
|
жалқы
|
деректі
|
дерексіз
|
негізгі
|
туынды
|
күрделі
|
|
Қойшы
Көкшетау Сезім Айтыс
Балдырған
|
|
|
|
|
|
|
|
II
нұсқа
|
Зат
есім
|
жалпы
|
жалқы
|
деректі
|
дерексіз
|
негізгі
|
туынды
|
күрделі
|
|
Жомарт
Ой
Қостанай
Білім
Мөлдір бұлақ
|
|
|
|
|
|
|
|
6. Оқушылардың берген
жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
ә)Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІ.Оқушылардың назарын
тақтаға аудартамын. Тақтаға төмендегідей сөздерді
жазамын. Заттың сындық қасиеттері:
-
Заттың түрін, түсін: ақ
(қағаз), көк (сия), жасыл (жапырақ).
-
Заттың көлемдік,
аумақтық, салмақтық белгісі: биік (үй), кіші (інісі), қысқа (жіп),
жеңіл (жүк).
-
Заттың дәмін, иісін және
басқа сипаттарын: ащы (пияз), тәтті (тағам).
-
Заттың сапасын: қатты
(ағаш), алғыр (бала)
-
Заттың бағасын: қымбат
(көлік), жақсы (кітап)
-
Заттың сипатын: білімді
(адам), сараң (адам), жалқау (кісі);
-
Заттың орнын, мәнін: кенже
(бала), сүйкімді (бала), қысқы (демалыс)
Сұрақтары: қандай,
қай?
Осы схема бойынша
оқушылар өздері жұмыс істейді. Мысалдармен
дәлелдейді.
III. Жаңа сабақты
түсіндіру.
Қазақ тілі — өте бай тіл.
Оның құрамында әлденеше мыңдаған сөздер бар. Сол сөздер мағынасына,
сұрағына, атқарылатын қызметіне қарай тоғыз топқа бөлініп, соның
бір тобы зат есім деп аталса,
келесі бір тобы сын есім деп аталады. Зат есім заттың, құбылыстың
атын білдірсе, сын есім сол заттың, құбылыстың сын-сипатын,
көлемін, түр-түсін, сапасын білдіреді.
Сын есімнің мынадай
маңызды белгілері болады:
1)
заттың түрін, түсін
білдіреді: ақ (қағаз), сұр (бүлт), қызыл (алма)
т.б.
2)
заттың көлемдік, аумақтық,
салмақтық белгісін, сынын білдіреді: биік (үй), ұзын
(ағаш);
-
заттың сапалық
белгісін, сипатын білдіреді: жақсы (сөз), жаман (ырым), тентек
(бала), зерек (окушы), ақылды (адам);
-
заттың дәміне, иісіне
сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (құрт), тәтті
(тағам), жұмсак, (нан);
-
затқа, кимыл,
іс-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: тасты (жер),
көтеріңкі (көңіл), жазғы (демалыс), аспалы (шам), білімді (жігіт)
т.б.
Сын есім қандай? қай?
деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Желсіз түнде
жарық
ай. Мұнда желсіз,
жарық
сөздері түн
жөне ай
деген
зат есімдердің сынын, сапасын білдіріп, қандай деген сұраққа жауап береді.
Қандай түн? Желсіз түн. Қандай ай? Жарық ай.
Сын есімдердің бірінші
синонимдарін одан кейін антонимдерін
табыңдар
Сұлу- Батыр- Жылдам-
Сабырлы-
Заттың сынын, сипатын,
сапасын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай?
деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сын есім деп
аталады.
(Оқушылардан жекелей
қайталатып сұраймын).
84- жаттығу жұмысының
орындалу шарты мынадай: Қазақстан
Республикасының Туы мен Елтаңбасын суреттеп жазыңдар. Мәтіндеріңде сын
есімнің болуын ескеріңдер.
Келесі тапсырма:
86-жаттығу жұмысы. Бұл жаттығу жұмысының шарты
төмендегідей: Оқып
шығып, өлең жолдарындағы сын есімдерді табыңдар, олардың мағыналық
белгілерін ажыратыңдар.
Келесі орындалатын
тапсырма: 87-жаттығу жүмысының шарты мынадай:
Мәтінді оқып сын есімдерді
табыңдар да, сұрақ қою арқылы қай сөзбен тіркесіп тұрғанын
анықта.
Сабақтың
қорытындысы:
Сұрақ қою арқылы жаңа
сабақты қорытындылаймын.
Оқушылардың білімдерін
бағалаймын.
Үйге тапсырма: 3-тапсырма.
Шарты: Досыңа мінездеме жаз. Қасиеттерін сын есім сөздерді қолдана
отырып ашып көрсет.